планетамызда барлық элементтердің ішінде алтыншы орында алады, оның үлесіне жер қыртысы массасының 2,64 пайызы
тиесілі. Натрий табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі, олардың көбісі адамзатқа ерте заманнан белгілі.Мұхит
суларында
2,8 пайыз шамасында натрий хлориді болады. Ерте кезеңдерде теңіздердің жағасында болатын құбылысты қазіргі кездері
Каспий және Арал теңіздердің жағалауларынан байқауға болады. Суы азайған шығанақтар теңізден бөлініп, онда құрғақ
бірте-бірте тұзды көлдерге айналады.
Металлург:
бос күйде натрий ХІХ ғасырдың басында электр тоғы қолданыла
бастаған кезде алынды. 1807 жылы ағылшын ғалымы Г.Дэви металл натрийді натрий
гидроксидінің балқымасын
электролиздеу арқылы бөліп алған. Қазір тұздардың балқымыларын электролиздеп, натрийді
және басқа сілітілік
металдарды ала бастады.
Географ:
Қазақстанда мирабилит деп аталатын минералдың Na
2
SO
4
* 10H
2
O кен орындары көп.
Тарихшы:
тұздар адамзат қоғамының дамуына әсерін тигізген. Тұз үшін көптеген тартыстар мен соғыстар болған. Мұндай
соғыстың бірі – Солтүстік пен Оңтүстік Американың арасындағы соғыс. Ұзақ уақыт бойы тұз ақшаның орнына жүрген.
Ежелгі Рим әскерлері өздерінің жалақысының жартысын тұз ретінде алатын болған. Абиссинияда 4-5 кесек тұзға бір құл
сатып алады екен. Қазіргі кезде де кейбір африкалық тайпалар нанға тұз сеуіп, өзара шарт жасайды.
Химик:
химиялық
тілмен айтқанда, ас тұзы, яғни натрий хлориді – натрий мен хлордың әрекеттесуінен түзілген күрделі зат. Бәрімізге белгілі
ас тұзын да деп айта береді. Натрийдің ең маңызды қосылыстарының бірі осы ас тұзы, яғни NaCl.
Дәрігер:
адам ағзасында
200 граммнан көбірек ас тұзы болады, бұл тұз барлық жасушалардың, қанның, өттің т.б. сұйықтықтардың құрамына кіреді.
Асқазан сөлінде болатын тұз қышқылы да осы ас тұзынан түзіледі. Тұз жетіспеген жағдайда ағзаның барлық қызметі
бұзылады, әртүрлі аурулар пайда болады, әсіресе жүйке жүйесі зақымданады. Өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін ас тұзы
өте қажет.
Достарыңызбен бөлісу: