ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
«Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
10 «А» сынып оқушысы Сұлтан Арман
Ғылыми жетекші: география пәнінің Жұмадилова Зулфия
Кіріспе
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға,
өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа
соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс
ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына
ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам
санасының эрозиясының нәтижесі.
Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы
"экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардың
өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем
алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми
прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың
жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық
зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.
Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі
экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар
ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы,
жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом
құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық
өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам
денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін
немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с. туындайтын
сәулелер де адамға әсер етеді.
Өсімдік - тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына
бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан
тазартады. Өсімдіктер ауада ауру түдыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.медицинада алатын орны
үшан-теңіз. Сондықтан әсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |