Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет323/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Қазақ хандары:
Керей хан, Жәнібек хан, Абылай- хан, 
Таукехан, Кенесарын.........
Билері
: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек 
би..................
Батырлары:
Алатау батыр, Бөгенбай батыр, 
Жалаңтөс батыр, Жәнібек батыр, Наурызбай 
батыр, Райымбек батыр, Қабанбай батыр, 
Қарасай батыр.................
Дәптерге хандар,билермен 
қаһармандардың есімдерін 
жазып алады
суреттер
«Мыға шабуыл»
-Биыл қазақ хандығының неше жылдығын атап
өтеміз?
«Тарихқа назар 
салайық»бейне 
-ролик
«Қазақ хандығы»
-Осы тамашалап отырған бейне -жазбадан 
кейін сіздің қандай ойыныз бар?
Сын тұрғысынан ойлап жауап 
береді.
Бейне-жазба 
Сергіту сәті 
Музыкамен қымылдар жасайды.
Музикамен қимылдар жасайды.
Үнтаспа 
«Интервью»
Әр топтан бір оқушыдан интервью алу.
Әр топтан бір оқушы интервью 
береді
Кері байланыс
-Бүгінгі сабақ сізге үнадыма?
-Несімен үнады?
-Сіз қалай ойлайсыз қазіргі мемлекетті 
басқаруда билердің көмегі қажет-пе?
Сабақ тұралы түсініктерін 
айтады.
Бағалау 
Топті және оқушыларды бағалап , бағаларымен
таныстыру.
234


Қорытынды.
Үйге тапсырма беріп сабақты қорыту.
Үйге тапсырма: мәтінді оқып өз түсініктерін 
баяндап береді, жаңа тақырыпқа дайындалып 
келеді.
Үйге тапсырманы түсініп, 
белгілеп алады.
ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ҰМТЫЛУ – ҰСТАЗ МІНДЕТІ
Шымкент қалалық білім бөлімініңбастауыш сынып әдіскері
Халиева Бағила Ермекқызы
№103 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Турсунжанова Ляззат Назиржановна
ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы
білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын
дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.
Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім
беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа
идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман
талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру
бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстандық
білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен
мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар
мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне
байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың
парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар
алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді
қолдану мүмкіндігі берілген. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова),
«Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев) пән сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б
технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үрдістеріне кеңінен ендірілуде. Оқыту әдістерінің кез
келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты.
Деңгейлеп оқыту технологиялары баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин, тағы
басқа ғалымдар осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Ж.Қараевтың «Үш
өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына,
психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің (Эрик Рустем, 
Сьюзон Шуман) бірлескен еңбегі; Бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л. Выготский, теорияларын басшылыққа алған. Сын 
тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзеледі.
ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында елімізде білім сапасын арттыру бағытын жүзеге асыру 
мақсатында ұстаздардың біліктіліктерін арттыру мәселесін көтерді. Осы бастаманың негізінде Кембридж университетінің 
бағдарламасы бойынша ҚР-да «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске 
асыру мақсатында «Педагогикалық шеберлікті арттыру» тақырыбында үш айлық курс жұмыстары жүргізіліп келеді. Үш 
айлық курстың міндеті-ұстаздардың шеберлік деңгейі мен белсенділік, табыстылық нәтижелерін шыңдап, мектептегі оқу-
тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеру.
Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер 
ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай 
алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль 
арқылы ұсынады.
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.
Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді.
Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре 
түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза 
алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Негізгі мектеп үшін, барлық мектептердегі 
оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Жоғарғы мектеп түлектері қазақ,
орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігінен зерттеу және 
ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруге тиіс. Қазіргі мемлекеттік бағдарламаларда Назарбаев Зияткерлік 
235


мектептерінің білім берудегі озық іс-тәжірибелерінің ең үздік үлгілерін еліміздің барлық білім беру мекемелерінде кіріктіру 
көзделген.
Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру- сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай 
білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында 
тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім 
беру кеңістігін жасау. Өз білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен 
пайдалана білу, зертеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған 
міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді 
енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына 
септігін тигізеді.
Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту идеясы Я.А.Коменскийден басталады.Ұлы дидактика атты еңбегінде: «Бір-
бірімен байланысы бар заттар, сол байланысты көрсетіле отырып оқытылуы қажет», - деген болатын. Қазіргі таңда 
кіріктірілген бағдарламалар оқу-тәрбие процесін технологияландырудың бірден-бір шарты болып табылады.
Дамыған елдердің білім беру жүйесінде мынадай тенденциялар байқалып отыр:
- білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы;
- білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген модельдердің жасалуы;
-білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы; 
-жаңа білім технологияларының енгізілуі; 
-оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне 
көшуі; 
-терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
-ұрпаққа азаматтық – патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру
ролінің күшейтілуі, білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі ролінің артуы. Әлемдік білім беру жүйесіне 
негізделген осындай басым бағыттар ұрпақты озық, саналы дара тұлға деңгейінде қалыптастырады.
Жаңа бағдарлама «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы Кембридждің Халықаралық 
емтихан кеңесінде бірлесе отырып құрастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет