Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Есірткіге еліріп, ессіздене егілген ерлер!



Pdf көрінісі
бет325/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Есірткіге еліріп, ессіздене егілген ерлер!
Елін еріткен естияр ересектер емессіздер ме, еншілеріңдегі ел ертеңіне
елеңдеуліміз. Ертеректегі есіл ерлеріміз еншімізге еркіндік елін, еркіндік ертеңін ерттеді емес пе? Ендеше елірмей,
есеңгіремей, ешкімге, ешнәрсеге еріктіленбей, еліңнің ертеңінің еселенуіне есті ердей ерінбей, ептілікпен еңбек ет!
Есірткіге елегізіген еліктей еркелеріміз!
Етектеріңізді елпеңдетіп, ебелең еттіңдер, есірткіге естеріңді ессіздендіріп,
еңселеріңді еңкейттіңдер. Ертеңіміздегі есті, екпінді, еңбексүйгіш, еркелігімен еліткен, емізік емізген еркетотайларды емін-
еркін емес, еміс-еміс елестетеміз...
Ертеде ел мен елді елдестірген, елін еншілегендермен егесіп, ерлердей ереуілдеп, ерен еңбектерімен еленген, елеулі
еркелеріміз ел есінде ме екен?... Ендігі еліктеріміз еркекшораланып, еріксізден-еріксіз есірткіге есіріп, есеңгіреп,
ессізденген. Есірткіден есі еркін, еркелігімен еліткен еліктеріміз ертегідегідей ерекше.
Ерлеріміз елірмей, еркелеріміз елбеңдемей, езгендерге езілмей, есірткіқұмарларға ермей, есірткімен егілмей, егеменді 
елімізде еркінсейік. Енді-енді еңселенген еліміздің ертеңін еңкейтпейік ...!
Ерікті, еңбекқор, екпінді, есті ерлеріміз бен ерке еліктеріміз еселенсін! Ертеңімде елімді есірткісіз елестетемін...
* * * * * * *
«АРМАНЫ БОЛҒАН БАБАМНЫҢ, ЕРКІНДІК БҮГІН ТӨРІМДЕ»
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі
Габбасов Нұрлыхан Асылбекұлы, 6-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Бектенова Лаззат Базарбаевна 
Бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 25 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда
қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар - ел қорғау
соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістер және қазақ деген халықтың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ
жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық
дәстүр 1991 жылдың желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Бұл тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегені анық.
... Біздің қазақ не көрмеді десеңші?! Моңғолдың да, жоңғардың да, қалмақтың да, орыстың да тепкісіне ұшырады.
Қанша ауыртпалылық көрсе де біздің қазақ мыңына шыдай білді. Бірақ тәуелсіздігімізден айырылуға мәжбүр болдық.
Қазір ойлап қарасақ, Кеңес одағына 70 жылдың үстінде бодан болыппыз. Әрине, аз уақыт емес. Сол кезде тіліміз - ғаріп,
дініміз - тәрік, халіміз мүшкіл, өзіміз міскін халге ұшырадық. Толықтай орыстануға сәл-ақ қалғанда, 1991 жылы 16
желтоқсанда Алматы қаласындағы жас студенттеріміз үлкен көтеріліске шыққан еді. Олардың арасында өзімізге танымал,
ауыр жазаға кесілген Қайрат, Ербол сияқты батырларымыз, Сәбира, Ләззат сынды қаракөз қыздарымыз болды. 
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! – деп Мұхтар Шаханов жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы 1991
жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Ал, мұны дүниенің
жаратылысы мен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл күн
ешқашанда ұмытылмайтын, құнды бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық. 
Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы. Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа
кестірген кезден бастап, осынау жылдардың бедерінде айшылық жерді алты рет аттатқан алып секілді, дәуір жалынын
мығым ұстап, тізгінің бекем қаға білді"- деп елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өркениетті даму жолына түсті. 
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің
жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты
Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. 
"Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа
мемлекет пен қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ,
бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі
биіктей беретініне сенемін." – деген көшбасшымыз сенім білдірсе, тәуелсіз елдің еркіндік сүйер ұрпағы ретінде мен де
болашағымызға үлкен үміт артамын.
Ендігі жеңіс те, ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын
биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын
таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет деп ойлаймын.
237




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет