6. Тұт -
субтропиктік өсімдік. Тұт ағашының жіңішке тамырын қазып,
өзегімен кептіреді.Оны ұнтақтап
суға салып қайнатып, ауызды шайса тіс түбінен аққан қанды тоқтатып,
босаған тісті бекітеді. Сол сияқты өт жолының қабынуын, бүйрек, көкбауырдың жұмысын жақсартады.
7. Жалбыз
– көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Оның түрлері көп. Қазақстанда оның 2 түрі кездеседі – қара жалбыз, ақ
жалбыз.
Жалбыз (мята) шөбінің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан білген. Жүздеген ауруға ем деп айтады.
Бойға күш-қуат беретін қасиеті бар, қуық-несеп жолдарының қабынуын жазады.Сонымен қатар, жалбызды басқа дәрілік
шөптерге қосып, өкпе туберкулезіне де қолдануда.
Жарақатқа, іріңді сыздауыққа, қотырға жалбыз тұнбасын жағып, таңып тастаса, тез жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: