Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет339/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Пайдаланылған әдебиеттер:
 
1. Г.С.Калинова, А.Н.Мягкова. Методика обучения биологии //М.: «Просвещение», 1989.
2. Ю.П.Лаптев. Рассказы о полезных растениях //М.: «Просвещение», 1982.
3. // Қазақстан мектебі, №11-12, 1992.
4. Биология. // «Атамұра», 2002.
5. //Биология, География, Химия, №11-12, 1999.
6. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том
7.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет.
* * * * * * * * *
«ҰЛЫ МОҒОЛ ИМПЕРИЯСЫ»
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Ізденуші: Тайжан Гүлнар 10 «а» сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Есалиева Роза тарих пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: 
«Ұлы Моғол империясы»
Бағыты:
Қоғамдық-гуманитарлық
Секция:
Тарих
I. Кіріспе
Зерттеу мақсаты:
Ұлы Моғол империясы туралы,астанасы мен тарихы, негізін салушы Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр
туралы толық түсінік, ақпарат,мәліметтер беру 
Зерттеу нысаны:
Ұлы Моғол империясы
Ғылыми болжамы:
Ұлы Моғол империясының тарихын зерттеу
Өзектілігі:
Ұлы Моғол империясының құрылуын,негізін салушы Бабыр және оның ұрпақтарының өмір жолымен таныстыру
Зерттеу тәсілдері:
ақпарат жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу. 
II.Негізгі бөлім
II. 1.Ұлы Моғол империясының құрылуы
Моғол әулеті, ұлы Моғолдар әулеті – 16 – 19 ғасырларда Үндістанды билеген әулет. Негізін салушы – Заһир әд-Дин
Мұхаммед Бабыр. Темір әулетінен шыққан, әкесі Омар Шейх (1456 – 95) Әмір Темірге туажат, анасы Құтлұқ Нигар ханым
Жүніс ханның үлкен қызы. Бабыр Ферғананың әмірі болды. 1504 жылы Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақ
тайпалары Бабырдан Ферғананы тартып алды. Ол өзіне берілген жауынгерлермен оңтүстікке жылжып, Кабулды иеленді.
1512 жылы Бабыр әскерлері Самарқандты басып алды. Бірақ келесі жылы жеңіліп, кейін қайтты. Содан кейін Бабыр түркі
тайпалары мен ауғандықтарды бастап Үндістан жерін жаулауға кірісті (1518 – 19, 1524 – 25). Ол кезде Үндістан бытыраңқы
ел болатын. Оның солтүстік аймақтарында мұсылмандар билеген бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Өзара қырқыстағы
билеушілер Бабырға сүйенбек болып, оны көмекке шақырды. Бабыр қолы 1526 жылы Панипат жазығында Ибраһим ІІ-ні,
1527 жылы раджпуттарды жеңіп, Пенджаб, Лахор, Дели, Агра жерлеріне ие болды. Сөйтіп, Бабыр және оның ұрпақтары
Ауғанстанның тең жартысын, Үндістанның солтүстігін, орталық аймақтарын біріктіріп, ірі империя құрды. Олар
Моғолстаннан шыққандықтан Үндістанда және Еуропада ұлы моғолдар деген атпен аталды. Моғол әулеті билеген кезеңде
Үндістан әлемге әйгілі болды. Оның белгілі сұлтандары: Бабыр (1526 – 30), Құмайын (1530 – 56), Акбар (1556 – 1605),
Жаһангер (1605 – 27), Жаһан шаһ (1627 – 58), Аурангзеб (1658 – 1707), Баһадүр шаһ (1707 – 12), Жаһандар шаһ (1712 – 13),
Фаррух Сий-Сийяр (1713 – 19), Насыр әд-Дин Мұхаммед (1719 – 48), Ахмад шаһ Баһадүр (1748 – 54), Әзиз әд-Дин Аламгир
ІІ (1754 – 59), Жәлел әд-Дин Әли Жауһар шаһ Алам (1759 – 1806), Акбар ІІ (1806 – 37), Сираж әд-Дин Баһадүр ІІ (1837 – 58).
18 ғасырдың ортасында ұлы моғолдар империясы ыдырай бастады. Ақырғы сұлтан Баһадүр ІІ Үндістан халқының
ағылшындар үстемдігіне бағытталған көтерілісін басқарды. Көтеріліс басылған соң оның ұлдары ағылшындар қолынан қаза
тапты, ал Баһадүр ІІ Бирмаға айдалып, сонда қайтыс болды.
Ұлы моғолдар империясы — Үндістан аумағында өмір сүрген ірі мемлекет (1526 — 1858) Дели сұлтандығы ыдырағаннан
кейін құрылған. Негізін Темір әулетінен шыққан Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр қалады. Бабыр мен оның ұрпақтары
Моғолстаннан шыққандықтан үнділіктер (оларды “мухгал” деп атаған) мен еуропалықтарға Ұлы Моғолдар деген атпен
белгілі болды. Ұ. М. и. барынша ұлғайған кезінде аум. оңт-ндегі шағын князьдіктер мен патшалықтардан басқа Үндістан
түбегін түгелге дерлік қамтыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет