II. 4.Бабырдың ұрпақтары
1507 ж. мамырда Шайбани хан Әмудариядан өтіп, Хорасан жеріне барады. Темірдің соңғы әулеті Сұлтан Хұсайын
мырзаның елордасы — Герат дұшпан алдында әлсіздік көрсетеді. Шайбани Гератты жаулап алып, өзінің жаугершілік
жолында Иран шекарасына жетеді… Ал, Иран шахы Исмаил Шайбанидің бұл қылығын ұнатпайды. 1510 ж. Исмаил
Хорасан жеріне жорық жасайды. Осының алдында ғана, 1508 ж. қазақтар мен моғұлдардың бірігіп күш көрсетудің
нәтижесінде Шайбани бастаған әскерлер Сырдария бойында үлкен жеңіліске ұшыраған еді. Сондықтан олар Иран
әскерлеріне қарсы керісуге жарамайды. Мұны сезген Шайбани өзінің аз ғана адамдарымен Мерв қаласына барып тығылады.
Бірақ кейінгі бір ұрыста Шайбани қаза тауып, әскерлері талқандалды. Сөйтіп Гератты Иран шахы Исмаил басып алады.
Осы кезде Бабыр өзінің ең қауіпті дұшпаны Шайбанидің қаза тапқанын естіп, өзінің бұрынғы патшалығын Шайбани
әулетінен қайта тартып алу үшін әрекет жасайды. Осы мақсатпен ол Иран шахына ұсыныс жасайды. Шах бұған келіседі.
Сөйтіп Бабыр Кабулдан қалың қолмен аттанып, Әмудариядан өтіп, Хисарға келеді. Қарсылық көрсеткен [[Шайбани әулеті|
Шайбани әулетініңъъ отрядтарын қиратып, Мауреннахрдың көптеген бөлігін (Хисарды, Кулыбты, Кундузды, Бадахшанды)
басып алады. Сөйтіп, Самарқанға қарай бет алады. Осы жорықта Бабырдың қасында жүрген оның туған бөлесі, «Тарихи-
Рашиди» кітабының авторы Мұхаммед-Хайдар Дулатидің айтуына қарағанда, қатал көшпеліліерді жеңіп шыққан Бабырды
Самарқан халқы қуанышпен қарсы алады. Оның жолына жібек кілем төсейді. Көшелер қызыл гүлге бөленеді.
Сөйтіп 1511 ж. Бабыр Самарқанға салтанатпен кіреді. Бірақ Бабардың Иран шахы Исмаилмен одақтас болуы
самарқандықтарды қатты мазасыздандырады.
Мешітке Хутба оқылып, онда Бабырды падишах деп дариялайды.
II.5.Бабырнама
Тарихи шығарма, Орта Азия халықтарына ортақ құнды мұра. Авторы – Моғол империясының (1526–1258) негізін қалаған
Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Түркі (шағатай) тілінде 1526–1930 жылы жазылған. Кітап – Темір әулеті құрған
мемлекеттердің құрылымын, әдет-ғұрпын, салт-санасын және топонимикасын зерттейтін тарихшы, этнограф, географтар
үшін және орта ғасырда түркі тілінде жазылған әдеби, ғылыми шығармаларды зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен
тіл мамандарына қажетті құнды еңбек. «Бабаранамада» мәліметтердің молдығы, тілінің байлығы жағынан ерекше туынды.
Шығарма Темір әулетінің билік құрған ұрпақтарына тарихи мінездеме бере отырып, 15–16 ғасырлардағы Ферғана,
Хиндустан аймағындағы (бүгінгі Орта Азия мемлекеттері, Ауғанстан, Пәкстан, Үндістан) елдерінің, халықтарынының
тарихы, Темір әулеті мен Мұхаммед Шайбани арасындағы, Моғолстандағы тақ таласы, билік және жер үшін жүргізілген
соғыстар жайлы егжей-тегжейлі сөз етеді. Үлкенді-кішілі қалалардың (Ақсикент, Кабул, Шаш, Бұхара, т.б.) салынуы,
архитектурасы, қирауы, Сырдария, Жетісу бойындағы елді мекендер туралы жазады. Орта ғасырлардағы Алмалық
(Жаркент түбінде), Алмату (Алматы), Янги (Таразкент) қалаларына тоқталып, бұлардың моңғолдар мен Шайбани әулеті
билеушілерінің кесірінен қирағаны айтылады. Бұл қалалар маңында бау-бақшалар, түрлі жабайы жемістер, Орта Азия мен
Үндістан тауында жан-жануарлардың ондаған түрлері болғандығы баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |