Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет340/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Астанасы б
астапқыда Агра, соңынан Дели қалалары болды. Сұлтандық билік мұрагерлік жолмен жүзеге асырылып,
сұлтандар шексіз билікке қол жеткізді. Олар бағындырылған аумақтарды өздері қойған билеушілер арқылы басқарды.
II. 2.Панипат соғысы
1526 жылдың қарашасында Бабыр 12 мың кісілік қолмен Пенджабқа кіреді де, Делиге қарай бет алады. Осы жылдың 21
сәуірінде Панипат маңында Үндістанның тағдырын шешкен үлкен ұрыс болды. Бұл кезде Бабыр ысылған қолбасшы болып
қалған еді. Ол қызылбастардың зеңбіректерімен соғысып және көшпелі өзбектердің «толғама» атты әскери тактикасын
шебер меңгерген болатын. Міне, осы ұрыс әдістерінің нәтижесінде Бабыр 12 мың әскермен Дели патшасы сұлтан Ибрагим
Лодидың 40 мың кісілік қолын жеңіп шығады. Үндістанды басып алуға Бабыр 14 жыл дайындалған болатын. Сонымен,
Үндістан Бабырдың екінші отанына айналды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмыстар жүргізді, аса күрделі құрылыстар салды,
елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз маңына топтады. Жаңа Үндістанды құрушы, ұлт көсемі ретінде тарихқа
245


енген мемлекет қайраткері, жалынды публицист Джавахарлал Неру өзінің әйгілі "Индияны ашу" деген кітабында Бабырды
"жылы жүзді, батыл, іскер жан, өнер мен әдебиетті бағалай білген қайраткер" ретінде сипаттап, ол туралы зор құрметпен
сөйлейді. Ол Бабыр билеген дәуір жөнінде айта келіп, "бұл кезде Үндістанда үлкен игілікті өзгерістер өмірге келді. Жаңа бір
леп есіп, мұның өзі өнер, сәулет, тағы басқа мәдениет салаларын құлпыртып, жасартып жіберген еді» деп жазады.
II. 3.Падишах Бабыр
Захиредден Мұхамед Бабыр
 «Бабыр»
есімінің парсы тілінен мағынасы «арыстан, қолбасшы, барыс»
[1]
 — моғол және үнді
ел билеушісі, сардары, Ұлы Моғол мемлекетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы.
[2]
1483 ж. ақпанның
 
14 қазіргі Ферғана
 
уалаятында туған.
Оның
әкесі
Омар
Шайхы — Ақсақ
Темірдің шөбересі, Ферғананың әмірі еді. Ал Бабырдың шешесі — Құтлық Нигар ханым Моғолстан ханы, Шыңғыс
хан әулеті Жүністің қызы болатын. Бабыр және қазақтың тұңғыш тарихшысы Мұхаммед Хайдардың шешелері — бірге
туған, апалы-сіңлілі адамдар болған. Демек, Бабыр мен Мұхаммед-Хайдар — бөле болып келеді.
1494 ж. Омар Шайхы қайтыс болады да, Ферғана әмірінің орны бос қалады.
Осы кезде Омар Шайхының інісі, Самарқан әмірі Ахмет мырза осы орынға ауыз салып, Ферғана әмірінің тағына таласады.
Алайда, Омар Шайхының беделді бектері оған қарсы шығып, Омар Шайхының 11 жасар баласы Бабырды Ферғана әмірі деп
жариялап, асығыс таққа отырғызады. 
Бабыр үкімет басына келген кезде, Самарқан, Бұқар, Ташкент, Әндіжан,  Хисар,  Қабылды  билеуші Темір тұқымдары өзара
жауласып, бір кездегі аса қуаттыАқсақ Темір империясын әбден әлсіреткен еді. Міне, осындай аса ауыр жағдайда үкімет
басына келген бала Бабырдың көп майданда күрес жүргізуіне тура келді. 
Ол бір жағынан өзінің туған қаласы Әндіжанды өзінің немере ағасы Ахмет мырзаның шабуылынан сақтап қалуға тиіс болса,
екінші жағынан, өзі отырған тағына өз туысы Жиһангер мырзадан қорғап қалуға тура келді. Өзін Шыңғыс
хандығының мұрагері, Әмір Темірдің әулеті санаған Бабыр Мауреннахрда бір орталыққа бағынған ірі мемлекет құрып,
Темір ұрпақтарының әр жерге шашырап жүрген әскери күштерін бір қолға топтастырмақ болды.
Осы кезде Самарқан мен Бұхара әмірі Сұлтан Ахмет мырза қайтыс болып, оның артында ұрпақ қалмады. Осыған
байланыстыСамарқанда Темір әулеттерінің арасында таққа талас басталды. Осыны пайдаланған солтүстіктегі көшпелі
өзбектер ханы —  Шайбани хан өзінің қол астындағы адамдарын жинап алып, дереу Самарқанға қарай шеру тартады.
Алайда самарқандықтар туған қаласын ерлікпер қорғап қалады. Бірақ ол уақыт
өткізбей, Қаршы және Шахрисәбіз қалаларына бет алып, оларды жаулап алады да, бірден Бұқарға беттейді. Үш күн
қоршауға шыдай алмаған Бұқар бектреі қаланы Шайбаниге беріп қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет