9-тақырып. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата26.03.2022
өлшемі0,95 Mb.
#136914
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-Лекция
философия эссе, ақ орда қазақ хандығының негізі, тәрбие сағаты, Торыбайұлы Мерей


9-тақырып. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы 
 
9.1. 
X-XVІІғғ. қазақ хандығының құрылуы -ұлттық мәдениеттің 
қалыптасуының негізі.
9.2.
XVІІІ-XIХ ғғ. қазақ мәдениеті яғни ақын-жырау, би-шешендер 
шығармалары 
9.1. 
X-XVІІғғ. қазақ хандығының құрылуы – ұлттық мәдениеттің 
қалыптасуының негізі.
Қазақ хандығы бүгінгі Қазақстан Республикасы мен 
көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір 
сүрген 
мемлекет. Қазақ 
хандығы 
Еділден 
Жайыққа 
дейінгі 
территорияны, Сырдария мен Әмудария өзендерінің аралығын, Хорасан 
жерін қамтыған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы –
Кенесары Қасымұлы болды.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан 
кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың 
тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен 
кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты 
нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек 
пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинаған 
және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен 
шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы 
күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан 
өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- 
оның ұлы Шайх-хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд 
сұлтан болды. 
Астана қаласындағы Жәнібек пен Керей мүсіні

Aстана 1 маусым. 2010 ж. 
Қасым хан кезеңі.
VI-XVII ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы 
едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге 
асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым 


ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және 
экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ 
халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, 
солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы 
Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (
Шу

Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, 
Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды.
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ 
заңдары жасалды. 
Хақназар хан кезеңі.
Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) 
тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті 
нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын 
бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар 
қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи 
деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол 
осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу 
мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. 
 
Тәуекел хан кезеңі.
1582
жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа 
Тәуекел (1582-1598 жж.) отырады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел 
ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан 
төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, Абдолла Тәуекел 
ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни 
Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. 1594 жылы 
Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған 
Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Орыс мемлекеті 
Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан 
орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 
жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. 
Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл 
кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол 
өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың 
патшасы» деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет