9-тақырып. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата26.03.2022
өлшемі0,95 Mb.
#136914
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-Лекция

Төле Әлібекұлы
(1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы 
жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би 
болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз 
қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Өз заманында 
Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз 
халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына 
сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған.
Төле би заманы қиын кезеңде жаугершілікте өткен. "Ол кезде қазақ пен 
жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді. Тәуке ханнан кейін қазақ 
хандығының ыдырай бастауына байланысты Төле би ендігі жерде Ұлы 
жүзді билеп, жоңғар басқыншыларына тәуелді болды. Оларға алым-салық 
төлеп түрғанымен Төле би саяси билікті өзінше жүргізді. Қазақ 
қауымдарын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдары езгісінен азат етудегі 
оның қызметі айтарлықтай. Кейбір деректерге қарағанда, Абылай 
сұлтанның көтерілуіне Төле би ықпал жасаған.Төле бидің түйесін жайып 
жүрген Сабалақ атты баланың қалайша Абылай батыр (кейін хан) 
дәрежесіне жетуін ел әлі күнге дейін аңыздап келеді. Қазақ халқының 
жоңғар шапқыншылығын жеңуде Төле би шешуші рөл атқарғаньі тарихтан 
белгілі. Әсіресе қазақ халқының "Ақтабан шұбырынды" кезінде ол 
Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек тағы да атақты батырлармен 
бірлесе, ақылдаса отырып, қалайда жауды жеңіп шығудың жолдарын 
қарастырып, азаттық майданды өзі тікелей басқарды.
1740 жылы жоңғар қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары 
Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен 
қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. 
Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында 


қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел 
басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр: 
- Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, - деген пікір айтады. Қарабекке 
ашуланған Төле би: 
Атадан ұл туса игі,Өзі біліп тұрса игі. 
Ата жолын қуса игі.Жаудан бұққан немені, 
Өзіне келер ұятын,Ортасынан қуса игі! - 
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң 
айналасындарыларға қарап: 
Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар... 
Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға, 
Қол боларлық елің бар, Еркек болып туды деп, 
Атадан қалған жолың бар, Мына сені кім айтар? 
- Құлдық ұрсаң дұшпанға 
деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға 
қарсы күш біріктіріпті деседі. 
Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай екі кедей жігітке құдық қаздырады. 
Құдық қазылып біткен соң жігіттер байдан ақысын сұрайды. Бай олардың 
біреуіне - саулық, екіншісіне қозы береді. Екінші жігіт оған наразы 
болады. Төлеге келіп шағым айтады. Төле байға құдық қазған екі адамның 
еңбегі бірдей екенін айтады. Бірақ құдық иесі өз дегенінен қайтпайды. 
- Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем? - дейді байға. 
- Ешқайсысының кемдігі жоқ. Екеуі де бірдей. Сөзіңізге жығылдым, биеке! 
Өкпелі жігітке қой берейін, - депті амалы құрыған бай. 
Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары 
ел арасына мол таралған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол 
айтып кеткен билік сөздер жөнінде кезінде Ш.Уалиханов, Россияның А. 
Левшин, Г.Потанин, А.Диваев және совет дәуірінде Б.Адамбаев, Ә. 
Мәметова, М.Қалдыбаев және осы еңбектің авторы, т.б. фольклоршы, 
тарихшылар да жинастырып, зерттеген. Қазақстанның мемлекеттік архиві 
мен Ғылым академиясындағы қолжазбалар қорында ел арасынан 
жинақталған материалдар да баршылық. Халық аузында хатқа түспеген, 
жинала қоймаған Төле би мұралары де жетерлік. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет