Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-
ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының
даналық
қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-
ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен
нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”,
“Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар
басына
қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”,“Биік тауға
жарасар” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл
сөздерді келтіруге болады.Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде
бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп
лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-
арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.
Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі Абылай ханның бас кеңесшісі
болған кез.
Бұл бір киын, «Ақтабан шұбырынды», ел басына күн туған,
елдің елдігі сыналатын кезең еді. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр
кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-
сәуегейліктің үлгісін көрсеткен.Бұкар жырау
шындықты бетке айтатын
батылдығымен де дараланады. Бірде Абылай көршілес орыс еліне қарсы
жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау оның немен тынатынын болжап,
халық үшін қатерлі жаугершілік жолынан сақтап қалады.
Абылайдың асып-тасқанын,
жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа
қалмағанын есіне салатын:
Ей, Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай үл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшаға
Қызметші болып тұр едің —
Қалтақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін, Төле билердің
Түйесін баққан құл едін...
Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді
жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын
көргенде, олардың бұзық
пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан
сақтануға шақырған.Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында
Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады.
Достарыңызбен бөлісу: