ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық,
зорлық-зомбылыққа
өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу
арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн
төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой);
егер әйел ерін өлтірсе
өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен
ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан
босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7
есе артық төленеді;
егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
Абылай ханның тұсында
Қазақ хандығы
1742 жылы 20 тамызда Ор
қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ,
қазақтардың Кіші, Орта және
Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ
пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды.
Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ
қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын
қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы
идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
Қазақ жерін
қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастаған қазақ жасақтары
1750 жылы жауды Жоңғар қақпасы маңында оңдырмай талқандады.
Абылайдың билігі кезеңінде Сарыарқа даласында Қазыбек би (1667-1763)
және Бұқар жырау (1668-1781 ж. ) үлкен рөл атқарды. Казыбек би, Тәуке,
Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқаруға белсене
араласты. Абылайды жоңғар тұтқынынан босатып алуда ерен еңбек
сіңірген Қаз дауысты Қазыбек би Абылай хан билікке келген кезеңнен
бастап мемлекет ісіне белсене катысты. Ол ханның бас кеңесшісі және
беделді би болды.
Абылай
хан ескерткіші
- Көкшетау қаласында
орнатылған.
1999
жылы Абай көшесі Орталық алаңда, облыс
әкімшілігінің ғимаратына
қарама-қарсы салынған. Ескерткішті сомдаған мүсінші - Ю.Баймұқашев,
архитектор – Т.Жұмағалиев. Үстіне шапан жамылған, басына биік бөрік
киген, кеудесінде хан мөрі ілінген бейне түрінде кескінделген. Қас
бетінде : «Абылай 1711 - 1781 ханға мәңгі риза халықтан» деген жазуы
ойылып жазылған. Ескерткіш биіктігі - 5 м, тұғыры - 14 м қоладан
құйылған.
Алматы қаласындағы Абылайхан даңғылындағы Абылайхан ескерткіші.
Мүсінші:С. Баймағамбетов, С,Ералиев. 2000 ж.
Қазақ хандығындағы кезеңдерді өздерінің
шығармаларында яғни қазақ
поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз жырау, Доспамбет жырау,
Жиембет бейнелеп берді. Ал қазақтың хандарының жанында қалың қолды
бастаған қазақ батырлары да болғаны әрине тарихтан белгілі. Батырлар
жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы:
Қобыланды батыр жыры, Ер
Тарғын жыры, Алпамыс батыр жыры, Ер Сайын батыр жыры, Қамбар
батыр жыры
және т.б.Батырлар жыры халық өмірінің тұтас бір дәуірін
жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы
жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен
тартыстарды бейнелеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: