өте асқан шеберлікпен өз өлеңдерінде көрсете білді. Өлең жолдарынан
Исатайдың сыртқы портретіне мінезі мен ақылы сай, басқалардан
анағұрлым ілгері адам етіліп суреттелумен қатар, осы үзіндінің өзінде
ақынның Исатайға жүрегін жарып шыққан жылылықтың лебі де бетке
үргендей сезіледі.Махамбет Исатайдың шынайы бейнесін сөзбен, жырмен
суреттеп шығып, тарихи тұлғаны халыққа өткір тілмен жеткізіп
берген. Махамбет қай кезде, қандай жағдайда болсын, Исатай жөнінде өз
пікірін үлкен ізетпен айтады. Ол әрдайым Исатайға зор құрмет көрсеткен
адам. Махамбет өлеңдерінде өзі туралы сөйлегенде: «Исатай деген ағам
бар, ақ кіреуке жағам бар», – деп өзін мейлінше кішіпейілді, көп қосынның
бірі есебінде санайды. Яғни, көтерілісті басқаруда да Исатаймен бірдей
бола тұра, Махамбет Исатайдың қасында өзін кіші санайды. Исатайды
ардақтап, төбесіне көтереді, Исатайдың өліміне қайғырып, оны
жоқтағанда, Махамбеттің аузындағы отты сөздері арқылы оның қатты
қайғырғанын көреміз. Мысалы, жырда:
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсым қолым жетер ме, Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным көп болды-ау Саған да менің арманым! Кермиығым кербезім!
Керіскідей шандозым. Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім! Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым! Теңіздей терең ақылдым» Тебіренбес ауыр мінездім!
Достарыңызбен бөлісу: