Реферат тақырыбы: Синтаксис терминінің мағынасы. Синтаксис пәнінің объектісі, мазмұны. Орындаған: Мергенбай Сезім Тобы: фи-18-5К Қабылдаған: Әділбекова Жеңісгүл шымкент 2020 Жоспар



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,79 Kb.
#96833
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Мергенбай С. 18-5К. Реферат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Филология» факультеті
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Синтаксис терминінің мағынасы. Синтаксис пәнінің объектісі, мазмұны.
Орындаған: Мергенбай Сезім
Тобы: ФИ-18-5К
Қабылдаған: Әділбекова Жеңісгүл

ШЫМКЕНТ 2020


Жоспар:

1. Синтаксис және оның зерттеу объектісі


2. Сөздердің синтаксистік байланысу тәсілдері мен түрлері
3. Сөздердің байланысу түрлері
4. Қорытынды
5. Мысалдар
6. Пайдаланылған әдебиеттер


Синтаксис терминінің мағынасы. Синтаксис пәнінің объектісі, мазмұны


1. Синтаксис және оның зерттеу объектісі.
Тілдің синтаксистік құрылымы – тілдік деңгейде басқа тілдің бірліктерден жоғары сатыда тұратын, олардың бәрін өз ішіне қамтитын күрделі тұлға.
Қазақ тілінің синтаксистік құрылымы ХХ ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап жүйелі зерттеу нысаны болып келдеі. Синтаксистің алғашқы ізін салу, оның жекелеген мәселелерін зерттеу А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алып, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде тұтас кешенді тұрғыдан қарастырылады, солардың негізінде жоғары оқу орындарына арналған алғашқы оқулықтар жазылды. Одан кейінгң кезеңдерде қазақ тілінің синтаксистік жүйесі одан әрі терең зерттеле бастады: мақалалар, монографиялар, диссертациялық жұмыстар түріндегі көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді.
Тіл білімінде әлі де толық зерттелмеген, көптеген мәселелері жөнінен талас пікірлері мол сала – снтаксис. Бұны орыс және шет ел тіл білімі мамандарының өзі мойындайды. Ал тюркологияда, оның бір тармағы қазақ тіл білімінде әлі зерттеуді қажет ететін кешірек қолға алынған сала.
«Синтаксис» термині грек тілінен алынған – «syntaxus» – қоспа, біріктіру деген мағына берген. Бұл сөз алғаш сөздердің бірігуі, қосақтлуы деген мағына берген. Бұл сөз алғаш сөздердің бірігуі, қосақталуы деген мағынада қолданылып, кейіннен тілдің синтаксистік құрылысы және оны зерттейтін ғылым деген ұғымдарға жіктелді.
Тілде сөздік құрам бар және грамматикалық құрылыс бар. Т№ілдің лексикалық материалы болып табылатын сөздер тілдік қолданысқа біріккен кзеде грамматиканың заңдары мен қағидалары бойынша ұйымдасып жасалады.
Егер морфология сөздің мағынасы мен формасын сөздің ішіндегі қарама-қарсылықтың элементтері ретінде зерттесе, синтаксис бір сөздік тұлғамен және одан да ірі тілдік тұлғалар өзара тілдескенде пайда болатын мағыналарын зерттейді. Басқаша айтқанда, морфология жеке сөздердің құрылысын, өзгерісін зерттейтін болса, синтаксистің пәні – өзара байланысты сөздер тобының (сөйлеудің) құрылысы.
Бірақ бұл пікірге қазіргі тіл білімі бірден келген жоқ, оның ұзақ тарихы бар.
Грамматикалық ой-пікірдің даму тарихына көз жүгіртетін болсақ, синтаксис ілімін құруда, оның қызметі мен міндетін анықтауда үш түрлі бағыт болғанын білуге болады.
І. Синтаксисті логикаға негізделген сөйлем және сөйлем ммүшелері туралы ілім ретінде құру.
ІІ. Синтаксисті сөз тіркестері, сөздердің өте кең мағынада түсіндірілетін бірлестіктері (тіркестері) туралы ілім ретінде құру.
ІІІ. Ясинтаксисті сөйлем туралы ілім мен сөз тіркесі туралы ілімнің бірлігі (синтезі) ретінде құру.
Антикалық дәуірдің грамматиктері синтаксисті сөйлеудегі жеке сөздердің тіркесі туралы ілім деп қарады.
Ал, кейіннен, тіл білімінде логикалық мектептің үстемдік етуіне байланысты (өкілі Ф.Н.Буслаев) синтаксистің міндеті сөйлеудегі логикалық категорияларды табу деп білді (байымдау, субъекті, предикат, оъекті) – снтаксистің пәні формальды логикалық негізде құралған сөйлем туралы ілім деп қаралды.
Кейінірек формальды-грамматикалық бағыттың өкілдері синтагма теориясын дамытып, синтаксистің объектісі – сөз тіркесі және сөз тіркесінің бір түрі болып табылатын сөйлем деді (Ф.де Соссюр, Ш.Балли, Л.Тенъер, Ф.Ф.Фортунатов, А.А.Реформатский, т.б.). Бұл көзқарастың жақтаушылары әлі де бар.
Синтаксистің объектісін соңғы, үшінші тұрғыдан қарау, қазір кең етек жжайған, ХХ ғасырдың басында қалыптасқан көзқарас. Орыс тіл ғылымында бұл теория (синтаксистің пәні – сөз тіркестері дәне сөйлем туралы ілімдердің бірлігі деп қарау) а.а.Шахматовтың, А.М.Пешковскийдің кейінірек В.В.Виноградовтың еңбектерінде дамытылды. Кейінірек синтаксист ғалымдарды көпшілігі (М.Балақаев, Мм.Закиев, Н.Ю.Шведова, А.Н.Гвоздев) осы көзқарасты қолдады.
Синтаксис – қазір күрделі ғылым саласы. Оның объектілері сөз тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем әртүрлі салада зерттеліп келеді. Бұған қос соңғы кездері сөйлемнен ірі бірліктердің синтаксистік құрылысы қарала бастады. Сонымен синтаксистің зерттелетін объектілері үшеу, соған сәйкес, синтаксистің үш бөлімі бар.
І. Сөз тіркесінің синтаксисі.
ІІ. Сөйлем синтаксисі.
ІІІ. Мәтін синтаксисі.
Сөзі тіркесінің синтаксисі жеке сөздердің синтаксистік қасиетін зерттейді, сөздердің бір-бірімен тіркесу ережелеррін анықтайды.
Сөз тіркесінің синтаксисі – жалпы тілдік жүйеде лексика-морфологиялық деңгеймен синтаксистік деңгейді жалғастырушы аралық өткермелі саты.
Сөйлем синтаксисі – жалпы тілдің жүйеде сапалық жағынан жаңа саты. Ол тілідң мәнін, коммуникативтік-функционалдық маңыздылығын анықтап береді.
Мәтән синтаксисі – пікірталасудың бірлік тұлғасы болғанымен, сөйлем тілде кіші, жеке буын ретінде ғана мәнді. Ол құрылымдық жағынан да қастынас жасаудың (коммуникация) жалпы міндеттеріне бағынады. Яғни өзінің ерекшелігіне тек басқа буындармен (сөйлемдермен) байланысу арқылы ие болады. Сондықтан өзіндік жеке сөйлемдердің өзінен ірі тұтастықтарға бірігу заңдылықтарын зерттеудің мәні зор.
Сонымен, мәтін синтаксисі жеке сөйлемдерден ірі, өзіндік құрылымдық ерже-заңдары бар тұлға-бірліктерді зерттейді.
Жалпы алғанда, синтаксистің зерттеу объектісі – сөздердің байланысы, сөз тіркесі, сөздердің тіркесі, сөздердің тіркесу амал-тәсілдері, түрлері, сөйлем сөйлемді құру тәсілдері, түрлері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен жолдары, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, т.б. мәселелелер.
Жалпы тілдік жүйеде тілдің синтаксистік жағы айрықша мәнге ие. Ол жоғары сатыдағы құбылыс, ойды бейнелеу үшін лексикалық материалдарды таңдап алу жеткіліксіз, сонымен бірге сөздер мен сөз топтарының арасындағы байланысты дәл және дұрыс табу керек.
Синтаксис ғылымы, бір жағынан, сөздер мен сөз тұлғасын байланыстырудың ережелерін зерттесе, екніші жағынан, құрамында сол ережелер жүзеге асатын күрделі бірліктерді зерттейді.
Синтаксистің ең кіші тұлға-бірлігі – сөз және оның тұлғасы. Соңғылары морфологияныі зерттеу объектілері. Демек, олар морфология мен синтаксисті байланыстырушы тұлға-бірліктер. Мұның өзі синтаксистің морфологиядан жоғары тұратын тілдік деңгей екенін байқатады. Сонымен қатар, синтаксистің өзі күрделі, көп салалы деңгец болып келеді, өз ішіне күрделілігі әртүрлі объектілерді біріктіреді.
Синтасис қазір жан-жақты тармақталып жіктелген, күрделі, көп салалы ғылым түріне айналды. Оның кейбір мәселелері қазір кеңейтіліп, кейбір мәселелері жаңаша қаралуда.
Синтаксистің негізгі ұғым-категорияларына:

  • Синтакситік тұлға-бірліктер;

  • Синтаксистік байланыстар (салалас, сабақтас);

  • Синтаксистік қатынастар (предикативтік, атрибутивтік, адвербиалдық, объектілік);

  • Синтаксистік құралдар;

  • Синтаксистік тұлға;

  • Синтаксистік мағына жатады.

Синтаксистік қатынас – синтаксистің негізгі фуедаментальды ұғымы. Синтаксистік қатынас дегеніміз - синтакситік тұлғалардың өзара мағыналық әрі тұлғалық байланысынан пайдда болатын синтаксистік мағына.
2. Сөздердің синтаксистік байланысу тәсілдері мен түрлері.
Сөздердің байланысу тәсілдері синтетикалық (қосымшалар арқылы), аналитикалық (сөз тәртібі, интонация), аналитка-синтетеикалық (септеулік шылаулар арқылы) болып бөлінеді.
Сөздердің байланысу түрлері салаласа байланысу және сабақтаса байланысу болып басты екі топқа бөлінеді.
Сабақтаса байланысудың бес түрі: қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу болса, олардың әрқайсысының тұлғалық, мағыналық белгілері бар.
Сөздерді байланыстыратын тәсілдер
Сөздер тіркескенде өзара синтаксистік байланыста болады. Ол байланысқа негіз болатын сөздердің мағынасы. Сөддердің арасында мағыналық байланыс болса ғана тіркеседі. Синтаксистік байланыс дұрыс болғанмен, мағыналық байланыс болмаса сөз тіркесі жасалмайды. Мысалы: көк шөп (дұрыс), темір шөп (дұрыс емес).
Сөйтіп сөз тіркесіндегі сөздердің байланысы әрі мағыналық, әрі синтаксистік бірлікте болуға тиіс.
Қазақ тілінде сөздерді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік амалдар мыналар:

  1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік).

  2. Шылаулар (септеулік мен жалғаулықтар).

  3. Сөздердің орын тәртібі.

  4. Интонация (дауыс ырғағы).

Синтаксистік байланыс – сөз тіркесін құраудың да, сондай-ақ мәтін құраудың да ең басты құралы. Өйткені, тұлғалық, мағыналық жақтарынан өз үйлесімін таппаған жеке сөздер, сөз тіркесін де, сөйлемді де ал сөйлемдер мәтінді құрай алмайды.
Сөйлемдегі сөздердің байланысы түрліше грамматикалық амал-тәсілдердің көмегімен жүзеге асады. Мұндай амалдар өздері жалғанған сөзінне әртүрлі грамматикалық мағына үстейді, жалпы сөйлемнің табиғатымен үндесіп жатады.
Жеке сөздердің байланысы – синтаксистегі ең басты мәселе. Жеке сөздердің байланысын да мағыналық, тұлғалық үйлесімділік болу керек. Олай болмағанда жеке сөздердің байланысы шашырандылық, мағынасыз түсініксіздіктің аясында қалып қояр еді. Мысалы, үйге келдің деген бөлшекті үйдің келдім деп айтуға болмас еді. Демек, сөйлем құрамында сөздер өзара байланысты жұмсалу үшін, жеке сөздердің өзі ең алдымен мағыналық үйлесімділікте жұмсалу керек.
Жеке сөздер бьайланысы морфологиялық (жалғау, шылау) және синтаксистік амал-тәсілдер (орын тәтібі, интонация) арқылы жүзеге асады. Сөйлемдегі сөздер байланысында, әсіресе, алғашқы жол айрықша. Олардың қолдаылыу өрісі кең. Бұжан морфологиялвқ амалдардың сөздер байланысында синтаксистік сипат алатынын көреміз. Морфология саласында олар морфологияға тән заңдылықтармен тексерілсе, синтаксисте сөздердің байланысы негізінде қарастырылады.
В.Г.Адмони: «Самый факт и характер соединия слов может выявляется такими грамматическими средствами, которые имеют непосредственно не синтаксический, а морфологический характер. Система падежной флексий, например, изкчаст исключительно большую роль в выражении синтаксических отношений, так же как личные оканчания галагола. Таким образом, синтаксис, образуя такие формы связы между словами, синтаксические формы как согласование и управление опирается на морфологическую форму». (Синтаксис современного немецкого языка. Л. 1973, 6-б)
А.Ысқоқов «жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әрқилы аса жалпы қатынастарды білдідереді де, сол қатынастардың түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді». (Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.1974, 40-б)
1) Жалғаулардың ішінде ептік жалғауларын жеке сөздерді өзара байланыстыруда ең бір өнімді амал деп қарастыруға болады.
Септік жалғаулары өзі жалғанаған сөзін басқа сөздермен байланыстырып қана қоймай, сонымен қатар өзі жалғанған сөзге қосымша мағыналық рең қосады. Мысалы, ауылға келдім (белгілі бағыт), ауылдан келдім (шыққан жердің мекені). Мұндай мағыналық құбылыстар сөздердің өзара үйлесе жұмсалуы негізінде туып отыр. Тілдегі форма мен мағынаның бірлігі осыдан көрінеді.
Септік жаулғауларының кейбір ерекшеліктері:
1.Өзі жалғанған сөзді келесі сөзге бағындырады;
2.Зат есімдерден басқа сөз таптарына жалғанғанда оларды заттандырады (жақсыдан шапағат, жаманнан кесапат).
Демек, септік жалғаулары жалғанған сөзін басңқы сөзге бағындырып тұрады, сондықтан оларды баеғындырушы тұлға дейді. Басқа жалуғаулар – тәуелдік, көптік, жіктік ондай қызмет атқара алмайды.
2) Тәуелдік жалғаулары өзі жалғанған сөзді өзінің алдында тұратын ілік жалғаулы сөзбен байланыстырады. Бірақ өзі жалғанған сөзін екінші сөзге тікелей бағындыра алмайды. Сондықтан тәуелдік жалғауларының үстіне септік жалғаулары жалғанып, ол сөздерді басқа сөздер жетектеп тұрады (кітаптың бетіне жазды).
3) Көптік жалғау да сөздерді тіркестіруге қатысады, бірақ ол да бағындырушы тұлға бола алмайды.
Сендер келдіңдер – мұнда бастауышқа көптік жалғау жалғанғандықтан, баяндауыш көптік жалғауында тұр.
4) Жіктік жалғауы. Мұны көптеген авторлар «баяндауыштық жалғау» деп атайды. Оның себебі – олар әр уақытта баяндауыш болған сөзге жалғанады да, жалғанған сөзінің баяндауыштық қызметін айқындап, оны бастауышпен байланыстырады.
Мен көрдім, мен студентпін.
Жіктік жжалғауы есім сөздерге жалғанбай айтылуы да мүмкін.
Сен – студент.
Мен – жұмысшы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет