Реферат тақырыбы: Синтаксис терминінің мағынасы. Синтаксис пәнінің объектісі, мазмұны. Орындаған: Мергенбай Сезім Тобы: фи-18-5К Қабылдаған: Әділбекова Жеңісгүл шымкент 2020 Жоспар



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,79 Kb.
#96833
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Мергенбай С. 18-5К. Реферат

3.Сөздердің байланысу түрлері.
1. Қиысу – сөйлемнің негізгі ұйымдастырушы екі бас мүшесінің – бастауыш пен баяндауыштың арасында болатын байланыс. Қазақ тілінде бастауыш қай жақта болса, көбінесе баяндауыш та сол жақта болады. Етістіктен болған баяндауыш әр жақта жалғауы өзгеріп, әр уақытта жақ жалғауын жалғап айту арқылы қиысады.
2. Меңгеру – сөздердің сөйлемде өзара септік жалғаулары арқылы байланысуын немесе бір сөздің екінші бір сөзді белгілі септік жалғауында тұруға міндетті етуі.
Етістіктердің меңгеруі тілімізде бұрынна бар болса, есімдердің меңгеру – тіл дамуының нәтижесі. М.Балақаев меңгеретін сөздің етістіктен, есімнен не екеуінің бірігіп жасалуына қарай үш түрін ажыратады:
Етістікті меңгеру (терезені ашты), есімді меңгеру (оқуға ықыласты), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, жұртқа күлкі болды).
Матасу – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің ілік септік жалғауында, басыңқы сөздің тәуелдік жалғауда тұрған грамматикалық байланысы. Мысалы: ағаштың жапырағы, жақсының ісі. Енді мен сол жүректің сөйлеуін тілеймін.
Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысуы. Қабыса байланысатын сөздердің барлығы дерлік тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды. Мысалы: қызық кітап, мәдениетті адам, үшінші қабат. Тегенеге шағын ыдыстармен сабадан тасып құйған қымызды мырза құлаштай сапырды.
Сөз тіркестері тіркесу жолына қарай тікелей тіркес және сатылы тіркес деп екіге бөлінеді. Осы ерекшелік қабысуға тән. Тікелей қабысуда бағыныңқы сыңардағы әрбір сөз басыңқы сыңармен өз бетінше байланысуға қабілетті болады. Мысалы: мөлдір таза ауа, ұзын сұлу кірпік. Сатылай қабысуда алдымен екі сөз тіркесіп бір ұғымды білдіреді де, өзара жігін жазбай келесі сөзбен тіркеседі: бір тонна көмір, қой көзді жігіт, қылқан жапырақ ағаш.
Жанасу – сөздердің жалғаусыз орын тәртібі арқылы бірде алшақ, бірде іргелес тұрып байланысуы. Мұның қабысудан айырмасы – тіркескен сөзінен алшақтап араға сөз салып та тұра алады. Шарықтап ұшу – шарықтап көкке ұшу; ертең бару – ертең бірге бару. Асқар өмірден тосырқап қалғанын енді сезді. Асқар енді өмірден тосырқап қалғанын сезді. Күн бата Еркебұлан келді. Кешеден бері Отарбайдың мінезі түсініксіз болып кетті. Әлсін-әлсін желкесін қаси берді.
Қлоытындылай




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет