ТұЛҒаның психикалық денсаулығын зерттеудің кейбір аспектілері



Дата08.02.2022
өлшемі15,23 Kb.
#121592
Байланысты:
Лек 8 Психология


Халықаралық туризм және меймандостық университеті
ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ
Орындаған:Габдушева Жансая
Қабылдаған:Ералина Айгуль
Группа:ХИТ 21_08
Халықаралық және ішкі туризм факультеті


Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы.

Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгейді көрсетуге болады:

Психофизиологиясының саулық деңгейі (орталық жүйке жүйесінің қызметімен, жағдайымен анықталады);

жеке психологиясының саулық деңгейі (психикалық іс-әрекітінің жағдайымен, қызметімен анықталады);

тұлғасының саулық деңгейі (адам қажеттіліктері мен әлеуметтік орта талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады);

Қазіргі уақытта ағзаның жағдайын мынандай сатыларға бөлген: 


1. Денсаулық – патогендік, физикалық, психикалық және әлеуметтік бейімделулер, өмір жағдайына байланысты өзгерулері. Осыған ағзаның бейімделуі. 
2. Сыртқы ортаға әсері – яғни адамның қоршаған ортасындағы әр түрлі өзгерістерге әсері. Өзгерістерге физикалық және психикалық өзгерістер жатады. Ағза осы өзгерістерге бейімделе алуы тиіс. 
3. Аурудың алдындағы жағдайы – патологиялық процесс, әсер ету факторы, өзін-өзі дамыту жағдайы болып табылады. Бұл екі сатыда жүреді: 
• Ағзаның өмірге қажетті гомеостазы, яғни жүрек ауруларының, спецификалық аурудың алдын-алу.
• Белгілі бір органның гомеостазының, механикалық компенсация әсерінен туындаған аурудың алдын алу. 
Этологиялық ауруларды оқыту жолдарында детерменизм принципі ең басты орынды алады. С.С.Гурвич, В.П.Петленко және Г.И.Царегородцевтің айтуы бойынша, детерменизм принципін қолдану ол – аурулардың пайда болуы, нақты жағдай және ауруды тудыратын себептерге байланысты қолданылған. 
Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда болады. Ол адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Олар: 
• Әлеуметтік жағдай: 
Эндогендік – ол индивидуалдық-психологиялық тұлға ерекшелігі
Экзогендікке – өмір жағдайы, кері әдеттері (привычка) әлеуметтік микроклимат жатады.
• Әлеуметтік – биологиялық жағдай. Тұлғаның ішкі жағдайына - тәжірибенің жеткіліксіздігі, білім алуы, психикалық процесіне -есте сақтауы, сенсомоторикасы ең басты қажетті қасиеттері болып табылады. 
• Биологиялық жағдайы. Эндогендік - инерттілігі, жоғарғы нерв жүйесінің тұрақсыздығы, оң жарты шарының жеткіліксіздігін басқара алу функциясы, артериялықтың дәл еместігі жатса, экзогендікке – морфофункциялық, гентикалық себеп-салдарды жатқызған.
Денсаулық психологиясы - бұл биология, психология, мінез-құлық және әлеуметтік факторлардың денсаулығы мен ауруына қалай әсер ететініне бағытталған мамандық . Медицина психологиясы мен мінез-құлық медицинасын қоса алғанда, басқа терминдер денсаулық психологиясы терминімен бірге қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет