Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі


Өндірістік зақым мен аурудың негізгі себептері



бет3/21
Дата20.09.2022
өлшемі0,5 Mb.
#150117
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
2-практикалық-жұмыс-Енбек-қызметімен-байланысты-жазатайым-оқиғалар-мен-қызметкерлер-денсаулығының-

Өндірістік зақым мен аурудың негізгі себептері


Бірқатар зақымның себептері өндірістік қауіпті және зиянды факторлар болып табылады.
Қауіпті өндірістік фактор - әсерін тигізуі қызметкердің енбекке қабілеттілігінен уақытша және тұрақты айрылуына (енбек жарақатына немесе кәсіби ауруына) немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.
Зиянды өндірістік фактор - оның әсері «қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор.
МЕСТ 12.0.003-76 табиғи әсері бойынша өндірістік қауіпті және зиянды факторлар келесі топтарға бөлінеді:
Өндірісте қауіптіліктер мен зияндылықтар жиынтығы әсер етеді. Жазатайым оқиғаның себебі мен зақымдаушы факторды айыра білу қажет. Зақымдаушы фактор тікелей зақым туғызады, ал жазатайым оқиғаның себебі еңбек қорғау бойынша нұсқаулар мен ережелерді және стандарттарды бұзу нәтижесінен деп есептеледі.
Жазатайым оқиға әр түрлі себептер нәтижесінен болуы мүмкін: техникалық, ұйымдастырушылық, санитарлық-гигиеналық, психологиялық және физиологиялық, сондай ақ жеке қорғану құралдарының жоқтығынан (арнайы киімдер, етік, көзілдірік, респиратор) немесе жеке қорғану құралдарын сапасыз ұстағандықтан.
Техникалық себептерге жатады: машина, механизмдер, құралдар мен саймандардың конструктивтік кемшіліктері және олардың ақаулығы; желдету, оқшаулау және қоршау қондырғыларының ақаулығы, жетілмегендігі немесе жоқтығы; электр қондырғыларын жерге қосу немесе нөлдендіру; құбырлардың тығыз қосылмауынан газдар мен улы сұйықтықтардың ағуы т.б.
Ұйымдастыру себептеріне әкімшіліктің кінәсінен еңбек қорғау ережелерін бұзу жатады - бұлар жүмысшыларға енбек қорғау бойынша оқыту мен нұсқауларды уақытылы немесе сапалы жүргізбеу; еңбек қорғау бойынша нұсқаулардың жоқтығы; жүмысшылардың еңбек қорғау талаптарын орындауы жөнінде бақылаудың жоқтығы; жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылмауы; топтық жұмыстарды ұйымдастырудағы, жүмысшылардың арнайы киім және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуіндегі кемшіліктер; жұмыс түріне сәйкес емес техника мен құралдарды қолдану, еңбек және демалыс тәртібін, сондай-ақ технологиялық процестерді бұзу т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет