Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажетті де мәнді әсерлерді таңдауы белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сергектігі арасындағы байланысынан болады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі(А.А.Ухтомский) жетекші мәнге ие.Доминанта түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап,уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді.
Бұл үлкен ми сыңарлары қыртысында екі процестің қазу және тежелу процестерінін, болып отыратындығы туралы айттық. Адамның зейіні бір нәрсеге ауса, бұл демек, оның ми қыртысында қозу ошағы пайда болды деген сөз. Мидың басқа учаскелері бұл кезде тежелу куйінде болады. Бұл нерв процестерінің индукция заңы бойынша болып отырады. Сондықтан бір нәрсеге көңілі ауған адам бұл кезде басқа еш нәрсені байқамауы мүмкін. Павловтың сөзі бойынша үлкен ми сыңарларының оптимальдық қозудағы учаскесінде жаңа шартты байланыстар оңай жасалады.