Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



Дата01.03.2022
өлшемі126,16 Kb.
#133794
Байланысты:
Есеп


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Электр жабдықтарын пайдалану» кафедрасы


ЕСЕП
Өңдірістік тәжірибе бойынша

Тақырыбы: ЭТС шаруашылығының қызметін талдап,орнату ұсыныстарды көрсетіп және қортынды жасау


Тексерген;
аға-оқытушы
Оразбекова.А.К.
Орындаған:
18-17 топ студенті
Жеткерген А.
Нұр-Сұлтан 2022
Жоспары:
Кіріспе…………………………………………………………………………….....
1. Электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау………………….
1.1 Электр жабдықтардың монтаждаудың жалпы сұрақтары Электр монтаждық ұйымдардың құрылымы және оның құрылысын ұйымдастыру туралы қысқаша мәлімет………………………………………………………
1.2 Өндірістегі инженерлік дайындық…………………………………………..
1.3 Электр монтаждық жұмыстардың өндірісінің техникалық құжаттары мен жалпы шарттары……………………………………………………………….
1.4 Электр монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру…………………………….
2. Электр станциялардағы және қосалқы станциялардағы электрлік жабдықтардың техникалық эксплуатациясын ұйымдастыру және оның міндеттері. Жалпы мәліметтер………………………………………………..
2.1 Техникалық эксплуатацияның міндеттері…………………………………..
2.2 Техникалық эксплуатацияның ұйымдастырушылық құрылымы………….
2.3 Техникалық эксплуатацияның мазмұны…………………………………….
2.3.1 Оперативті жұмыстың мазмұны…………………………………………..
2.3.2 Электр қондырғылары жөндеу……………………………………………
2.3.3 Электр жабдықтарды қабылдап алу, өткізу және профилактикалық сынау…………………………………………………………………………
Қорытынды…………………………………………………………………………
Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………...

Кіріспе

Мен 18-17 топ студентіЖеткергенАсетҚайырғалиұлы өндірістік практиканы Нұр-Сұлтан қаласында «SAT-NS» ЖШС-де өттім.
Өндірістік практиканың мақсаты. Практиканың мақсаты релелік жүйелерін пайдалану және құрылғыларын, энергетикалық жүйелерді автоматтандыру, релелік қорғаныс пен автоматика құрылғыларының жоспарлы – профилактикалық жұмыстарын өткізу кестесімен танысу және оларды өткізу кезіндегі практикалық дағдыларды алудан тұрады.
Осы мақсатқа сәйкес практиканың міндеттері арнайы курста оқып – үйрену кезінде алған теориялық білімдерін толықтыру және бекіту болып табылады, сонымен қатар:


  1. өндіріс жағдайларында электрлік станциялар мен қосалқы станциялар және электрлік тораптардағы релелік қорғаныс пен автоматика құрылғыларын жобалау мен пайдалану қағидаларын студенттермен оқып үйрену;

  2. станциялардың басқару жүйелерін электрлік жабдықтаудың принципиалды электрлік сызбасын құрау;

  3. станциялардағы электрлі жабдықталған басқару жүйелерін пайдалану кезінде электромонтаждау және реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде студенттердің жұмыс тәжірибесін және дағдылануы кеңейту және бекіту;

  4. электр станциялары мен қосалқы станциялардағы жоғарывольтты электрлік аппараттарды жөндеу және тексеру;

  5. релелік қорғаныс пен автоматикада қолданылатын төмен вольтты электрлік аппараттарды жөндеу және тексеру болып табылады.

“Электр станциялардың жабдықтарын пайдалану, монтаждау және реттеу” пәнінен мемлекеттік тілде тұңғыш басылып шыққан бұл оқу құралы энергетика, электр энергетика жылу энергетика және су электр энергетика мамандықтарының студенттеріне арналып көп жылғы дәрістерді және тәжірибелік жұмыстардың негізінде жазылды.Бұл оқу құралының мазмұны жоғары оқу орнына арналған Мемлекеттік стандарт пен типтік бағдарламаға сәйкес жазылды.


Оқу құралының құрамы төмендегідей болды:
- электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау. Электр монтаждық ұйымдардың құрылымы және оның құрылысын ұйымдастыру туралы қысқаша мәлімет. Электрлік монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру; - күштік трансформаторларды монтаждау туралы қысқаша түсініктеме. Трансформаторларды монтаждау орнына жеткізу. Трансформаторлардың жекеленген бөлшектерін монтаждау. Трансформаторлардың жүктемелерін дұрыс есептеп, олардың оқшауламаларының жұмысын қамтамасыздандыру; -күштік трансформаторлардың режимін алдын-ала жүктеме графигімен анықтап, үнемді түрде пайдалану; - электр станцияларындағы және қосалқы станциялардағы электрлік жабдықтардың техникалық эксплуатациясын ұйымдастыру және оның міндеттері.


  1. Электр қондырғыларын электр жабдықтарымен монтаждау.

1.1 Электр жабдықтарын монтаждаудың жалпы сұрақтары


Электр монтаждық ұйымдардың құрлымы және оның құрылысын ұйымдастыру туралы қысқаша мәлімет
Жаңа ғимараттарды салу немесе жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жаңадан жарықтандыру барысында, жеке жұмыс істеу түрлеріне байланысты жалпы құрлыстық басқармадан басқа мамандандырылған монтаждық ұйымдар құрылады. Жалпы басподряд ұйымы (генподрядчик) болған кезде жұмыс негізін реттік әдіспен жұргізіледі, ал мамандандырылған ұйымдар, осы құрылыстық басқармамен келісім арқылы субподряд ұйымымен (субподрядчик) жұмыс жасайды. Субподрядтық келісімді жасау және оны орындау кезінде екі жақ “күрделі құрылыстық реттік келісім ережелері”, “ұйымдардың өзара қатынас жағдайлар” қолданылатын заңдарды және де субподрядтық келісімдердің бөлінбес бөлігі болып табылатын “айырықша жағдайлар” сияқты негіздер басшылыққа алынады. Бұл жағдайда, екі жақтық жекелеген субподрядтық келісімдерді жасау және оны орындау туралы нұсқаулар да көрсетілмеген, ара қатынастары анықталады. Субподряд ұйымы, босподряд ұйымымен бірге тапсырып берушіге, обьектінің өз уақытында тапсырылуларана жауапты болып табылады.
Электр монтаждық ұйымдар, өнеркәсіп өндірістері және де электр монтаждық жұмыстарға аса керекті, өндіріс орындары дайындаиайтын заттар мен құрылымдарды әзірлейтін электр монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру басқармаларымен біріктіріледі.

1.1-сурет. Коммутатордың орналасуы.

Құрлыстық басқарманың құрамына монтаждық және іске қосуды реттеуші басқарма өз алдына бастаушы өндірістік бірлік ретінде кіреді. Айрықша жағдайларда бұл құрлыстық басқармаға шаруашылық есептегі монтаждық бөлімдері, өндірістік технологиялық кешендері, механизациялау базалары, зертханалар және оқу пункттері кіру мүмкін.


1.2 Өндірістегі инженерлік дайындық
Өндірістік дайындау бөлімдеріне мыналар кіреді: өндірістің болашақта дамуын дайындайтын топ (ӨБДДТ) , есеп, жоба-сметалық құжаттарды сақтау, оны тексеру, кемшіліктерін анықтау, оларды жою және де жобалау ұйымдарымен бірлестікте керекті жағдайда өзгертулер енгізуді жүзеге асыру; бұл жағдайда, монтаждық тораптардың және блокңтардың жұмыстарының индустрализациясын, өндірістер мен электр монтаждық ұйымдарымен даындалатын электр монтаждық модульдерді қолданудың, монтаждаушыларға жұмыстың өндірісі үшін керекті құжаттарды дайындау көрсетілген унификациясы мен типизациясын ескереді.
Сондай-ақ, сметалық-келісім шарттық бөлімімен бірігіп бүкіл жұмыс көлемінің сметалық құжаттарын тексереді, ондағы ақауларды (жобалау ұйымдарының көмегімен) анықтап, оларды жояды; маусымдық дайындау тобының қатысуымен жұмыс өндірісінің жобасын дайындауды іске асырады; келесі жылдарға арналған монтажды басқару жобасына енгізілген обьектілер бойынша жұмыс көлемдерін анықтайды; жұмысты орындауға арналған құрылғылар мен материалдардың, бұйымдардың тізімін жасайды, оларды зауытқа алып келу ретін, тапсырыс берушінің келісімі бойынша объектілердің құрылыс графиктерінің негізі бойынша анықтайды; ойластыратын объектілер және жұмыс түрлері бойынша электр монтаждық персоналдың және оның мамандандырылуын, сондай-ақ, механизмдердің, әдістердің және құралдардың қажеттілігін анықтайды; СКБ-ның қатысуымен жұмыс көлемін, объектілердің пайдалануға беру мерзімін анықтайды.
Монтаждық бөлімшелерден алынатын жұмыс жинағын алуды іске асыратын өндірістің маусымдық дайындау тобы (ӨМДТ), бұйымдарды және блоктарды (объектіде монтаждық жұмыс басталмай тұрып) жасалуын іске асыратын жұмыс жоспарын құрайды; бұл үшін, тораптар мен блоктарға арналған эскиздер мен сызбалар жасайды, тапсырыста көрсетілген бұйымға калькуляциясы бар сәйкес тапсырыстарды дайындайды және олардың орындалу сапасын қадағалауды іске асырады; объектілер және жұмыс циклдері бойынша монтаждық бөлім үшін материалдар мен құрылғылар лимитті карталар және комплектілеуші тізімдер жасайды; қабылдап алу-өткізу (өткізу) құжаттарын дайындайды; құрылыс объектілерінде авторлық қадағалауды іске асырады; эскиздер мен сызбаларды жасау орындарында қажетті өлшеулер мен шешулерді жүргізеді.
Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) монтажды басқару есебінен монтаждық басқарудың желілік персоналының немесе жобалаушы ұйымның қатысуымен құрылады. Ол желінің инженер-техникалық персонал басқаратын өндірістің инженерлік дайындықтың негізгі бөлімі болып табылады. ЖӨЖ-ға: электрқұрылғының, электрөткізгіштің тораптарының және екінші ретті тізбектің монтажына арналған технологиялық картасы; қажетті еңбек шығындары көрсетілген, жұмыс сызбаларымен нақтыланған жұмысының физикалық көлемдері бар іске қосу кешенінің жеке обьектілері бойынша өндірістің электрмонтаждық жұмыстарының күнтізбелік жоспары; электрмонтаждық басқармалар зауытында тапсырыс беруге және дайындауға жататын электр қондырғылық бұйымдардың, электр құрылымдардың және басқа монтаждық бұйымдардың тізімі; электр монтаждық дайындаулар зауытында жасалынатын стандартты емес және типтік емес электр құрылымдардың және бөлшектердің тізімі; ЖӨЖ-да алдын-ала блоктарға және түйіндерге ірілендіріп бекітулік жинауды талап ететін құрылғының элементтерінің, электр құрылымдардың, электр өткізгіштердің және монтаждық бөлгіштердің тізімі; барлық жұмысты орындауға қажетті электр техникалық құрылғылар мен көмекші материалдар тізімі және құрылғылар мен материалдар жинақтарының тізімі;
- монтажды басқарудан, генподрядчиктен және тапсырыс берушіден алынатын материалдардың және монтаждық бұйымдардың әкеліну ретінің графигі; қажетті монтаждық машиналардың, механизмдердің, аппараттардың, икемделулер мен құралдардың тізімі; алдыңғы қатарлы монтаждық технологияны енгізу туралы ұсыныстар; қозғалмалы және алынып-салынатын құралдардың және инвентарлық құрылғылар мен икемделулердің тізімі; жұмысшылардың санының жетіспеуінің орнын жабу туралы ақпараттар көрсетілген мамандық және мамандандыру бойынша жұмыс күшінің қозғалысының күнтізбелік жоспар-графигі; ЖӨЖ-дың негізгі шешімдерінің қажетті негіздемелері және келесідей техника-экономикалық көрсеткіштері бар монтаждық машиналардың және икемделулердің түсіндірме жазбасы, электр монтаждық жұмыстардың орындалу ұзақтығы; бір жұмысшының электр монтаждық жұмыстарының негізгі түрлері бойынша физиқалық түрде орташа күндік өндірісі (жұмысы) және электр монтаждық бөлім бойынша қаржылай түрдегі орташа өндірісі; объектінің сатыға бөлінген бірінші реті үшін орындалуға тиіс электр монтаждық жұмыстардың қаржылай көлемі; қауіпсіздік техникасы нұсқаулары енеді.
Технологиялық карталарда келесі сұрақтар қарастырыладыфизиқалық сипаттағы орындалуға тиіс электр монтаждық жұмыстардың көлемі және олардың орындалу технологиялары; (БМжБ-ЕНиР бойынша) жұмысты орындауға қажетті еңбек шығындары және бригадалардың мамандандырылған құрылымы; қажетті машиналардың, механизмдердің икемделулердің және құралдардың тізімі; ЭДШ-да орындалатын жұмыстардың және бұйымдардың тізімі; көмекші материалдардың тізімі; жұмыстарды орындаудың күнтізбелік графигі; жұмыс өндірісінің ретімен әдісі және еңбектің ұйымдастырылуы туралы негізгі нұсқаулар. Бұл карталар электр монтаждық өндірісте еңбекті ұйымдастыру бойынша маңызды құжаттар болып табылады. Карталардың өңделуін орталықтандырылған ретпен әртүрлі министрліктер мен ведомстволар орындайды. Олар жергілікті және типтік болуы мүмкін.Оларды толықтай технологиялық үрдістерге (комплектілі магистральды шинопроводтарды бекітілген блоктармен монтаждау) немесе жеке операцияларға (көпірлік-кранмен блокты монтажды электр жабдықтарын жобалық белгілерге көтергенге дейін) арнап жасайды.Құрылыс жұмыстарында жұмысты ұйымдастырудың автоматты жүйесі (ЖҰАЖ) немесе жүйелік жоспарлау және басқару қолданылады (ЖЖБ). Бұл әдістің негізінде, жүйелік графикті өндірістік үрдістің шартты экономика-математикалық мөділін өндеу жатыр. Графикте жұмыстың технологиялық орындалулары арасындағы қатынасы көрінеді және берілген орындау мерзімі тәуелді болатын жұмыстар анық көрсетілген. Жүйелік графикте жеке жұмыстардың ара қатынасы мен орындалуынан басқа обьектілердің құрылыстық бөлігін монтаждауға беру, құрылғыларды, материалдарды, бұйымдарды және т.с.с. жеткізу мерзімдері щартталған.

1.3 Электр монтаждық жұмыстары өндірісінің техникалық құжаттары мен жалпы шарттары.


Негізгі техникалық құжаттың қызметін электр монтаждық жұмыстармен қатаң келісімділікпен орындалатын электр қондырғылардың жобасы атқарады. Жобамен қабылданған техникалық шешімднрді өзгертуге, тек олардың сипаттамалары принципиалды болған жағдайда, жобалау ұйымының – жоба авторының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Принципиалды емес сипаттаманы тапсырыс берушінің келісімі бойынша өзгертеді. Электр қондырғыларды монтаждау кезінде қолданылатын машиналар, трансформаторлар, өлшеуіш құралдар, өткізгіштер, кабельдер, оқшауламалық майлар және басқа да материалдар мен электр жабдықтар, бекітілген ГОСТ-тарға, немесе техникалық шарттардың талаптарына сәйкес болуы керек. Бұл жағдайда электр жабдықтары, олардың құрылысы, орындалу түрі, орналасу әдісі және оқшауламасы электр қондырғының номиналды кернеуіне, қоршаған ортаның жағдайына және ЭҚОЕ-нің бөлімдері мен тарауларына сәйкес келуі қажет.Монтаждалынатын электр құрылғылар мен материалдар өздерінің нормативті кепілдік және есептік сипаттамалары бойынша берілген тораптардың немесе қондырғының жұмыс шарттарына сәйкес келуі қажет. Оларды таңдау барысында қолдану және монтаждау тәжірибелік, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі техникаларының талаптарын ескереді. Электр жабдықтары мен электр тораптарының монтаждалуын ЭҚОЕ (ПУЭ) және ҚНжЕ (СНиП) талаптарына қатаң сәйкестікте орындайды.

1.4 Электр монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру


Электр өткізгіштердің монтажын, өзге электр монтаждық жұмыстардың түрлері тәрізді екі сатыда орындайды. Бірінші сатыда электр монтаждық дайындаулар шеберханасындағы дайындау және міндетті түрде монтаждық обьектілердегі дайындық жұмыстары іске асырылады. Шеберханаларда (зонадан тыс және монтаждалушы обьектінің құрылысқа дайындығынан тәуелсіз) – шиналық, трубалық, жерге қосқыш құрылғысын, электр өткізгіштер, кабельдік желілер және т.с.с., ірілендірілген блоктарды дайындайды және жинайды. Тікелей монтаждау алаңында, құрылыс жұмыстарының белгілі дайындығында, келесі жұмыстарды атқарады: электр тораптарының және жерге қосқыш құрылғыларының жолдарының белгіленуін және дайындығын; бір мекемеден екіншісіне өту және сытқа шығу орындарында құбырларды ірге тасқа орналастыру және басқа да құрылыс негіздерін жүргізу; құрылысшылардың қондырғыларды бақылап тұруын ұйымдастырады; құрылыс үрдісінде электр жабдықтарды орнату және электр өткізгіштерді монтаждау үшін қажетті ойықтардың, кішкене тетіктердің, ұяшықтардың, бороздалардың жасалынуын қадағалауды іске асырады.



  1. Электр станциялардағы және қосалқы станциялардағы электрлік жабдықтардың техникалық эксплуатациясын ұйымдастыру және оның міндеттері. Жалпы мәліметтер.




    1. Техникалық эксплуатацияның міндеттері

Электр станциялар, қосалқы станциялар және электр жеткізу желілері тұтынушыларды қоректендіру үшін электр энергиясын өндіруге, таратуға және жеткізуге арналған.Мұндай тапсырмаларды тек берілген режимде барлық жабдықтардың тоқтамсыз жұмыс істеуі қамтамасыз етілген кезде ғана орындауға болады. Бұл үшін жабдықтарды дұрыс пайдаланып, жұмыс режимін бақылап, бұзылған жерлерін жөндеп, қажетті жұмыс режимін беру және ұстап тұру қажет, т.с.с. Электр станцияларды, қосалқы станцияларды және электр жеткізу тораптарын және оларға қызмет көрсететін жүйелі шаралармен қамтамасыз етілген электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу жұмыстары, т е х н и к а л ы қ э к с п л у а т а ц и я деп аталады. Электр станцияларды, қосалқы станцияларды және электр жеткізу желілерін міндеттеріне, басқа да өндіру кәсіпорындарының эксплуатация міндеттері сияқты, электр энергияны өндіру мемлекеттік жоспарын орындау, жабдықтардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жоғары сапалы электр энергияны өндіру және электр қондырғылардың үнемді жұмысын қамтамасыз ету кіреді. бірақта, электр энергияны өндіруде, электр станциясына, қосалқы станцияға және электр жеткізу желілерге жоғарылатылған талаптарды қажет ететін ерекшеліктері бар. Электр энергиясын өндірудің ерекшелігі, оның өндірілуінің, жеткізілуінің және таратылуының бір уақытта болуы сонымен қатар, осы процестің үзілісіздігі. Электр станциясына және электр тораптарына электр энергиясын көлем бойынша өндірудің жоспарын орындау жеткіліксіз. Сонымен қатар, олар берілген жүктеме графигін уақыт бойынша үстап түру және максималды жүктемені жабуды қамтамасыз етулері қажет. Сондықтан, электр станцияның және электр жеткізу желілерінің барлық қондырғылары максималды жүктемеге есептелуі қажет және осы кезеңде тоқтаусыз жұмыс істеуі.
Сондықтан тораптың бір жерінде немесе бір электр станциясында болған кез келген бүліну бүкіл жүйенің жұмыс режиміне ауыр әсер етеді және тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандырудың тоқтатылуына әкеп соғуы мүмкін. Ал электр энергиясымен қоректендірудегі аз үзілістің өзі өндіріс кәсіпорындарында, электрлендірілген көліктерде және қалалық шаруашылықта өте үлкен зиянға алып келеді. Өндіріс кәсіп өрындарында өндірісте тоқталып қана қоймай техналогиялық процесстің бұзылу салдарынан шығарылып отырған өнемнің, сондай-ақ машиналар мен жабдықтардың өздеріде зақымдалуы мүмкін.
Электр энергиясын тұтынушылар, тек электрмен қоректенудің үзілісіне ғана емес, электр энергиясының төмендеуіне, кернеу мәні мен тораптағы жиіліктің қауіпті ауытқуына да сезімтал. Егер кернеу төмендесе, электр қозғалтқыштардың мәндері кенеттен төмендейді, электр термиялық қондырғылардың, электронды көрсеткіштердің, радио қабылдағыштардың, телеарналардың жұмысы бұзылады. Жиілік төмендеген кезде электр қозғалтқыштардың айналу саны өзгереді, бұл өз кезегінде машиналар мен станоктардың өнімділігін азайтады, көп жағдайларда техналогиялық процестің бұзылуына және кемшіліктердің пайда болуына әкеп соғады. Сол себептен, электр қондырғыларының қандай да болса бір бөлігінің зақымдануы, не болмаса бүлінуі кезінде, апатты жағдайдың зиянын азайту үшін оны тораптан тез арада ажырату керек.
Ол үшін электр энергиясының өзіндік құндылығын төмендету, отынды өндіруге кететін меншікті шығынды, өзіндік мұқтаждыққа кететін электр энергиясының шығынын, тораптағы шығынды азайту, қондырғылардың қызмет көрсету мерзімін ұзарту керек. Электр станциялары оқшауланған болып емес, жеке емес энергетикалық жүйеде жұмыс жасйтындықтан, тек қана электр станциялары және жеткізу желілері ғана емес, сондай-ақ бүкіл жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Бұл үшін электр станциялары және агрегаттардың арасындағы жүктемелерді дұрыс ұстап тұру, обьектідегі жабдықтардың жөндеу жұмыстарын дұрыстап жасау керек.
 Жоғарыда жазылғандай, электр станциялар мен қосалқы станциялар және электр энергиясын жеткізу желілерінің техникалық эксплуатациясы, жалпы энергетикалық жүйе аймағында үйымдастырылуы қажет және келесі тапсырмаларды шешуі керек деп қорытынды жасауға болады:
а) электр энергиясын өндірудің мемлекеттік жоспарын жасау, электр энергиясын берілген жүктеме графигіне сәикес беру, тарату және жүктеме максимумын қамтамасыз ету;
б) барлық жабдықтардың сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етужәне электр энергиясымен тұтынушыларды тоқтаусыз қамтамасыз ету;
в) жіберілетін электр энергисының жоғары сапасын ұстап, қалыпты кернеуді және электр тоғының жиілігін ұстап тұру;
г) энергиялық жүйенің жұмыс режимін максималды үнемділікпен орындау.



    1. Техникалық эксплуатацияның ұйымдастырылушылық құрылымы

Алдынғы тарауда атап өткендей электр энергиясын өндірудің ерекшеліктері, барлық энергетикалық жүйенің эксплуатациялық қызметкерлерінің жұмысының келісімді болуын, жоғарғы талаптарды және жүйенің ұйымдастырушылық құрылымын анықтайды. Электр станцияның және электр тораптарды өндіруші қызметкерлері екі үлкен топқа бөлінеді: о п е р а т и в т і және ж ө н д е у. Оперативті қызметкерлердің міндеттеріне: жұмыс істеп тұрған жабдықтарды бақылау және күтімдеу, сұлбаларды алмастыруды орындау, жабдықтарды жөндеуге, резервке шығару, олардың жұмыс режимін реттеу, бүлінулерді тез арада жою және апатты ликвидациялау, сонымен қатар жұмыс режимдерінің жазбаларын жүргізу.
Энергетикалық жүйенің кезекші диспетчері барлық электр станцияның және тораптарының жұмысын келістіреді (үйлестіреді), жүйенің станциялары мен қосалқы станциялардағы барлық оперативті жұмыстарын басқарады.
Оған электр станцияның кезекші инженерінен басқа жүйенің кезекші диспетчері, қосалқы станциядағы техниктер мен монтерлар бағынады және олар арқылы барлық кезекші қызметкерлер бағынышты. Осылайша әр кезекші оперативті тұрғыда жоғары тұрған кезекшіге, ал басқару техникалық тұрғыда өзінің тікелей бастығына бағынышты. Бұл екі жақты басқару келіспеушілікке әкеліп соқпайды, өйткені міндеттер арасына шектеулер қойылған.
Оперативті персонал жабдықтарды жөндеуде қызмет көрсету бойынша, басқару-техниктің инструкциялары мен тапсырмасын қатаң сақтауы керек. Сондай-ақ, басқару-техникалық персонал күнделікті оперативті жұмыс жөнінде жоғары тұрған кезекшінің жұмысына араласпауы керек. Барлық цехтардын электр жабдықтарының техникалық қолданылуын станцияның электр цехі орындайды. Кезекті ауысу бастығы өзінің кезеңінде қызмет көрсетілетін жабдықтарының жұмысына толық жауап береді. Оның басқарумен қондырғыда пайда болатын қалыпсыз режимдер мен апаттарын жояды.
Қосалқы станцияға қызмет көрсету орталықтары олардың орнымен, энергетикалық жүйедегі маңызымен және автоматтандырылу дәрежесімен анықталады. Үлкен көлемді түіндік қосалқы станцияларда, электр станцияларындағы сияқты кезекші қызметкерлердің үнемі кезекшілік жұмысы ұйымдастырылады. Әдетте кезекшілікті екі адам атқарады: басқарушы және кезекші монтер. Телемеханмка құралдары мен жабдықталмаған кішкентай қосалқы станцияларда, әдетте кезекші қызметкерлердің санынң аз болуын талап ететін кезекшілікті үйден атқару ұйымдастырылады. Автоматтандырылған және телемеханика құралдарымен жабдықталған қосалқы станциясындағы қызмет көрсету орталықтандырылған, оларда үнемі қызмет көрсететін қызметкерлер жоқ. Оларға кезеңмен немесе қажеттілігіне байланысты, қызмет көрсету аумағына бірнеше қосалқы станция бекітілген, тораптық аудан қызметкерлері қызмет көрсетеді.



    1. Техникалық эксплуатацияның мазмұны

2.3.1 Оперативті жұмыстың мазмұны.


Әр оперативті кезекші өз бөлімінде, өзінің кезекшілік уақытында қондырғылардың күнделікті жұмысына толық жауап береді. Кезекшілік үзіліссіз, алдыңғы кезекшілердің ауысуын келесе кезекшілерге өткізу арқылы жүргізіледі. Әр кезекші кезек басында қондырғылар қандай жағдайда тұрғанын білу керек. Сондықтан к е з е к т і ө т к і з у және қ а б ы л д а у өте маңызды және жауапты операция, оның негізі келесідей:
а) кезекші кезекті қабылдау алдында жабдықтардың күйімен, сұлбасымен және жұмыс режимімен танысып алуы қажет. Әсіресе, ең маңызды және жауапкершілігі жоғары агрегаттарды, оның ішінде генераторларды, күштік трансформаторларын, үкен қуатты электр қозғалтқыштарды мұқият тексеруден өткізу қажет. Бір мезгілде оперативті журналдың жазбалары бойынша келесі кезектегі кезекші оның соңғы кезегіндегінен кейінгі уақытта электр қондырғы режимдерінде қандай бүлінулер және сұлбасында қандай өзгерістер болғанын анықтау және жоғары тұрған оперативті кезекшінің бұйрықтарынмен танысу қажет. Кезекті қабылдап алушы кілттерді, құрал жабдықтарды, нұсқау материалдарды және кезекшілікті өткізу туралы жазбалар жазылған оперативті журналды қабылдап алады. Кезекті қабылдап алған соң, кезекші жоғары тұрған оперативті кезекшіге, кезекті қабылдап алу барысында табылған барлық бүлінулер туралы мәлімет береді. Кезекті өткізуші, өзінің бастығына кезекті өткізу барысында қондырғылар қандай күйде болғандығын баяндайды. Апатты жою кезінде, оперативті ауыстыру, ауыстырып қосуды, қондырғыны қосуды немесе сөндіруді кезекті өткізуші өзі аяқтауы керек. Бұл оның кезегі кезінде қызметкерлердің жауапкершілігін көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, апатты жою кезінде кезекті өткізу қалыпты жұмыс уақытын ұзартуы мүмкін, өйткені, жаңадан келген кезекші, жұмыс барысын бірден түсінбеуі мүмкін;
б) барлық оперативті қызметкерлердің ең маңызды міндеті өзінің аумағындағы жұмыс істеп тұрған қондырғыларды күту және қадағалау болып табылады. Бұл үшін кезекші өзіне қарасты қондырғыларды нақты түрде тексеріп отырады. Бұл тексерулер пайда болған зақымданулады аз уақытында анықтап, оларды жою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Көп жағдайларда зақымданулар бірден пайда болмайды, олар біртіндеп өседі және кезекшінің мұқият бақылауының арқасында, бақылау кезінде өсу сатысының басында көзге түседі. Мысал үшін, подшипниктің зақымдануы пайда болғанда, электр қозғалтқыштың дірілі пайда болады немесе подшипник қатты қызады. Түйіспелі қосылыстардың тығыздығының бұзылуына әкеп соғады және түйіскен жерден ток өтетін бөліктерге жабыстырылған термопленкалардың түсінің өзгеруімен анықталады. Температура жоғарылаған кезде термопленка өзінің ашық қызыл түсін, қара қызыл түске өзгертеді, одан кейін шиенің түсіне соңынан қара түске өзгереді. Түстің өзгеруін кезекші оңай тез арада байқайды, ол өз кезегінде жоғары қызуды тудырған ақауды жоюға мүмкіндік береді. Тексеру кезінде,оқшаулардағы ұсақ жарықтардың пайда болуына жеке бөлшектердегі қалыпсыз дірілдерге, бөтен шуылдарға, аздап қызуларға, ұшқындануға, ток өткізетін бөліктердің қалыпсыз электр тәжісіне т.с.с кез-келген, тіпті елеусіз өзгерістерге көңіл бөлу қажет. Бұл ауқымды ақаулардың пайда болуының алдын алу үшін қажет. Қондырғыларды және өндіріс мекемелерін күтімдеу, өндіріс нұсқауларын қатаң түрде орындау маңызды мәселелердің бірі. Өндіріс орнын таза ұстау керек, өйткені оқшауламаның шаң басуы оның тез ескіруіне әкеп соғады, шаң-тозаң айналмалы механизмдердің ішіне кіріп, олардың жұмыс істеу жағдайын нашарлатады. Подшипниктердің майлану жағдайын, генераторлардың, трансформаторлардың, электр қозғалтқыштардың және ажыратқыштардың салқындату жүйелерінің жұмысын қадағалау өте маңызды. Салқындату жүйелерінің жұмысының нашарлауы, сәйкес агрегаттардың дереу қызуына алып келеді, бұл олардың қызмет көрсету уақытын қысқартады. Рұқсат етілетін температуралардың жоғарлауы әсіресе электр машиналары мен аппараттардың оқшауларына ауыр әсер етеді, өйткені олар тез ескіре бастайды және қатты қызу кезінде оқшауламаның бүлінуі немесе тесілуі мүмкін. Алынбалы түйіспелі қосылыстардың температурасының жоғарылауы түйіспелердің қышқылдануының ұлғаюына, олардың ауыспалы кедергісінің өсуіне және одан әры қызуына әкеп соғады. Қондырғының дұрыс жұмыс режимін ұстап тұруға, қалыпты режимдердің бүлінуін ескеретін және кезекшілердің байланысын қамтамасыздандыруға арналған дамыған с и г н а л и з а ц и я ж ү й е с і көмектеседі. Сигнализацияның бүлінбегендігіне сенімді болу үшін кезекші қызметкер жүйелі түрде барлық сигнализациялық қондырғылардың жұмыс әрекеттерін тексеруге міндетті. Сигнализациялық қондырғыларын тексеруден өткізудің кезеңі жергілікті нұсқаулармен анықталады. Әдетте тексеруден өткізуді кезекті қабылдаумен бірге жүргізеді. Ең қиын және жауапкершілікті әкекет, кезекші қызметкерлердің құрылғылардың зақымдануы және апатқа ұшырауы салдарынан болатын қондырғылардың жұмыс режимінің бұзылуын жою кезіндегі әрекеті болып табылады. Режимнің мұндай бүлінулері күтпеген жерден болады және кезекшінің тез және баяулатусыз әрекет етуін талап етеді. Апат пайда болған жағдайда кезекші алдымен не болғанын анықтау керек. Мұндай жағдайда кезекшіге, ескерту және апаттық сигнализациялары және оған бағынышты кезекшілердің мәліметтері көмектеседі. Жағдайды анықтағаннан кейін, тез арада, саспастан апатқа қарсы нұсқауда көрсетілген апатты жоюдың барлық әрекеттерін жасауға және болған жағдайды, қабылданған шараларды жоғары тұрған кезекшіге баяндауға міндетті.
Апатты тез арада және қателіксіз жоюдың ең тиімді жолы, қондырғыларды жоғарыда көрсетілген апатқа қарсы, автоматтандырылған құрылғылармен кеңінен жабдықтау және осы қондырғылардың сенімді жұмыс істеуі. Желіні қайта қосу автоматтарын және резервтегі агрегаттарды қосу, жиілік төмендегендегі автоматты түрде форсировка жасауды енгізу, электр тұүтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін жоғарылатты және оперативті қызметкерлердің апатты жою жұмыстарын жеңілдетті. Апатқа әкеп соқтырған қондырғыны қолданудағы барлық кемшіліктерді анықтау үшін әр апатты мұқият зерттейді. Сонымен қатар апатты жағдайды жою кезінде кезекшілер дұрыс әрекет етті ме және олардың дайындықтары қандай дәрежеде екені де анықталады. Апатты тексеру негізінде жабдықтарды қолдануда анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар белгіленеді. Көрсетілгендерден басқа оперативті қызметкердің міндеттеріне электр қондырғыларының жұмыс сұлбаларындағы ауыстырып қосуларды іске асыру кіреді. Бұл маңызды сұрақ басқа тарауда анықтап жазылған.

2.3.2 Электрлік қондырғыларды жөндеу


Электр жабдықтардың жұмыс істеу барысында біртіндеп оның жұмыс элементтерінің, бөлшектерінің ескіруі, оқшауламасының ескіруі және сапасының төмендеуі, түйіспелі қосылыстардың нашарлауы мүмкін. Электрлік станцияларының, қосалқы станциялардың және жеткізу желілерінің құрылғыларының бүлінбеген күйінде сақтап қалу үшін, нақты түрде алдын-ала ескерту, жөндеу жұмыстарын жүргізіп тұру керек.
Қондырғыларда, жоспарды алдын-ала ескерту жүйесі жұмыс істеп тұрғанда, зақымдану салдарынан құрылғының жұмыс істеуге жарамсыз болып қалуын күтіп тұрмайды, оның орнына алдын-ала басшылық бекіткен кесте бойынша жекеленген аппараттарды, машиналарды немесе түрлі қосылыстарды жұмыстан шығарады. Жұмыстан шығарылған құрылғыны оның жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін қарап шығады, тексереді және сынайды. Құрылғының ескірген бөлшектері мен бөліктерін ауыстырып салады немесе жөндеп қайта орнына қояды. Маусымдық жөндеу жұмыстарының мақсаты жабдықтарды жұмысқа жарамды күйде ұстап тұру. Бұл үшін жабдықтарды таза ұстап, тексеру барысында анықталған елеусіз ұсақ ақауларын жою, подшипниктерді уақытында майлау, май толтырылған аппараттардың майын керекті мөлшерде толтырып тұру қажет. Күнделікті жөндеу жұмыстарын әдетте жабдықтардың ішін ашпай-ақ жүргізуге болады. Жабдықтардың ескірген бөліктерін ауыстырып салу үшін және оның жұмыс істеу қабілетінің уақытын ұзартуды қамтамасыз ету үшін күрделі жөндеуді жүргізу жұмыстары жүргізіледі. Күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары кезінде, аппараттар мен машиналардың ішін ашу және бөлшектеу, барлық тараулар мен бөлшектерінің жағдайын тексере отырып сырттай және іштей қарап шығу, тараулар мен бөлшектердің шаң тозаңнан мұқият тазарту, зақымданған немесе ескірген бөлшектерін ауыстыру не жөндеу, оқшауламаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізгенде эксплуатациялау кезінде анықталған зауыттан шыққандағы кемшіліктері жойылады, жабдықтарды модернизациялау, жетілдіру, қондырғы жұмысының үнемділігін және сенімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін жеке тарамдарының құрылымын өзгерту жиі орын алады. Осылардың арқасында күрделі жұмыс өткізілгеннен кейін құрылғы зауыттан келіп түскен құрылғымен салыстырғанда тек жаңартылған емес сонымен қатар жұмыс жасау қабілеті жоғарылатылған болып табылады.
Жабдықтардың тұрып қалу уақытын қысқарту үшін күрделі жұмыс жасау жұмыстарына мұқият дайындалу керек. Алдымен жұмыс барысында анықталған ақауларды ескере отырып, күрделі жөндеу кезінде жұмыс көлемі туралы тізім толтырылады және оларды орындау графиктері тұрғызылады. Жөндеу жұмысын жүргізуге арналған барлық керекті материалдар мен бөлшектер, құрал жабдықтар мен икемдендіру және көтеру транспорттық құрылғылар дайындалады, сондай-ақ жұмыс орнын жабдықтайды. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге тағайындалған топты мұқият мамандандырып, барлық сызбалармен, зауыттық нұсқаулармен және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру жоспарымен таныстырылады.
Жұмыс орны қажетті заттармен көтеру-транспорттық және такелажды құралдармен жабдықталуы тиіс. Жұмыс орнында тазалық сақтап, ұйымдастырған жөн. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған орындарда қысылған ауаның, ацетиленнің, оттегінің айырылыстырылу орындалуы, дәнекерлеу тораптары жүргізілуі қажет.

Қарастырылып өткен барлық шаралардың барлығы жөндеу жұмыстарын жүргізудегі жұмыс өнімділігін және жөндеу жұмыстарының сапасын арттырады. Өз кезегінде жөндеу жұмыстарының сапасының жоғары болуы жабдықтардың жұмыс істеуінің сенімділігін арттырады және жөнлеулер арасындағы уақыт аралығын ұзартады. Жөндеулердің сапасына мұқият бақылау орнату, жөндеуден торап бойынша қабылдауды орындау және қажетті сынақтар жүргізу қажет. Орындалған жөндеу жұмыстары бойынша бекітілген формадағы құжаттар рәсімделеді.
Электр станцияларында және электр тораптарында ұйымдастыру және жөндеу жұмыстарының екі формасы қолданылады. Бірінші жағдайда бұл жұмысты обьектінің жөндеу қызметкерлері орындайды, ал екінші жағдайда обьектіні жөндеуші қызметкері минимумға келтірілген немесе мүлде жоқ болған жағдайда, ол жөндеулер орталықтандырылған жөдеу қызметкерлерімен жүргізіледі. Жабдықтарды жөндеу орталықтандырылған жағдайда, электр станциялардың және тораптардың қызметкерлерінің саны айтарлықтай қысқарады. Қосалқы станцияларда және жеткізу желілерінде орталықтандырылған жөндеу жүйелерін қолдану тиімді, өйткені көптеген қосалқы станцияларда қызметкерлер мүлде жоқ немесе кезекшілік үйден атқарылады. Электр станцияларында маусымдық жөндеуді электр станцияның өз қызметкерлері, ал күрделі жөндеуді орталықтандырылған жөндеу қызметінің қызметкерлері орындайтын жөндеу жұмыстарының аралас түрі кеңінен тараған.

2.3.3 Электр жабдықтарды қабылдап алу-өткізу және профилактикалық сынау


Жинақталған электр жабдықтарын қабылдау кезінде оның жөндеуден өткеніне және жұмысқа жарамды екеніне көз жеткізу үшін, оны қабылдау-өткізу сынағынан өткізеді. Күрделі жөндеуден өткізу үрдісі кезінде және одан кейін, сондай-ақ маусымдық жөндеу және жөндеу арасындағы уақыт аралығында электр жабдықтардың профилактикалық сынақтардың көлемін, нормаларымен жүргізу мерзімін “электр жабдықтарын сынаудың көлемі мен нормаларына” және эксплуатациялық нұсқауларына сәйкес қабылдайды. Профилактикалық сынаулардың, электр қондырғының эксплуатациясының сенімділігін және үнемділігін артырудағы маңызы зор. Профилактикалық сынақтар жүргізу барысында, электр жабдықтарының әлсіреген бөліктерін дер кезінде анықтауға және жөндеуге мүмкіндік туады. Профилактикалық сынақтарды әрдайым жүргізіп отыру көптеген зақымданулардың пайда болуын ескеріп, электр жабдықтарының электрмен үнемі жабдықталуының бұзылуына жол бермейді. Электр қондырғыны тексеру және жөндеу барысында көп жағдайларда, сыртқы сипаты жоқ жасырын ақаулардың және пайда болған зақымданулардың барлығы байқалмай қалуы мүмкін.
Тексеруге қолайлы механикалық бөліктерді сынау, қозғалмалы бөліктердің, ауа саңылауларының, ажыратқыштардың қосылу және ажырату уақыттарының, сыртқы қаптың (корпус) және подшипниктердің дірілінің жүрісінің өзгеруіне алып келеді.
Бұл өлшеулердің барлығы құрылғылар мен машиналардың механикалық бөліктерінің құрастырылуының және реттелуінің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Механикалық бөлікті тексерудің басты элементі, механизм жұмысын әртүрлі ауырлатылған режимде, ажыратқыштардың төмендетілген және жоғарылатылған кернеуде ажырату және қосу, ауаның төмендетілген қысымда механизм жұмысын байқаудан өткізу болып табылады. Тексеру барысында анықталған м а г н и т т і к ж ү й е н і ң негізгі зақымдануы бұл – трансформаторлардың және электр машиналардың өзекшелеріндегі оқшауланған болат пластиналар арасындағы және орамаларындағы қысқа тұйықталу. Магниттік жүйенің жұмысының дұрыстығын тексеру үшін бос жүріс тоғының сипаттамасын алады. Егер магниттік жүйе дұрыс жұмыс істемесе, дәл сол кернеуде бос жүріс тоғын көбейтеміз.
Тоқ өткізгіш бөліктердің осал жері түйіспелі қосылыстар болып табылады. Түйіспелердің нашарлауын түйіскен жердегі ауыспалы кедергіні өлшеу арқылы анықтайды, бұл жағдайда ол артады. Сондай-ақ, түйіспелердің нашарлауын олардың қатты қызуымен анықтауға болады. Түйіспелі қосылыстардың қызуын анықтау үшін, жоғарыда көрсетілгендей, термопленка түріндегі индикаторлар қолданылады.
Электр жабдықтардың зақымдалуға ең жиі ұшырайтын бөлшегі оқшаулама. Электр жабдықтардың жұмысы барысында, олардың оқшауламалары механикалық, жылулық және электрлік әсерге ұшырайды және біртіндеп төзімділігін және оқшаулағыш қасиеттерін жоғалтады. Бұл процесс оқшаламаның ескіруі деп аталады. Қызукезінде оқшауламада оның ескіруіне алып келетін химиялық әрекеттер жылдамдайды. Электр машиналарының орамаларының стержіндерінің жылу әсерінен кеңейтуі оқшоуламаға механикалық әсер туғызады. Механикалық әсерлер діріл кезінде де байқалады. Оқшауламаға түсетін электрлік кернеу және оның ескіруіне, әсіресе қалыпты мәннен асып кеткенде оған кері әсер етеді және оның ескіруіне мүмкіндік береді. Оқшауламаға ылғалдану мен ластану өте зиян. Ылғал оқшауламаның қуыстарын және саңылауларын толтырып, сондай-ақ оның біртіндеп механикалық қирауына әкеліп соғатын оқшаулама ішіндегі ионизацияны күшейтеді. Оқшауламаның ылғандануы және ескіруін, тексеру барысында анықтау мүмкін емес, ол үшін оқшауламаны сынау қажет. Оқшауламаның негізгі сынау жолдары, оның кедергісін, абсорбция коэффициентін, диэлектриктік шығындарын өлшеу және жоғарлатылған кенеумен сынау болып табылады.Оқшауламаның кедергісін өлшеу дегеніміз – оның күйін бақылаудың ең қарапайым және кең тараған тәсілі.
Әдебиеттер тізімі 
1. Пособие для изучения Правил технической эксплуатации электрических станций и сетей (Электрическое оборудование) /Под общ. ред. Ф.Л. Когана. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000.-356 с.: ил.
2. Хожин Г.Х. Электр станциялары мен қосалқы станциялар. Оқулық. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі. Оқулық ретінде ұсынылған. – Алматы: “Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2002. – 312 б.: ил.
3. Васильев А.А., Крючков И.П., Наяшкова Е.Ф., Околович М.Н. Электрическая часть станций и подстанций: Учебник для вузов. – М.: Энергоатомиздат, 1990. – 575 с.: ил.
4. Неклепаев Б.Н. Электрическая часть станций и подстанций: Учебник для вузов. – М.: Энергоатомиздат, 1986. – 640 с. ил.
5. Зюкин А.Ф., Поконов Н.З., Антонов М.В. Монтаж, эксплуатация и ремонт электрооборудования промышленных предприятий и установок. – М.: Высшая школа, 1986, - 415 с.: ил.
6. Правила устройства электроустановок. – 7-е изд. перераб. и доп. с изм. – М.: Главэнергонадзор, 1999.
7. Правила техники безопасности при эксплуатации электроустановок. – М.: Главэнергонадзор, 1993.
8. Хожин Г.Х. Жылу электр станцияларының электр жабдықтары. Оқу құралы. Алматы: АИЭС, 2000. 57-б.: ил.
9. Нормы технологического проектирования тепловых электрических станций. – М.: Минэнерго России, 2000.
10. Обьем и нормы испытаний электрооборудования. – 6-е изд. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2000.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет