77
фракциялар (диаметрі 1 мм-ден азырақ ) аэрозольдер түзеді де, ауа массасымен үлкен
қашықтықтарға таралады [5,6]. 300-350 адам қанша оттегіні көмірқышқылына айнал-
дыратын болса, автомобиль орташа алғанда сағатына 80-90 км жылдамдықпен қозғала
отырып, сондай мөлшердегі оттегіні көмірқышқылына айналдырады. Мәселе тек көмір
қышқылында ғана емес. Бір автомобильдің пайдаланған газының жылдық мөлшері
- бұл 800 кг көміртегі тотығы, 40 кг азот тотығы және 200 кг - нан астам түрлі
көмірсутектер. Міне, осы жинақтың ішінде ең қуіптісі көміртегі тотығы.
Бензин құйғыш түтіктен бензиннің бәрін құю мүмкін емес, оның аздаған мөлшері
болса да, жерге төгілетінін әрбір көлік жүргізушісі біледі. Алайда, ойланып қарасақ
қазіргі кезде жер бетінде қаншама автомобиль бар десеңізші. Жыл санап оның мөлшері
арта береді, соған орай атмосфераға да зиянды заттардың бөлініп шығуы көбейеді. Ав-
томобильге құйған кезде төгілген бензиннің 300 гр ғана 200000 м3 ауаны ластайды. Осы
мәселені шешудің қарапайым жолы - жер бетіне бірде-бір тамшы бензиннің төгілуіне
мүмкіндік бермейтін жаңа конструкциялы май құйғыш автоматтарды жасау.
Жанармай түріне байланысты автокөліктің бөліп шығарған зиянды заттарын
анықтайтын импирикалық коэффиценттердің мәні кестеде беріледі.
К коэффицентінің шамасы сандық жағынан 1 км жол жүруге қажет (яғни, меншікті
шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компоненттің (литрмен) бөлінген зиянды
заттардың шамасына тең.
Кез келген ғаламдық проблема жердің әр түкпіріндегі әрекеттерден пайда бола-
ды. Өндіріс орындары тұрақты және автокөліктер саны едәуір көп ірі қалалардың
атмосфералық ластануымен біздің зерттелген ауданымызды салыстыруға болмайды. Де-
генмен аудандағы автокөліктер саны аз болғанымен, бұлардың да белгілі бір дәрежедегі
залалады әсерін біз зерттеу жұмысымыздан байқадық.
Батыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда автокөліктер ауаға бөлінген зиянды 65-
75 пайызын құрайды. Бензин қозғалтқышы мен қамтамасыз етілген көлік тер 1500 км
жүргенде 4350 кг оттекті жұмсайды. Орташа есеппен 1 автомобиль 4 кг көмірқышқыл
газын бөліп шығарады [7]. Карбюраторлы және дизильді қозғалтқыштардан шығатын
пайдаланған газда 200 -ге жуық химиялық қосылыстар болады, олардың ішінде улылығы
жоғарыларға қорғасын,көміртек пен азот оксидтері, көмірсчутектерде, бенз(а)перин жа-
тады.
Пайдаланылған газдағы көмірсутектің мөлшері қозғалтқыштың жұмыс істеуіне бай-
ланысты. Автомобильдер бірқалыптылықпен жүргенге және бос жүрісіне қарағанда
екпін тежелу кезінде ластағыш заттардың шығарындысы 1,5-2 есе көбейеді. Біз 2
бағыттағы қозғалысы бар Евразия даңғалыңдағы «Клара Цеткин» аялдамасында 20 ми-
нут уақыт аралығында қанша автокөлік өткенін есептеп орташа есеппен 1 сағат және 1
тәулікте 16416 жалпы автөкөлік өтетінін анықтадық. Сонымен Евразия даңғылшының
автокөлікпен салмақталуы ГОСТ-17.2.2.03-77 бойынша орташа интинсивті көшеге жа-
татынын анықтадық. Мұнай мен көмірге қарағанда табиғи газда күкірт болмайды.Осы
тұрғыдан қарағанда газ экологиялық таза отын болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: