Қазақстан республикасы ауыл


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет114/164
Дата04.11.2023
өлшемі5,46 Mb.
#189541
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   164
Байланысты:
СЧ 2023 том 1 часть 2

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Dağüstü Nazan. Factors Affecting the Anther Culture of Wheat (Triticum Aestivum L.) 
[Техт]/ Biotechnology & Biotechnological Equipment.-2014- 16. -Р.-30-34. 
2 Muqaddasi QH, Pillen K, Plieske J, Ganal MW, Röder MS. Genetic and physical mapping 
of anther extrusion in elite European winter wheat[Техт]/. PLoS One. -2017 Nov 9-Р.-12. 
3 Tadess. Doubled haploid production in wheat[Техт]: Tadesse, Wuletaw, Sanchez-Garcia, 
Miguel, Tawkaz, Sawsan, Baum, Michael.-2019. 
ӘОЖ 546.01
ПЕРЛИТ ПЕН ВЕРМИКУЛИТ МИНЕРАЛДАРЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТІК 
ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ БАҒЫТТАРЫ
Ибатаев Ж.А., х.ғ.к., доцент1
Букеева А.Б., х.ғ.к., доцент
1
 Әшірбек А.Қ., химия магистрі, оқытушы1
Ғазизов А.Д., технолог2
1С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
Астана қ.,
2«Аралтұз» АҚ
Құс шаруашылығының мәселелерінің бірі – азықтардың микотоксиндермен, ауыр 
металдармен, пестицидтермен және т.б. ластануы. Аталған қоспалар дайын өнімде (ет, 
жұмыртқада) жинақталып, адам үшін қауіпті болуы мүмкін. Қоспалардың ішіндегі ең 
қауіптілері – микотоксиндер. Олар құстардың өнімділігін төмендетеді, жем қабылдауын 
азайтады, өсуін нашарлатады, инфекцияларға төзімділігін азайтып, өлімге жиі әкеледі. 
Нәтижесінде экономикаға біршама зардап әкеледі [1]. Көптеген микотоксиндер жоғары 
температура, қатыру, кептіру, ионизация және ультракүлгін сәулеленудің әсеріне тұрақты 
болғандықтан азықтардың дайындалу кезінде ыдырамайды. 


240
Микотоксиндермен күресудің маңызды әдісі – сорбенттерді қолдану.Олар уытты зат-
тарды, ауыр металдарды сіңіріп, зиянды әсерін азайтады. 
Азықтық сорбенттер токсиканттардың кең спектрін байланыстыруы, рН мәнінің 
түрлі мәндерінде, азықтарды грануляциялағанда термотұрақты, азықтардың пайдалы 
компоненттерін сіңірмеуі тиіс. Олардың адсорбциялық қабілеті жоғары, құстар үшін 
қауіпсіз болуы керек. 
Кең қолданылатын сорбенттердің бірі –вермикулит. Вермикулит – гидрослюдалар 
класына жататын табиғи минерал. Оның ауыр металдар иондарын, органикалық заттар-
ды (фенол, диоксин, мұнай өнімдері, канцерогендер, нитраттар және нитриттер, хлор 
және фтордың қосылыстары) сіңіретіні туралы мәліметтер белгілі [2].
Ірі қара мал азығында микотоксиндерді азайту үшін сорбенттер кешенін (перлит, 
вермикулит және полифепаннан тұратын тең пропорцияда) гепатопротектормен (урсо-
дезоксихол қышқылымен) біріктіріп қолданудың әсері зерттелген.Сорбенттер кешенін 
«Гепатон-вет» препаратымен бірге қолдану қанның морфобиохимиялық талдауы және 
жануарлардың жағдайының клиникалық диагностикасының нәтижелерімен расталған 
оң нәтижелер көрсеткен. Т-2 токсиніне, афлатоксинге және дезоксиниваленолға қарсы 
практикалық тиімділігі сәйкесінше 100%, 86%, 18% болған [2].
Жемге жалпы рационның 4% мөлшерінде вермикулитті қосу жұмыртқаның 
өндірілуіне, сонымен қатар жұмыртқаның сапасына оң әсер ететіні көрсетілген [3].
Вермикулиттіңқұрамы бойынша (Mg+2,Fe+2,Fe+3)3[(Al,Si)4O10]•(OH)2•4H2O фор-
муласына жақын келеді. Дегенмен, вермикулит құрамы жалпы формулаға сирек сәйкес 
келеді және әдетте құрамында қоспалар болады.Перлиттің негізгі компоненттері: крем-
ний диоксиді SiO2 (65-75%), алюминий оксиді Al2O3 (10-16%), калий оксиді К2О (5%-
ға дейін), натрий оксиді Na2O (4%-ға дейін), темір оксиді Fe2O3 (3%-ға дейін), магний 
оксиді MgO (1%-ға дейін), кальций оксиді CaO (2%-ға дейін), су H2O (2-6%). Перлиттің 
де құрамында басқа қоспалар кездесуі мүмкін.
«Қазвермикулит» зауытында (Павлодар) өндірілетінқопсыған вермикулит пен 
тығыздығы 150 және 200 кг/м3 сәйкес келетін М-150 және М-200 маркалы қопсыған 
перлиттің (Түркістан облысы) элементтік құрамы масс-спектрометрия әдісі (ICP-MS, 
Agilent 7500cx) арқылы анықталды. Сынаманы ерітіндіге ауыстыру фторопласт ыдыста 
балқытқыш, тұз және азот қышқылдарының қоспасымен қыздыру арқылы жүргізілді. 
Талдау нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.
1 - кесте. Вермикулит, М-150 және М-200 маркалы перлиттің анықталған элементтік 
құрамы 
No
Анықталған эле-
менттер
Құрамы, мг/кг
Вермикулит
Перлит M-150
Перлит M-200
1
Fe
57630
77610
80530
2
Al
54500
59700
65920
3
Mg
60910
42360
41970
4
K
26390
21230
18820
5
Ca
12573
15818
15349
6
Ti
2863
9787
11570
7
Na
8602
6182
3784
8
Ba
702,6
1981,4
2240
9
Mn
1039,6
649,2
612,2
10
P
315
302
345
11
Cr
562,2
286,7
173,5
12
Rb
97,96
282,2
288,4


241
13
V
32,34
237
246,4
14
Ni
700,9
135,06
115,03
15
Sr
36,29
65,93
53,1
16
Zn
128,9
64,7
42,53
17
Co
55,96
52,36
58,6
18
Cu
78,52
49,36
69,75
19
B
29,69
25,69
23,39
20
Ga
16,26
22,1
22,66
21
Zr
4,5
19,53
17,57
22
Li
20,21
19,4
20,77
23
Pb
12,16
12,54
7,09
24
Sn
2,48
12,5
2,51
25
Nb
51,38
10,74
8,77
26
Sc
6,55
10,43
11,93
27
Nd
8,18
5,6
4,93
28
Cs
5,96
5,54
5,87
29
Ce
6,04
4,79
4,36
30
Y
3,23
3,23
4,08
31
La
6,9
3,09
3,11
32
Se
2,51
2,61
2,28
33
As
1,38
2,41
1,33
34
Ge
1,78
2,09
2,18
35
Ag
0,95
0,91
0,18
36
Th
0,19
0,82
0,64
37
Pr
1,53
0,8
0,74
38
Hf
0,2
0,78
0,52
39
Be
0,55
0,61
0,83
40
W
4,31
0,54
0,53
41
Bi
0,5
0,48
0,36
42
Tl
0,29
0,48
0,54
43
Sm
0,35
0,46
0,42
44
Ta
1,22
0,42
6,13
45
Mo
0,33
0,39
0,38
46
Cd
0,38
0,33
0,35
47
Eu
0,16
0,29
0,32
48
Gd
0,28
0,27
0,28
49
Dy
0,22
0,27
0,33
50
Sb
0,21
0,26
0,32
51
U
0,09
0,25
0,13
52
Te
0,05
0,18
0,09
53
Er
0,09
0,14
0,15
54
Yb
0,04
0,07
0,1
55
In
0,03
0,07
0,04
56
Ho
0,04
0,06
0,06


242
57
Tb
0,03
0,03
0,03
58
Lu
0
0,02
0,03
59
Re
0,02
0,01
0,01
Вермикулит және перлит құрамынан олардың түрлі элементтерге бай екендігін 
көруімізге болады. Алайда олардың барлығы оксид және силикат түрінде болғандықтан 
көп жағдайда химиялық тұрғыдан берік байланысқан болып келеді. Осы себепті олар-
ды тауық өсіруде азықтық сорбент ретінде, минерал заттардың көзі ретінде қарастыруға 
болады. Тауық азығында пайдалануда минералды қосымша йодпен және өсімдік 
экстрактілерімен байытуға болады. Мұндай кешенді өнім тауық азығында жан-жақты 
әсерлі, бағалы қосымша болатыны анық.
Сондай-ақ минералды түрлі дақылдар үшін кешенді тыңайтқыш ретінде қолдануға 
болады. Құрамындағы металдардың жоғары мөлшеріне сай бұл минералдар негізіндегі 
тыңайтқыштарды қышқылдылығы жоғары топырықтар жағдайында қолдану тиімді бо-
лады. Минералдың жоғары кеуектілігі тыңайтқыш ретінде қолдану жағдайында қосымша 
ылғал ұстауға да септігін тигізетіндігін болжауға болады. 
Осылайша вермикулит және перлит минералдары келешекте қолданылу аясы кең, 
алайда әлі де зерттеуді талап ететін нысандар саналады.
Жұмыс ҚР ЖБжҒМ № AP13067774 «Биологиялық белсенді заттарды іздестіру және 
оларды ауыл шаруашылығында қолдану» ғылыми жобасы негізінде орындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет