10
жарамдылығы лабораториялық жағдайда тексерілді. Сонымен қатар эксперименттер
кезінде бүріккіштің орналасу тиімділігі бақыланып, оның саңылауы жоғары жағдайда
орнатылғаны тиімді болатыны анықталды. Бүріккіштің 60 см орнату биіктігінен бүркіп
өлшегенде жаңбырлатуені 1850–2500 мм болды [8].
1 сурет - Жалпақ ағынды сұйық бүріккіш
Бүріккіш ұштық құрылымдық тұрғыдан жақсы қорғалған жағдайда
топырақ астында
10–35 см тереңдікте СМТ-ны енгізуге, егу алдында (күзде, ерте көктемде) топыраққа
тыңайтқыш бере отырып өңдеу операциясын орындауға мүмкіндік береді.
Тарту кедергісін барынша төмендету мақсатында пышақ жұқа етіп құрылымдалған
және көлденең жағдайда жұмыс атқаруға негізделген (2а-сурет). Бұл суретте көрсетілген
чизель соқасының тарту кедергі және топырақты қопсыту күйі [11] мақалада зерттел-
ген. Егер агротехникалық
тұрғыдан талап етілсе, чизель соқасына пышақтарды екі
деңгейде немесе үш деңгейде орнатып СМТ-ны себуге де болады. Бұл сұйық минерал
тыңайтқышты деңгейлеп енгізу технологиясын қолдануға мүмкіндік береді.
2 ә суретте пышаққа орнатылған бүріккіштен суды бүрку жағдайы көрсетілген.
Егер кейбір ғалымдар ұсынғандай пышақты көлбеу [12-17] орнататын болсақ онда
пышақ астына аталған бүріккіштің бірнешеуін немесе бірнеше саңылауы бар жаңа
дизайндегі бүріккішті орнатуға болады. Бұл өз кезегінде аталған бүріккішті
қазіргі
уақытта маңызды болған саралап енгізу (site-specific) технологиясына да қолдануға бо-
латынын көрсетеді.
а
ә
2 сурет - Топырақ өңдеу пышағы және бүріккіш
Сонымен қатар бүріккішті пышақпен немесе арнайы тұтқамен қолданып топырақ
бетінен 10–20 см биіктікте беткейлік бүрку жұмысын атқаруға болады.Бұл өз кезегінде
бүркілген сұйық бөлшектерінің желмен ұшып (drift) кетуін, булануын төмендетеді.Бүрку
ауқымы кең болғандықтан (бүрку бұрышы 160–175°) ұштық орнатылған чизельдер са-
нын азайтуға да болады, яғни үнемдеуге алып келеді.
Бүріккішті жебе табан соқамен қолдануға болатыны да қарастырылды және тәжірибеде
тексерілді. Мұнда қажетті бүрку бұрышы α1 параметрін (1-сурет) реттеунегізінде алына-
11
ды.Орнату қалпын,орнату биіктігін және βменγ бұрыштарды [8] ескерген жағдайда табан
астына бір, екі бүріккіш немесе бірнеше бүріккіш орнатып қолдануға болады (3-сурет).
Бұл жағдайда саралап енгізу технологиясын қолдайды.Табан астына орнату құрылымы
оңтайлы
болғанда, сұйық минерал тыңайтқыш дәнді егу мен қатар жүргізуге болады.
3 сурет - Бүріккішті табанға орнату тәсілдері
Аталған тәсілдер толық қарастырылса ұсынылған бүріккішті қолданып саралап
енгізу технологиясын жетілдіруге, өз кезегінде топырақ құнарлығын арттыруға, қазіргі
күндегі климат өзгерісі кезіндегі ылғалдандыру мәселелерін шешуге де мүмкіндік береді.
Тыңайтқыштарды топырақ астына беру экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: