Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыстың ғылыми
жаңалығы ретінде кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресте шетелдік
және отандық қылмыстық заңнамаға шолу жасалуын, сонымен бірге кәмелетке
толмағандар қылмыстылығымен күресудің қазіргі жағдайына сипаттама
берілетінін атап өткен жөн. Зерттеу жұмысында кәмелетке толмаған
қылмыскерлердің
қылмысқа
бару
себептері
мен
жағдайларына
криминологиялық талдау беріліп, оның ерекшеліктері айқындалып, кәмелетке
толмағандардың қылмыстылығымен күрес шараларын жетілдіру жолын
анықтауға ұмтылыс жасалды.
Бұл диссертациялық зерттеу кәмелетке толмағандар қылмыстылығының
қылмыстық-құқықтық және криминологиялық негіздерін кешенді зерттейтін
дербес ғылыми жұмыс болып табылады. Диссертацияда кәмелетке толмаған
дардың қылмыстылығының дамуына ықпал ететін мән-жайлар жүйеге
келтіріліп, олардың шеңбері нақтыланды. Қылмыстық құқық теориясында
толық қарастырылмаған және заңнамамен жеткілікті реттелмеген кейбір мән-
жайлар аталып, оларға теориялық талдау жасалады. Кәмелетке толмағандар
қылмыстылығының себептеріне және салдарына қатысты мәселелер ой
елегінен өткізіледі. Теориялық ой-тұжырымдаулардың негізінде қылмыстық
құқықта кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын болдырмауға бағытталған
заңнаманы жетілдіруге байланысты ұсыныстар білдіріледі.