Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы


Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата24.12.2021
өлшемі0,73 Mb.
#128491
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
Ксеубаева Л.А. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН...
7 Б тізім жұмыспен, Балауса МАД адистемелик Баян, Лингвоконцептология диплом, 7 сынып 4 токсан бжб, test elektrotehnika
Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер:
 
1. 
Қолданыстағы 
«Кәмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың  профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  және 
панасыз  қалуының  алдын  алу  туралы»  Қазақстан  Республикасының                   
2004  жылғы  9  шілдедегі  №  591  Заңының  1-бабын  «әлеуметтік  қауіпті 
жағдайдағы  кәмелетке  толмаған  -  бұл  қадағалаусыздық  немесе  панасыздық 
салдарынан  оның  өміріне  немесе  денсаулығына  қауіп  төндіретін  не  оны 
тәрбиелеуге  немесе  бағып-күтуге  қойылатын  талаптарға  сай  келмейтін 
жағдайда  болатын  не  құқық  бұзушылық  немесе  қоғамға  жат  іс-әрекеттер 
жасайтын  адам»  анықтамасымен  толықтыру  қажет.  Бұл  осындай  кәмелетке 
толмағандар мен отбасылардың нақты аражігін ажыратуға мүмкіндік береді. 
2.  Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарының 
алдын  алу  шараларын  жетілдіру  мақсатында  және  шет  мемлекеттерінің  оң 
тәжірибесін  зерделеу  нәтижесінде  «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың  профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  және 


 
 
9
 
 
 
 
 
панасыз  қалуының  алдын  алу  туралы»  Қазақстан  Республикасының                
2004  жылғы  9  шілдедегі  №  591  Заңын    келесі  мазмұндағы  баппен  толықтыру 
қажет: 
 «18-1  бап.  Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың, 
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы шаралары. 
1.  Құқық  бұзушылықтың  жалпы  профилактикасы  мемлекеттік  және 
қоғамдық  институттар  арқылы  кәмелетке  толмағандар  арасында  құқық 
бұзушылықты  туындататын себептерді және құқық бұзушылық жасауға ықпал 
ететін  немесе  олардың  жасалуын  жеңілдететін  жағдайларды  анықтауға  және 
жоюға,  сондай-ақ  кәмелетке  толмағандардың  құқықтық  сауаттылық  деңгейін 
арттыруға және құқықтық санасын дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық-
басқарушылық шаралар арқылы іске асырылады. 
2. 
Кәмелетке 
толмағандар 
арасында 
құқық 
бұзушылық 
профилактикасының арнаулы шаралары  құқық қорғау және сот органдарының 
құқық  бұзушылықтарды  не  оларды  жасауға  ықпал  ететін  себептер  мен 
жағдайларды,  сондай-ақ  мінез-құлқы  құқыққа  қарсы  немесе  қоғамға  жат 
сипаттағы кәмелетке толмағандарды анықтаған кезде қолданылады. 
3. 
Кәмелетке 
толмағандар 
арасында 
құқық 
бұзушылық 
профилактикасының  жеке  шаралары  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу 
субъектілері  оларға  тәрбиелік  ықпал  етуге,  олардың  мінез-құлқына  теріс  әсер 
ететін  факторларды  жоюға,  сондай-ақ  құқық  бұзушылықтан  зардап  шеккен 
немесе  осындай  болу  қаупіне  ұшыраған  кәмелетке  толмағандарға  көмек 
көрсетуге  бағытталған.  Құқық  бұзушылықтың  жеке  профилактикасы  құқық 
бұзушылық профилактикасының арнаулы шаралары қолданыла отырып жүзеге 
асырылуы мүмкін». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет