Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі.
Зерттеу жұмысының негізгі
нәтижелері, теориялық ережелері, оларға негізделген ұсыныстар мен
тұжырымдар Құқық қорғау органдары академиясының Арнайы заң пәндері
кафедрасында талқыланды, сонымен қатар олар халықаралық және
ведомоствоаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.
11
1.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ
КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының түсінігі мен
белгілері
Қоғам мүддесі үшін аса ауыр құбылыс – бұл кәмелетке толмағандардың
қылмыстылығы. Әрбір заңды бұзған жасөспірім – елдің болашақ дамуының
кем тұсы болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы
– ерекшелігі әлеуметтік
ортаға, қылмыс жасаған жасөспірімдердің жеке тұлғасына тән қасиеттерге
және қолданыстағы қылмыстық заңға байланысты болатын қылмыстылықтың
бір түрі.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ұғымы кәмелетке толмаған
тұлғалармен, яғни 14-тен 18 жасқа дейінгі тұлғалар жасалған қылмыстар
жиынтығымен байланысты.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына кіші
жастағы жасөспірімдердің (10-13 жас аралығында) және жастармен
(18-21 және 22-25 жас шамасындағылар) қоғам үшін қауіпті әрекеттердің
жасауы
ықпал
етеді.
Мысалы,
жасөсіпірімдер
олар
қылмыстық
жауапкершілікке тартуға болатын жасқа толғанға дейін объективті жағынан
қылмыстарға ұқсас, алайда заң бойынша қылмыс болып табылмайтын қоғам
үшін қауіпті іс-әрекеттер жасайды [3, 89 б.].
Кәмелетке
толмағандардың
асқан
криминалды
белсенділігі
жасөспірімдік жастағы тұлғалардың жас ерекшеліктерімен байланысты.
Кәмелетке толмағандарда, жастарда қуаты көп болады, олар жаңалық ашуға,
осыған дейін беймәлім нәрсені ашуға, инновациялық іс-әрекетті жасап өз
ісінің дұрыстығын дәлелдеп беруге ұмтылып тұрады. Өкінішке орай, қазіргі
кезде кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы түбегейлі жоюға келмей
тұрған әлеуметтік құбылыс болып табылады, алайда мемлекет болып, қоғам
болып қылмыстылықтың осы түрінің өсіп-өршіп кетпеуіне, яғни кәмелетке
толмағандардың қылмыстылығын тежеуге бағытталған барлық шараларды
қолдануға болады және қолдану керек.
Кәмелетке толмағандардың қылмысы жалпы қылмыстың білгілі бір
құрамдас бөлігі болып табылады, бірақ өзінің ерекшеліктері болғандықтан,
бұл кәмелетке толмағандар қылмыстылығын криминологиялық зерттеудің
дербес объектісі түрінде қарауға мүмкіндік береді. Осындай қажеттілік
кәмелетке толмағандардың
психикалық, адамгершілік және соматикалық
д
амуының ерекшеліктеріне, олардың толық әлеуметтік жетілмеуіне
байланысты болып келеді. Кәмелетке толмаған адамның адамгершілік
12
қалыптасуы кезінде тәжірибесінің жинақталуы, оның ішінде теріс
қылықтарының да, ол сырттай байқалмауы немесе кешірек көрініс беруі
мүмкін.
Мемлекет кәмелет жасқа толмағандар қылмыстылығының алдын алуға,
балалардың бақылаусыздығымен, жасы үлкен құқық бұзушылардың балалар
мен кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына теріс ықпалымен күреске
ерекше назар аударып отыр [4].
Он төрт жастан бастап он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар бір
жағынан әлеуметтендірудің жеткілікті жоғары деңгейіне жетеді
(оларда
дербестік, табандылық, өз мінез-құлқын бақылау, өзін-өзі ұстау қабілеті
пайда болады),
екінші жағынан – жеке тұлғаны одан әрі әлеуметтендіру
жүреді
(мектепте немесе техникумда оқыту жалғасады немесе аяқталады,
қоғамда өз орнын түсінеді, тұлғааралық қарым-қатынас тәжірибесі
жинақталады).
Қазақстан Респуликасының қолданыстағы Қылмыстық
кодексіне сәйкес «қоғамға қауіп төндіретін әрекеті үшін қылмыстық
жауапкершілікке қылмыс жасағанға дейін жасы он алтыға толған тұлға
тартылады». Сонымен қатар кәмелетке толмаған қылмыстың қоғамдық қаупін
түсінетін кезде, қылмыстық жауапкершілікке он төрт жастан тартылатыны
аталған Кодекстінің 15-бабында анықталған [5].
Кәмелетке толмағандарың қылмыстылығы ересектер қылмыстылығымен
тығыз байланысты болады. Кәмелетке толмағандарды қылмыстылық әрекетке
тарту кезінде ересектер оларды арандату жолымен, олардың тілегінен тыс
қылмыстылық әрекетке тарту, олардың сенгіштігі мен білместігінпайдалану
жолымен жүзеге асыруы мүмкін
.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстылық әрекетке тарту оларға
физикалық немесе психикалық ықпал ету арқылы (алдау, қорқыту, уәде ету,
қауіптендіру, күш көрсету, есірткі қолдану т.б.) қылмыс жасауға итермеллеуі
мүмкін. Мұндай жағдайда қылмыс әрекеті нақты жасалған сәтте,
қарастырылатын қылмыстың құрамы жоқ болған кезде аяқталды деп саналады.
Кәмелеткетолмағандады қылмыстылық әрекетке тарту әртүрлі болуы
мүмкін: қылмыстылыққа қызығушылығын тудыру, кәмелетке толмағандар
арасында әңгімелер, түрлі кештер ұйымдастыру, қылмыстылық әрекетке
жататын әртүрлі тапсырмалар беру арқылы да іске асырады.
Мұндай жағдайларда заң кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы және
адамгершілікке жат кәсіпке тартуда ересектердің белсенді ықпалы болу-
болмағанын қарастырады.
Әдетте
кәмелетке
толмағандар
қылмыстылығының
келесідей
ерекшеліктері болады:
1)
көптеген қылмыстардың кенеттен жасалауы;
2)
асқан жасырындылық;
13
3)
отбасы ішінде жасалатын және тұрмыстық сипаттағы қылмыстар
деңгейінің
(жәбірленушілер – кәмелетке толмағанның отбасы мүшелері
немесе отбасыға жақын адамдар)
жоғары болуы т.б.
Қазіргі кездегі кәмелетке толмағандар қылмыстылығына тән белгілер
келесідей:
Достарыңызбен бөлісу: |