Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы



Pdf көрінісі
бет22/54
Дата24.12.2021
өлшемі0,73 Mb.
#128491
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Байланысты:
Ксеубаева Л.А. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН...
7 Б тізім жұмыспен, Балауса МАД адистемелик Баян, Лингвоконцептология диплом, 7 сынып 4 токсан бжб, test elektrotehnika
(2019  жылы  барлығы 
2824, оның ішінде ер балалар - 2631)

 
 
Көп  жағдайларда  кәмелет  жасқа  толмағандардың  құқық  бұзушылықтары 
кәмелетке  толмағандар  арасындағы  ұйымдастыру  және  тәрбиелік  жұмыстың 
кемшілігімен  түсіндіріледі.  Оларға  ең  бірінші  қатарда  мыналар  жатады:  білім 
беру  органдарының  жалпыға  міндетті  білім  беру  туралы  заңның  орындалуын 
қамтамасыз  ету  бойынша  жұмысындағы  кемшілік;  кәмелетке  толмағандар 
істері бойынша комиссияның ескерту жұмыстарындағы кемшілік; прокурорлық 


 
 
44
 
 
 
 
 
қадағалау,  қылмыстық  тергеу,  полиция  органдарының  жұмыстарындағы 
кемшілік,  мектептегі  және  жұмыс  орнындағы  тәрбиелік  жұмысты 
ұйымдастырудағы  және  бос  уақытты  ұйымдастырудағы  кемілік;  тәрбиенің 
жоқтығы,  сондай-ақ  қолайсыз  жағдайларда  жүрген  балалар  мен  кәмелетке 
толмағандарды орналастыру бойынша шұғыл шаралардың жоқтығы т.с.с. 
Кәмелетке  толмағандардың    сананы  дұрыс  тәрбиелеу  қолайсыз 
отбасылардың азаюының бір құралы болып келеді. 
Балалар тәрбиеледегі маңызды орын отбасына беріледі. Өмір заңы  сол - 
өзара  көмекке  дайын,  ұйымшыл  болып  саналған  отбасында  тәрбие  алған 
балалар  тәрбиелі  және  еңбекқор  болып  шығады.  Оған  қоса,  ата-аналары 
балалардықорғау  мен  тәрбиелеуге  қатысты  қолданыстағы  заңнамалық 
актілермен  жеткілікті  түрде  таныс  болса,  осы  маңызды  міндетті  тиісінше 
жемісті орындап шығады. 
Отбасында кәмелетке толмағанның дұрыс тәрбие алып, өсуі үшін елімізде  
көп  жағдайлар  жасалуда.  Біздің  қоғамда  отбасы  ұрпақты  тәрбиелеу  ісіне 
маңызды  қадамдар  жасап,   үлесін қосып  келеді.  Отбасының  тәрбиелік  ықпалы 
қоғамдық  тәрбиеге  барынша  жақын  тұрса,  соншалықты  ол  күшті,  әрі  өнімді 
болмақ. 
Келешек  ұрпақты  тәрбиелеу,  оның  дене  және  рухани  жағынан  дамыту 
отбасының маңызды міндеті болып сана

лады  
Балаларды 
тәрбиелеудің 
маңыздылығын 
орыстың 
педагогы 
А.С.Макар

енко:  «Балаларды  тәрби

елеу  –  бұл  біздің  өміріміздің  маңызды 
саласы.  Біздің  балаларымыз  бұ

л  –  біздің  еліміздің  азаматтары  және  әлемнің 
азаматтары.  Олар  болашақ  әкелер,  аналар,  оларда  өз  балаларын  тәрбиелейтін 
болады. Біздің балаларымыз жақсы азамат, жақ

сы әке және ана болып өсулері 
қажет.    Бірақ  осымен  қатар:  біз

дің  балаларымыз  бұл  –  біздің  қарттығымыз. 
Дұрыс  тәрбиелеу  бұл  –  бақытты  қарттық,  жаман  тәрбиелеу  бұл  -    біздің 
болашақтағы  қайғымыз,  біздің көз  жасымыз,  бұл-  біздің басқа  адамдар  мен  ел 
алдындағы кінәмыз» [35] - деген екен. 
Біздің  республикамызда  мемлекеттік  бюджеттен  қалдық  қағидаты 
бойынша  білімге  қаржы  бөлінеді.  Осыған  байланысты  өскелең  ұрпақты 
тәрбиелеу мен оқыту бойынша шараларды қаржыландыруды одан әрі жақсарту 
қажеттігі туындап отыр. 
Кәмелетке 
толмағандардың 
өмір 
тәжірибесінің 
жеткіліксіздігі, 
олардыңдамуының тәрбиелеуі мен дұрыс жағдайының жеткіліксіздігі, олардың 
көбінде батылдық, достық туралы бұрмаланған, қате ойды қалыптастырады.  
Кәмелет жасқа толмағандардың көбісі батылдықты - ештеңеден қорықпау 
қабілеті  деп,  қауіпті  істерге  бару  деп  түсінеді.  Шешімділікті  олар  ойланбай, 
пікі

рге  салмай  әрекет  ету  деп  біледі.  Тәуелсіз  болу  деген  олардың  ойынша  – 
ешкімнен  ақыл  сұрамай,  ойланбастан  барлығын  өзі  шешу  деп  ойлайды.. 


 
 
45
 
 
 
 
 
Қарпайымдылық  қасиеті  олар  үшін  –  көнгіштік  болса,  ал  тіл  алғыштықты  – 
бағыну деп ұғады екен [35]. 
«Өз  өміріңде  егер  де  бір  түп  ағаш  отырғызсаң  -    бұл  өміріңнің  бос 
өтпегені. Егерде жақсы адамды өсіріп, тәрбиелесең - өміріңнің бұдан екі есе бос 
өтпегені» деген халық нақылын әрдайым есте ұстаған жөн. 
Сондықтан,  кәмелетке  толмағандардың  құқық  бұзушылыұтарын  алдын 
алуға  жауапты  мемлекеттік  және  құқыққорғау  органдары,  қоғамдық  ұйымдар 
әсіресе  прокуратура  органдарының,  ішкі  істер  органдарының  қызметкерлері 
мен  соттың  назары  кәмелетке  толмағанның    теріс  ықпалға  түсіп,  қылмыс 
жолына  түсір  кетуін  болдырмау  мақсатында  жоғарыда  аталған  осындай 
әрекеттерден сақтау мен ескертуге бағытталуы қажет.  
Қорытындылай  келе,    кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығы,  оған 
итермелейтін  себептер  мен  жағдайлар  мәселесі  қазіргі  кезде  тек  криминолог 
мамандарды  толғандыратын  мәселе  ғана  емес,  бүкіл  қоғамды  толғандыратын 
мәселе екені анық. Өскелең ұрпақтың болашағы саналы да салиқалы, әрі білімді 
де білікті бүгінгі біз тәрбиелеп жатқан балалардан шығатынын ұмытпағанымыз 
жөн. 
Сонымен,  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығы  –  бұл  кәмелетке 
толмаған тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жасаған қылмыстар 
жиынтығы.  Кәмелетке  толмағандардың  құқық  бұзушылықтары  қазіргі 
заманның аса маңызды криминалды мәселелерінің бірі болып табылады.  
Кәмелетке 
толмағандар 
қылмыстылығының 
негізгі 
себептері: 
отбасындағы қолайсыз тәрбиелеу факторы, құқыққа қарсы өмір  сүру жағдайы,  
ата-аналарында  түрлі  жүйке-психикалық  аурулардың  болуы,  ішімдік, 
нашақорлық,    кәмелетке  толмағандардың  бос  уақытты  тиімсіз  өткізуі, 
кринимогенді ортаның кері әсері болып табылады.  
Сонымен  қатар,    балалардың  мінез-құлқына  ата-аналардың  формальды 
бақылауының әлсіреуі  ғана емес, отбасының қалыптасқан микроклиматы, ата-
аналарға  өзінің  тәрбие  функцияларына  қатысты  елеулі  ақаулар,  балалардың 
әлеуметтік  жауапсыздығы,  олардың  тағдырына  немқұрайлығы  немесе  балалар 
үшін  де  осы  функцияларды  толыққанды  орындаудың  мүмкін  еместігі  туралы 
болып  отыр.  Сондықтан  аса  қауіпті  жағдайда  қалған  отбасыларда  әлеуметтік 
көмек  көрсету  жөніндегі  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  мекемелердің 
барлық күш-жігері шоғырлануы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
46
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет