Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы



Pdf көрінісі
бет20/54
Дата24.12.2021
өлшемі0,73 Mb.
#128491
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
Байланысты:
Ксеубаева Л.А. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН...
7 Б тізім жұмыспен, Балауса МАД адистемелик Баян, Лингвоконцептология диплом, 7 сынып 4 токсан бжб, test elektrotehnika
(Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  жауаптылығы)
сәйкес«кәмелетке 
толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он 
төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар» танылады [5]. 
Осы  ретте,егер  заңнамадакөзделген  жасқа  жеткенге  дейін  құқық 
бұзушылық  субъектісі  ретінде  кәмелетке  толмаған  тұлға  келтірген  әлеуметтік 
зиянға сай теріс сипаттағы мәжбүрлеу шаралары оған қолданылмайды. 
Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  жауапкершілігі  әкімшілік 
жауапкершілік сияқты «он алты жастан басталады, тек қорғалатын объектілерге 
қол  сұғудың  қауіптілігі  мен  ол  обьектінің  маңыздылығымен  негізделген  кей 
әрекеттер үшін он төрт жастан басталады»  [5].  


 
 
26
 
 
 
 
 
Ал, жоғарыда аталған Кодекспен қылмыстық жауапкершілікке заңнамада 
көзделген қылмыс жасағаны үшін қылмыс жасау сәтінде 18 жасқа толған адам 
тартылатынаны айқындалған. 
«Кәмелетке  толмаған  адамдардың  қылмыстық  құқық  бұзушылықтары 
және  оларды  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар  мен  қоғамға  қарсы  өзге  де  іс-
әрекеттер  жасауға  тарту  жөніндегі істер  бойынша  сот  практикасы  туралы»  ҚР 
Жоғарғы  Сотының  2002  жылғы  11  сәуірдегі  нормативтік  қаулысына  сәйкес 
«қылмыстық  процесті  жүргізуші  органдар  кәмелетке  толмағандардың  істері 
бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның жасын (туған жылын, 
айын,  күнін)  дәл  анықтау  жөнінде  шара  қолдануға  міндеттенеді.  Бұл  орайда 
адамның  белгілі  жасқа  толуы  ол  туған  күні  емес,  келесі  тәуліктен  бастап 
есептелетіні  айқындалған.  Егер  адамның  жасын  растайтын  құжаттар  болмаған 
жағдайда  немесе  ол  құжаттар  күмән  тудыратын  болса,  заңнамаға  сәйкес 
сараптама тағайындалып, олар белгілеген жылдың соңғы күні туған күн  болып 
есептеледі.  Сондай-ақ,  сараптамашылар  жастың  ең  төменгі  және  ең  жоғарғы 
мөлшерін  жылдар  санымен  белгілесе  (мысалы,  14-тен  15-ке  дейін),  онда 
сараптама  ұсынған  жастың  ең  төменгі  мөлшері  есепке  алынуы  қажет»  деп 
түсініктеме берілген (2-б.) [15]. 
Қылмыс  субъектісі  жасына  қатысты  пікірлер  ерте  жазбаларда  түрліше 
болғаны  белгілі.    С.  Өзбекұлы:  «Жеті  жарғы»  заңы  бойынша  қылмыстық 
жауаптылыққа тарту 13 жасқа толғаннан бастапен басталғанын пайымдайды.Ал 
«он үш жаста отау иесі»  [18, 26 б.] деген сөз әрбір адам өз әрекетіне жауап бере 
алатынының белгісі болу керек. 
Бұл  мәселеге  қатысты  П.Е.  Маковецтің  еңбектерінде  мына  бір 
мәліметтерге  назар  аудар  аудартады.  Оның  айтуына  бойынша,  егер  де 
қылмысты  жас  балалар  жасайтын  болса,  олар  үшңн  жауапкершілік  азаятын 
көрінеді. Осы орайда баланың ақыл-есінің қандай екенін анықтау үшін  сынау 
практикасы қолданылып отырған [19, 18 б]. 
Қазақтың  әдеттік  құқығы  жөнінде  өзге  материалдарда  жазалау  кезінде 
айыпталушының  жасына  көңіл  аудармайтыны  Игошев  К.Е.  зерттеуінде                  
Д.  Андре  жинаған  жазбаларда  айтылған.  Д.  Андре  материалдарының 
құндылығы  сол,  оларды  қазақтың  білгірлері  –ақсақалдар  мен  билер  растап, 
қолдарын қойып, таңбаларын басып отырған (1864 жыл) [20, 39 б.]. 
Алайда  өткен  ғасырдаңы  орыс  зерттеушілерінің  жинаған  құжаттарында 
қылмыскердің жасына байланысты өзге пікірлер айтылады.  
Мәселен,  орыс  зерттеушісі  С.Самоквасов  жариялаған  еңбегінде: 
«Қылмыс жасаған ер балаларға он үш жастан, ал қыз балаларға 9 жастан бастап 
дүре  соғылатын.  Бұл  жасқа  жетпеген  балалар  шыбықпен  шықпыртылатын, 
бірақ тіптен жас балаларға ешбір жаза қолданылмайды» делінген [21,16 б.]. 


 
 
27
 
 
 
 
 
Қазіргі  кезде  әлем  елдерінде  кәмелетке  толмағандардың  толық 
қылмыстық  жауаптылық  жасы  әрқалай  белгіленеді.  Ол  әдетте  он  сегіз  жасқа 
толғанда басталады.  
Мәселен,  Польшада  қылмыстық  жауаптылық  жасы  он  жеті  жасқа 
толғаннан басталады және ол белгілі бір жағдайларда қылмыс сипатына немесе 
кәмелетке  толмағанның  тұлғасына  байланысты  он  сегізжасқа  толу  сәтінен 
басталады. 
Көптеген  елдердің  қылмыстық  заңдарында  кәмелетке  толмағандар  мен 
балаларға  қылмыстың  жеке  түрлері  үшін  қылмыстық  жауапкершілік 
көзделгенмен, бұл  жастың шегі барлық мемлекеттерде бірдей емес.  
Мәселен,  Швейцария  мемлекетінде  қылмыстық  жауапкершіліктің 
бастапқы  шегі  –  7  жас  болса,  Жапония  елінде  –  14  жас,  Ұлыбританияда  –  10 
жас,  Латвияда  –  12  жас  ,  Польшада  –  15  жас  болса,  Ресей  Ферациясында  –  14 
жас болып табылады. 
Он  төрт  жастан  (немесе  он  бес,  ан  алты)  жастан  он  сегіз  жасқа  дейінгі 
қылмыстық  жауаптылық  ерекше  жағдайлармен  шектеледі,  яғни  олар  қоғамға 
үлкен  қауіп  келтірмейтін  қылмыс  жасаған  болса  тәрбиелік  әсері  бар  шаралар 
қолдаылады дегенді білдіреді (бұл институт Венгрия, Чехия, Румынияда, басқа 
да  бңрқатар  елдерде  бар).  Югославия  мемлекетінің    1976  жылғы  Қылмыстық 
Кодексіне  сәйкес  кәмелет  жасқа  толмағандарды  төменгі  жастағы  кәмелетке 
толмағандар  (ол  14-16  жас  деп  белгіленген)  және  үлкен  жастағы  кәмелетке 
толмағандар (16-18 жас деп белгіленген) деп бөледі екен. 
Осы  орайда  психология  ғылымдарының  докторы  М.Неймарктың  ерте 
интеллектуалды  даму  да,дене  бітімінің  акселерациясы  да  баланың  рухани  
жағынан  дамуының  тездетілуіне,өз-өзін  саналы  басқарудың  тездетілуге,  жеке 
қылықтарының  мәнін  түсінуге  әкелмейтіні  туралы  тұжырымдауының  ерекше 
мәні бар екенін атап өткен маңызды [22, 13 б]. 
Сондықтан  да  заң  күшінің  мүмкіндіктерін  толықтай  пайдалану  арқылы 
кәмелетке толмаған тұлғаға дұрыс тәрбие беруге, оны оң жолға салуға, олардың 
құқық пен мораль нормаларын сақтауына аса мән берілуі тиіс деп ойлаймыз. 
Кәмелет  жасқа  толмағандардың  әрекетке  қабілеттік  құқығы  Қазақстан 
Республикасының  Азаматтық  кодексімен  айқындалады.  Осылайша,  аталған 
Кодекстің  22-бабында  көзделгендей«он  төрт  жастан  он  сегіз  жасқа  дейінгі 
кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңды 
өкілдерінің келісімімен мәмілелер жасай алады» (22-б. 1-т.).  
Ал  «заңды  өкілдерінің  келісімінсіз,  өз  бетінше  мыналарды  істеуге 
құқылы: 
- өзінің табысына, стипендиясы мен өзге де кірістеріне билік етуге, өздері 
жасаған  интеллектуалдық  меншік  құқығы  бар  объектілеріне  билік  етуге, 
тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға (22-б. 2-т.) 


 
 
28
 
 
 
 
 
-  банкке  салымдар  салуға  және  өздері  салған  салымдарға  дербес  билік 
етуге құқылы» екен (25-б. 1-т.) 
Сонымен  бірге    кәмелетке  толмағандарКодекстің  ережелері  бойынша 
«өздері жасаған  мәмілелер  бойынша  дербес  жауапты  болады,  өз  әрекеттерінен 
келтірілген зиян үшін жауапты болады» (22-б. 4-т.) 
Осымен бірге,  жасы он алтыға келген кәмелетке толмаған адам, егер ол 
еңбек  шартыбойынша  жұмыс  істейтін  болса  немесе  заңды  өкілдерінің 
келісіміменкәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  болса,  толығымен  әрекетке 
қабілеттідеп жариялануы мүмкін (22-1-б. 1-т) [23]. 
Осылайша, 
кәмелетке 
толмағандардың 
әрекет 
қабілеттілігінің 
ерекшеліктерінің,  сондай-ақ  балалардың  азаматтық  құқықтық  қатынастарға 
қатысу  механизмін  қамтамасыз  ететін  басқа  да  институттардың  ҚР  азаматтық 
кодексінде  бекітілуі  балалардың  құқықтық  жағдайын  құқықсубъектісі  ретінде 
мәлімдеп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  Қазақстанның  құқықты  жүйесін 
құрайтын халықаралық актілерге сәйкес кәмелеткетолмағандардың құқықтарын 
толығымен жүзеге асыруға және қорғауға жағдай жасалынуы дәлелі. 
Қазақстан  Республикасында  кәмелетке  толмағандар  арасындағы 
қылмыстылықтың  алдын  алу  мәселесі  ҚР  Конституциясымен,  халықаралық 
құқықтық нормаларымен,  сонымен  қатар  «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы 
құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және 
панасыз  қалуының  алдын  алу  туралы»  Заңымен  [12]  заңнамалық  түрде 
реттеледі. 
Бұл  заңнамалық  актіге  сәйкес  Қазақстанда    құзыретті  органдар  қызметі 
кәмелетке толмағандар арасында панасыздықтың, қадағалаусыздықтың және де 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметін жүргізеді, әлеуметтік 
қауіпті  жағдайдағы  балалардың  заңды  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға 
бағытталған. 
Бұл  ретте,  «егер  кәмелетке  толмаған  балаата-анасының  немесе  олардың 
заңды  өкілдерінің,  сондай-ақ  кәмелетке  толмағандарды  қадағалауды  жүзеге 
асыруға  міндетті  оқыту,  тәрбиелеу  және  өзге  де  мекеме  педагогтарының, 
тәрбиешілерінің  және  басқа  да  қызметкерлерінің  тарапынан  оны  тәрбиелеу, 
оқыту  және  бағып-күту  жөніндегі  міндеттерді  орындамауы  немесе  тиісінше 
орындамауы  салдарынан  не  оның  үйден  немесе  баланың  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі  функцияларды  жүзеге  асыратын  ұйымдардан  өз  бетімен  кетуі 
салдарынан  мінез-құлқына  бақылау  болмаған  жағдайда  қадағалаусыз  қалған 
бала»  [12]  деп  есептеледі.  Ал  тұрғылықты  жері  жоқ  қадағалаусыз  қалған  бала 
панасыз қалған бала деп есептеледі. 
Аталған  Заңға  сай  «қадағалаусыз  қалу  деп  кәмелетке  толмағандардың 
құқық бұзушылықтар жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен тұрмыс 


 
 
29
 
 
 
 
 
жағдайына  тиісінше  бақылаудың  жоқтығымен  сипатталатын  әлеуметтік 
құбылыс» (1-б.) деп түсініледі [12]. 
Айта  кететін  жайт,  қолданыстағы«Кәмелетке  толмағандар  арасындағы 
құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және 
панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын 
зерделеу  кәмелетке  толмағанның  және  өмірлік  қиын және  (немесе)  әлеуметтік 
қауіпті  жағдайдағы  отбасының  ұғымын  анықталмағанын  көрсетіп  отыр.  Ал 
тиімді профилактикалық жұмыс үшін бұл қажет.  
Мәселен,  «Кәмелетке  толмағандардың  қадағалаусыздығы  мен  құқық 
бұзушылықтарының  алдын  алу  жүйесінің  негіздері  туралы»  Ресей 
Федерациясының  1999  жылғы  №  120-ФЗ  ФедералдықЗаңында  «..әлеуметтік 
қауіпті  жағдайдағы  кәмелетке  толмаған  -  бұл  қадағалаусыздық  немесе 
панасыздық салдарынан оның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін не 
оны  тәрбиелеуге  немесе  бағып-күтуге  қойылатын  талаптарға  сай  келмейтін 
жағдайда  болатын  не  құқық  бұзушылық  немесе  қоғамға  жат  іс-әрекеттер 
жасайтын адам (1-бап)» [24] деп айқындалған. 
Осыған  ұқсас  ұйғарымдарды  жоғарыда  аталған  «Кәмелетке  толмағандар 
арасындағы  құқық  бұзушылықтардың  профилактикасы  мен  балалардың 
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР  Заңына да енгізу 
қажет  деп  санаймыз,  өйткені  бұл  осындай  кәмелетке  толмағандар  мен  сондай 
отбасылардыңнақты аражігін ажыратуға мүмкіндік береді. 
Жалпы  құқық  бұзушылық  профилактикасы,    оның  ішінде  кәмелетке 
толмағандарға 
қатысты 
құқық 
бұзушылықтары 
профилактикасының 
субъектілері  «Қылмыстық  құқық  бұзушылық  профилактикасы  туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңының 2-тарауында көрсетілген [25]. 
Осы  аталған  құқық  бұзушылық  профилактикасы  саласында  әрбір 
субъектінің міндеттері мен құзыреттері анықталған, осылайша: 
«Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті келесідей: 
- құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың 
негізгі бағыттарын әзірлейді; 

құқық  бұзушылық  профилактикасы  жөніндегі  республикалық 
ведомствоаралық комиссияны құрады және таратады; 
-  құқық  бұзушылық  профилактикасы  субъектілерінің  өзара  іс-қимылын 
және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді; 
-  құқық  бұзушылық  санының  өсуіне  әкеп  соғатын  дағдарыстық 
демографиялық  процестерге  жол  бермеу,  жұмыссыздықтың  күрт  өсуін  және 
халықтың  өмір  сүру  деңгейінің  құлдырауын  тежеу  жөнінде  уақтылы  шаралар 
қабылдауды қамтамасыз етеді; 
-  өзiне  Конституциямен,  заңдармен  және  Президент  актiлерiмен 
жүктелген өзге де функцияларды орындайды». 


 
 
30
 
 
 
 
 
Ал «жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті: 
- әкімнің ұсынуы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі 
жергілікті ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамын бекітеді; 
-  жергілікті  бюджеттерді  құқық  бұзушылық  профилактикасына  арналған 
шығыстар бөлігінде бекітеді және олардың орындалуын бақылайды; 
-  азаматтар  мен  ұйымдардың  осы  Заңның  нормаларын  орындауына 
жәрдемдеседі; 
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
Жергілікті атқарушы органдар:      
-  құқық  бұзушылық  профилактикасы  субъектілерінің  өзара  іс-қимылын 
жергілікті деңгейде қамтамасыз етеді; 
- құқық бұзушылықтар профилактикасына қатысатын азаматтардың және 
ұйымдардың есебін жүргізеді, азаматтарды және ұйымдарды қоғамдық тәртіпті 
сақтауға тарту жөнінде шаралар қолданады, оларды көтермелеудің түрлері мен 
тәртібін айқындайды; 
- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі; 
 
-  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және 
өзін-өзі  басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес 
қылмыстық-атқару  жүйесінің  мекемелеріндегі  сотталғандарды  жұмыспен 
қамтуға жәрдемдеседі; 
-  тиісті  жергілікті  өкілді  органдарға  құқық  бұзушылық  профилактикасы 
жөніндегі  ведомствоаралық  комиссиялардың  дербес  құрамын  бекіту  үшін 
ұсынады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 
- құқық бұзушылық профилактикасы жүйесінің ұйымдарын құруды және 
олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 
-  өмірлік  қиын  жағдайда  жүрген  адамдарға  арнаулы  әлеуметтік 
қызметтердің ұсынылуын ұйымдастырады; 
-  құқық  бұзушылық  жасауға  итермелейтін  себептер  мен  жағдайларды 
жою жөнінде шаралар қолданады; 
-  азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады.      
Ішкі істер органдарының құзыреті: 
-  азаматтарға  құқықтық  тәрбие  беруге  қатысады,  құқық  тәртібінің  жай-
күйі  және  ішкі  істер  органдарының  құқық  бұзушылық  профилактикасы 
жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыруы бойынша шаралар туралы қоғамдық 
пікірді зерделейді; 
-  құқық  бұзушылық  профилактикасы  жөніндегі  шараларды  жүзеге 
асырады; 


 
 
31
 
 
 
 
 
-  профилактикалық  есепке  алуды  жүргізеді  және  профилактикалық 
бақылауды жүзеге асырады; 
-  қоғамдық  тәртіпті  қорғауға  және  құқық  бұзушылық  профилактикасына 
қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; 
- күзет қызметі субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады; 
- өздеріне белгілі болған, өзге де құқық қорғау органдарының құзыретіне 
жататын  дайындалып  жатқан  немесе  жасалған  құқық  бұзушылық  фактілері 
туралы осы органдарға хабарлайды; 
-  қылмыстық  қудалауды,  пробациялық  бақылауды,  әкімшілік  құқық 
бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады; 
-  ішкі  істер  органдарының  қызметкерлері  үшін  құқық  бұзушылық 
профилактикасы мәселелері бойынша арнаулы оқу курстарын ұйымдастыруды 
қамтамасыз етеді;     
-  қылмыстық-атқару  жүйесінің  мекемелерінде  ұсталатын  және  пробация 
қызметінің  есебінде  тұрған  сотталғандардың,  сондай-ақ  қылмыстық-атқару 
жүйесінің 
тергеу 
изоляторларында 
ұсталатын 
адамдардың 
құқық 
бұзушылықтар  жасауының  алдын  алу  мақсатында  профилактикалық  және 
жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді 
-  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық-атқару  кодексіне  сәйкес 
сотталғандарға тәрбиелік ықпал етуді жүзеге асырады; 
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады.    . 
Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 
жөніндегі органдардың құзыреті 
- сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатері  туралы халықтың хабардарлығын 
арттырады; 
-  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  және  сыбайлас  жемқорлық 
деңгейін  төмендету  мақсатында  азаматтық  қоғам  институттарымен  және 
мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады.     
Әділет органдарының құзыреті: 
-    мемлекеттік  органдардың  құқықтық  насихат  жөніндегі  қызметін 
үйлестіреді; 
-    құқық  бұзушылық  жасауға  итермелейтін  нормалар  қабылдануының 
алдын  алу  мақсатында  нормативтік  құқықтық  актілердің  жобаларына  заңдық 
сараптама жүргізеді;    
-  өздеріне  белгілі  болған,  құқық  қорғау  органдарының  құзыретіне 
жататын  дайындалып  жатқан  немесе  жасалған  құқық  бұзушылық  фактілері 
туралы осы органдарға хабарлайды; 


 
 
32
 
 
 
 
 
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
Әскери полиция органдарының құзыреті: 
- әскери қызметшілерге құқықтық тәрбие беруге қатысады; 
-    құқық  бұзушылықтар  профилактикасы  жөніндегі  шараларды  жүзеге 
асырады; 

құқық 
бұзушылық 
жасауға 
бейім 
әскери 
қызметшілерді 
профилактикалық  есепке  алуды  жүргізеді  және  оларға  профилактикалық 
бақылауды жүзеге асырады; 
-  әскери  бөлімдер  және  мекемелер  қолбасшылығымен  құқық  бұзушылық 
профилактикасы бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 
-  өзге  де  құқық  қорғау  органдарына  өздеріне  белгілі  болған,  сол 
органдардың  құзыретіне  жататын  дайындалып  жатқан  немесе  жасалған  құқық 
бұзушылық фактілері туралы хабарлайды; 
-    әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  істер  бойынша  қылмыстық 
қудалауды, іс жүргізуді жүзеге асырады; 
Қазақстан 
Республикасының 
заңнамасында 
көзделген 
өзге 
де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады.     
Әскери басқару органдарының құзыреті: 
-  әскерлерде  тәрбие,  әлеуметтік-құқықтық  және  насихат  жұмысын 
ұйымдастыруды жүзеге асырады; 
-  құқық  бұзушылық  профилактикасы  мәселелері  бойынша  азаматтармен 
және  ұйымдармен  өзара  іс-қимыл  жасайды,  оларды  көтермелеу  түрлері  мен 
тәртібін айқындайды; 
-  құқық  бұзушылық  профилактикасы  бойынша  әскери  басқару 
органдарында ведомствоаралық комиссияларды құрады; 
-  құқық  бұзушылық  профилактикасы  бойынша  қызметті  үйлестіруді 
жүзеге асырады; 
-  жеке  құрамның  моральдық-психологиялық  жай-күйін  және  әскери 
тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 
-  әскери  полиция  органдарына  өздеріне  белгілі  болған  дайындалып 
жатқан немесе жасалған құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарлайды; 
-  құқық  бұзушылықтар  жасауға  ықпал  ететін  себептер  мен  жағдайларды 
жою жөніндегі шараларды қолданады; 
Заңдылықты  қадағалау  органы  ретінде  прокуратура  органдарының 
құзыреті: 
-  құқық  бұзушылық  профилактикасы  саласындағы  заңдылықтың 
сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады; 
-  қылмысқа  қарсы  күресте  құқық  қорғау  органдарының  қызметін 
үйлестіруді қамтамасыз етеді; 


 
 
33
 
 
 
 
 
-  мемлекеттік  құқықтық  статистиканы  қалыптастырады  және  арнаулы 
есепке алуды жүргізеді; 
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті: 
 
- салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді; 

наркологиялық, 
психологиялық, 
психиатриялық, 
емдеу-
профилактикалық  көмек  көрсетеді  және  оны  қажет  ететін  адамдарға 
медициналық оңалтуды жүргізеді;  

алкоголизммен, 
нашақорлықпен, 
уытқұмарлықпен 
ауыратын, 
психикасының  бұзылуынан  зардап  шегетін  адамдарды  анықтауды,  есепке 
алуды және оларды байқауды жүзеге асырады;     
-  құқық  бұзушылықтан  зардап  шеккен  адамдардың  жәрдем  сұрауы  және 
оларға  медициналық  көмек  көрсету  фактілері  туралы  ішкі  істер  органдарына 
хабарлайды; 
-    Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті: 
-  салауатты  өмір  салтын  насихаттау  жөніндегі  іс-шаралар  өткізуді 
ұйымдастырады;  
-    алкогольдік  ішімдіктерді  үнемі  пайдалануды,  есірткі  құралдары  мен 
психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынуды 
ерте анықтау және олардың профилактикасы әдістемелерін әзірлейді;     
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті    - 
халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесуге  және  кедейлікті  азайтуға 
бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады;      
-  халықтың  жұмыспен  қамтылуына  жәрдемдесудің  белсенді  нысандарын 
қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді;  
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады.  
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті 
-  өзге  де  мемлекеттік  органдармен  бірлесіп  құқық  бұзушылық  жасауға 
бейім  адамдарды  дене  шынықтыру  және  спорт  сабақтарына  тартуға 
жәрдемдеседі;  
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның құзыреті 
-  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  құқықтық  насихат  жүргізуді 
қамтамасыз етеді; 


 
 
34
 
 
 
 
 
-    бұқаралық  ақпарат  құралдарында  құқық  бұзушылық  профилактикасы 
субъектілерінің қызметін жазып-көрсетуге ықпал етеді; 
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады. 
Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті, олар: 
-  білім  беру  ұйымдарының  білім  алушылары  мен  тәрбиеленушілеріне 
құқықтық  тәрбие  беру  мәселелері  бойынша  мемлекеттік  органдармен  және 
ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; 
-  білім  беру  ұйымдарының  білім  алушылары  мен  тәрбиеленушілерінде 
заңға 
мойынсынушылық 
мінез-құлықты 
қалыптастыруға 
бағытталған 
бағдарламалар  мен  әдістемелерді  әзірлейді  және  оларды  білім  беру 
ұйымдарының жұмыс практикасына енгізеді; 
-  өзге  де  мемлекеттік  органдармен  бірлесіп  білім  беру  ұйымдарының 
білім  алушылары  мен  тәрбиеленушілері  арасында  құқық  бұзушылық 
профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізеді; 
-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген  өзге  де 
өкілеттіктерді жүзеге асырады» [25]. 
Осымен  бірге,  Қазақстан  РеспубликасыБілім  және  ғылым  министрлігі 
республикадағы  балалардың  жағдайы  туралы  жыл  сайынғы  баяндама 
дайындайды. 
Баяндаманың 
негізгі 
мақсаты-Қазақстандағы 
балалар 
құқықтарының  ахуалы  туралы,  сондай  –  ақбалалардың  жағдайын  жақсартуға 
бағытталған шаралар туралыақпараттандыру. 
Баяндамада  негізгі  индикаторлар  бойынша  балалар  өмірінің  негізгі 
аспектілерін сипаттайтынбілім беру, тәрбиелеу, демалыс, бос уақыт, жұмыспен 
қамту салаларында,денсаулық жағдайын, балалардың тамақтануын, әлеуметтік 
қамтамасыз ету бойынша ақпарат ұсынылады. 
Баяндама  бала  құқықтарын  сақтау  саласындажағдайды  жақсарту 
бойынша ұсынымдарды қамтиды.. 
Айта  кететін  жайт,  2016  жылғы  10  ақпанда  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  Жарлығымен  елімізде  Бала  құқықтары  жөніндегі  уәкіл 
институты  құрылды.  Уәкілдің  ерекше  мәртебесі  сол,  ол  қандай  да 
бірведомствоның,ұйымның  немесеминистрліктің  құрылымына  кірмейді  және 
лауазымды адамдар менмемлекеттік органдарға есеп бермейді. 
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың, оның ішінде неғұрлым осал 
топтарға  жататындардың  (даму  ерекшеліктері  бар  балалар,  қолайсыз 
отбасылардағы  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар,  жетім  балалар 
немесе  өмірде  қиын  жағдайларға  тап  болған,  заңмен  шектеліп  қалған 
балалардың  заңды  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғайды.  Бала  құқықтары 
жөніндегі  уәкіл  балалардың  атынан  әрекет  етеді  және  олардың  мүдделеріне 
ғана әрекет етеді [26, 336 б.]. 


 
 
35
 
 
 
 
 
Норманың  құнды  ретінде  артықшылығының  растамасы  шетелдік 
тәжірибе  болып  табылады.  Осыған  ұқсас  институт  Ресей  федерациясында  (РФ 
Президенті жанындағы Ресей құқық жөніндегі уәкіл 2009 жылғы 1 қыркүйектен 
бастап),  Украинада  ,  сондай-ақ  Польша,  Хорватия,  Литва,  Швеция  және  т. 
б.бірқатар мемлекеттерде бар.  
Қорыта  келгенде,  бүгінгі  күні  алдын  алу  қызметін  жүзеге  асыратын  әр 
түрлі  субъектілердің  іс-әрекеттерінде  ведомствоаралық  бытыраңқылық  пен 
келіспеушілік  әлі  де  бар.  Осы  орайда  ведомствоаралық  өзара  іс-қимылдың 
жеткіліксіздігі  немесе  тиісінше  ұйымдастырылмауы  кәмелетке  толмағандар 
арасындағы қылмыстың өсуінің маңызды факторларының бірі болып табылады. 
Кәмелетке  толмағандардың  құқығын  қорғаумен  айналысатын,  олардың 
тәрбиесі  мен  жұмысқа  орналасуына  жауапты  мекемелерді  бақылайтын 
ұйымдардың  мәртебесін  көтеру  қажет,    сонда  ғана  олар  қоғамнан  өз  орнын 
табады, өздерін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінеді. 
Кәмелетке 
толмағандардың 
қадағалаусыздығы 
мен 
құқық 
бұзушылықтарының  алдын  алу  мекемелерінің  тиімді  өзара  іс-қимылын 
қамтамасыз  ететін  құқықтық,  ұйымдастырушылық,  қаржылық-экономикалық 
тетіктерді жетілдіруді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет