Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата24.12.2021
өлшемі0,73 Mb.
#128491
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
Ксеубаева Л.А. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН...
7 Б тізім жұмыспен, Балауса МАД адистемелик Баян, Лингвоконцептология диплом, 7 сынып 4 токсан бжб, test elektrotehnika
қылмыстардың  топ болып жасалуы
. Топ болып жасалатын 
қылмыстарға  айтарлықтай  қатыгездік  және  жіберленуші  аямаушылық  сынды 
қасиеттер  тән.  Оған  кәмелетке  толмағандардың  күнделікті  әлеуметтік  ортасы 
және жеке девиациялар ықпал етеді 
(БАҚ-да қатыгездікті, күш қолдануды және 
опасыздықты  қалыпты  құбылыс  ретінде  көрсетіп  бейнелеу,  білім  беру 
мекемелерінде  тиісті  деңгейдегі  құқықтық  тәрбиенің  болмауы,  бос  уақытты 
өткізуге  арналған  мекемелердің  дамымағандығы  немесе  ақылы,  яғни  көптеген 
балалар  үшін  қол  жетімсіз  болуы)
.  Аталған  мән-жайлар  кәмелетке 


 
 
14
 
 
 
 
 
толмағандарды  топтар  болып  ұйымдасуына  және  топ  шеңберінде  қылмыс 
жасауға жағдайлар жасайды. 
Осы  орайдакәмелет  жасқа  толмағандар  қылмыстылығымен  байланысты 
проблемаларды    зерттеуде    олардың  жасаған  қылмыстылық  ерекшелігіне,  
кәмелетке 
толмағандардың 
криминологиялық 
қылмыстылығының 
айырмашылықтарына, 
олардың 
қылмыстылық 
мінез-құлықтарының  
ерекшеліктеріне аса көңіл аудару қажет. 
   
Соңғы  жылдары  кәмелетке  толмағандар  қылмыстылығының  төмендеуі 
байқалғанмен,  олар  жасаған  қылмыстардың  басым  бөлігі    есепке  алынбайды. 
Сондықтан  кәмелетке  толмағандар  жасайтын  қылмыстардың  нақты  саны 
бәрімізге мәлім кринималды статистикадан үш-төрт есе рет артады. 
 
Кәмелетке 
толмағандардың 
қылмыстары 
агрессивті 
және 
қатыгездікпенсипатталады.  Кәмелетке  толмағандар  жасаған  қылмыстардың 
қоғамдық  қауіптілік  деңгейін  арттыруға  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
криминалдық  бизнесті  ынталандыратын  «қазіргі  заманғы»  қажеттіліктер  мен 
жүріс-тұрыс  стилінің  үлгілерін  (притондар  мазмұны,  сутенерлік,  жезөкшелік, 
есірткінің таралуы, порнография және басқалар) күштеп таңуына ықпал етеді. 
Бұған  көп  жағдайда  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен  теледидар 
бағдарламалары, зорлық-зомбылықты көрсету және насихаттау арқылы отандық 
және  шетелдік  өндіріс  фильмдері  тарапынан  ойластырылмаған  ақпараттық 
саясат  ықпал  етеді.  Мұнда  осы  салада  қадағалау  мен  лицензиялауды  жүзеге 
асыратын  билік  органдары  тарапынан  бақылаудың  жеткіліксіздігін  атап  өту 
қажет.  Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  мінез  –  құлқының  басқа  да 
себептері-тәж  алу,  жыныстық  қажеттілік,  еліктеу,  өзімшілдік,  ынтымақтастық, 
өзін-өзі  бекіту,  әлеуметтік  жауапсыздық  және  жеңіл  ой,  қоғамнан  айыру  және 
оған қарсы тұру.  
Қазіргі  уақытта  кәмелетке  толмағандар  бұрын  тек  ересек  адамдар 
жасайтын  қылмыстарды,  қылмыстық  әрекет  түрлерін  белсенді  игере  бастаған. 
Көптеген  жағдайларда  ол  қылмыстық  жауапкершілікке  тартуға  болатын  жасқа 
толған кезде кәмелетке толмағандар ҚР ҚК көзделген іс-әрекеттерді жасап көріп 
тәжірибесінің болуына да байланысты.  
Кәмелет  жасқа  толмағандардың  басым    бөлігі  қоғамға  қауіпті  әрекет 
жасағанмен,  қылмыстылық  жасына  жетпегендіктен  қылмыстық  жауаптылыққа 
тартылмайды.  Олардың  арас

ында  тонау,  қарақшылық  фактілерімен  қатар,  әйел 
зорлау,  есірткінің  заңсыз  айналымымен  байланысты  қылмыстар  да  етек  алуда. 
ІІМ  Кәмелетке  толмағандардың  істері  бойынша  бөлімшелерінің  есебіне 
сүйенсек,  елімізде  жыл  сайын  3000-3500  аса  бала  қылмыстық  жауапқа 
тартылатын жасына жетпей қоғамға қауіпті іс-әрекет жасайды екен. 


 
 
15
 
 
 
 
 
Қазіргі  кезде  кәмелетке  толмағандар  жасайтын  қылмыстардың  бір 
ерекшелігі – кәмелетке толмағандардың өз қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін 
суық қаруды және дәрі оқпен атылатын қаруды қолдануы. 
Осыдан,  кәмелетке  толмағандар  жасайтын  қылмыстар  бұдан  10-15  жыл 
бұрын  жасалған  қылмыстардан  айтарлықтай  өзгеше  екендігін байқауға  болады: 
адам өлтіру қылмысын, адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру кезінде суық 
қаруды  немесе  оқпен  атылатын  қаруды  пайдалану  (80-85%  жағдайларда); 
кәмелетке  толмағандардың  ұстаздарға  шабуылдар  санының  өсуі,    құрдастарын 
ұрып-соғып,  оны  бейнетаспаға  түсіріп  алуы  және  кейін  Интернет  ғаламторына 
орналастыру; кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жаппай төбелестер 
санының  күрт  өсуі,  компьютерлік  технологияларды  пайдалана  отырып 
жасалатын қылмыстар санының күрт өсуі [6, 67 б.]. 
Қазіргі 
кезде 
кәмелетке 
толмаған 
қылмыскерге 
тән 
негізгі 
ерекшеліктердің,негізгі  белгілердің  бірі  -  оқуға  деген  ниет  пен  зейіннің 
болмауы.Қылмыс  жасап,  жазасын  бас  бостандығын  айыру  мекемелерде 
өтейтіндер  арасында  өтізілген  әлеуметтік  сауалнама  қорытындыларына  сәйкес 
респонденттердің 78% мектепке баруға ынтасының болмаған деп жауап берген. 
Кәмелетке  толмағандардың  бос    уақытта  айналысатын  негізгі  кәсіптері: 
теледидар қарау, достарымен араласу, музыка тыңдау, ғаламтор желісінде отыру, 
өте сирек кітап оқу.  
ҚР  Конституциясының    27-бабына    сәйкес,  бала    мемлекеттің  негізгі  
құндылықтардың  бірі   бола  отырып,   мемлекеттің  қорғауында  болады [1]. 
Алайда,  бүгінгі  күні  кәмелет  жасына  толмаған  адамдардың    өнегелік,  
құқықтық,    дене  тәрбиесіне  тиісінше  көңіл  аударылмауда,соның  салдарынан  
жастар  арасында    кейде  аса    қатыгездікпен    жасалған    қылмыстар  мен  қоғамға  
қарсы  құбылыстар байқалады. 
Кәмелет  жасқа  толмағандар  көбінесе  ұрлық,тонау,  қарақшылық, 
қорқытып  алушылық  және  автокөлікті  айдап  әкету  түріндегі  меншікке  қарсы 
қылмыстар 
жасайдыекен 
(шамамен 
90%).Кәмелетке 
толмағандардың 
қылмыстылығын  құрылымдық  талдау  мүліктік  сипаттағы  қылмыстар  (ұрлық, 
тонау)  неғұрлым  кең  таралған  түрі  болып  қалуда  екенін  көрсетті.  Сонымен, 
жалпы  қылмыстылықтың  үлес  салмағының  ұдайы  өсуі  байқалады  (2012  ж.  – 
47%, 2013 ж. – 48%, 2014 ж. – 53 %, 2015 ж. – 51 %, 2016 ж. – 53%, 2017 ж. -54% 
, 2018 ж. -53%, 2019 ж. – 53%) 
Кәмелетке  толмағандар  қылмысының  аз  бөлігін  денсаулыққа  зиян 
келтіру,  зорлау,кісі  өлтіру,  бұзақылық  құрайды.  Кейінгі  жылдары  кәмелетке 
толмағандар  жаңа  қылмыстың  түрлерін  жасайды,  олардың  ұатарын  кепілдікке 
алу, қару-жарақ, есірткі саудасы,валюталық алаяқтық, компьютерлік қылмыстар 
және  т.  б.  Көші-қон  үдерістерінің  күшеюіне  байланысты  елімізде  тұрғын  үйі 
және  жұмысы  жоқ  кәмелетке  толмаған  мигранттар  жасаған  қылмыстардан 


 
 
16
 
 
 
 
 
болатын  теріс  салдарлар  проблемасы  өзектілікке  ие  болады,  бұл  өз  кезегінде 
тиісті қарсы іс-қимылды талап етеді. 
Кәмелетке толмағандар арасында маскүнемдік,  есірткі,  уытты  заттарды  
пайдаланутаралғанын  статистикалық    мәліметтер  де  дәлелдейді  [7].  Кәмелетке 
толмағандар  мен  жастар  арасында  есірткіні  медициналық  емес  тұтынудың 
таралуы  ерекше  алаңдаушылық  тудырады  —  алғашқы  есірткі  тұтынудың  жас 
шамасы 13-14 жасқа дейін төмендеді. 
Кәмелетке толмағандардың басым бөлігі тиісті деңгейде тәрбие мен білім 
алмайды,  өмір  сүру  үшін  қажетті  бағыт-бағдарлардың  қандай  екендігін 
білмейтін жасөспірімдер ішімдікке, нашақорлыққа, әлеуметтік апатия, сыбайлас 
жемқорлық  көріністерінің  қармауына  оңай  түсіп  қалады.    Осындай  жағдайлар 
әрине біздің қоғамымыздың дамуына айтарлықтай алаңдатушылық туғызады.  
Кәмелетке  толмағандар  істері  жөніндегі  құрылымдық  бөлімшелер 
қызметкерлерінің арасында өткізілген әлеуметтік сауалнама қорытындыларының 
мәліметтеріне  сәйкес  жауап  бергендердің  91%  қазіргі  өмір  сүру  бейнесін 
кәмелетке  толмағанның  жеке  басының  әлеуметтендірілуіне  ықпал  ететін бірден 
бір жағымсыз факторы деп атаған. 
Қазіргі кез

де кәмелетке толмағандар арасында  нашақорлық, жезөкшелік, 
маскүнемдік  сияқты  теріс  әрекеттерорын  алады.  Осы  ретте,кәмелетке  толмаған 
адамдардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру, олардың құқықтық тәрбиелеуді  ғана 
қажет  етіп қоймай,  сондай-ақ  оларға  шынайы  көмек  көрсету  кезіндеәлеуметтік-
психологиялық ықпал ету мүмкіндігі бар мамандандырылған мекемелер жүйесін 
құру қажеттілігі бар. 
Еліміздегі  қылмыстық  жағдайдың  нашарлауы  салдарынан  кәмелетке 
толмағандар  арасындағы  қылмыстылық  әлі  де  белең  алуда.  Бұған  тағы  себеп 
кәмелетке  толмағандар  арасындағы  қылмыстылықтың  отбасындағы  қарым-
қатынастың  бұзылуынан,халықтың  едәуір  бөлігінің  тұрмыстық  ахуалының 
нашарлауынан,  қоғамдағы  әлеуметтік  жікке  бөлінудің  ұлғаюынан  болып  
отырғандығын ескермеуге болмайды [8, 75 б.]. 
Қазіргі  қоғамды  ерекшелендіретін  белгілердің  бірі  –  қазақстандық 
отбасылардың  өмір  жағдайының  нашарлап  кетуі  және  көптеген  әлеуметтік 
топтарда  отбасының  кәмелетке  толмаған  баланың  өміріне  деген  бақылау 
деңгейінің  төмендеп  кетуі,  әлеуметтік  жетімдік,  аталған  құбылыстардың 
нәтижесінде  кәмелетке  толмағандардың  криминалды  көріністері  деңгейінің 
жоғары  болуы.  Балалардың  әлеуметтік  дезадаптациясы  мен  кейінгі  өмірде 
олардың  бейәлеуметтік  өмір  сүру  мінез-құлқы  нысандары  арасындағы 
байланысы,  соның  ішінде  құқық  бұзушылықтардың  жасалуы    ғылыми  түрде 
дәлелденген.    Өкінішке  орай,  қазіргі  кезде  кәмелетке  толмағандарды  тәрбиелеу 
жөніндегі  өз  міндеттерін  орындамайтын  немесе  лайықты  деңгейде 
орындамайтын ата-аналар саны көбеймесе азаймаған [6, 63 б.]. 


 
 
17
 
 
 
 
 
Өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  мен  оқыту  бойынша  шараларды  одан  әрі 
жақсарту,  республикамызда  мемлекеттік  бюджеттен  бөлінетін  қаражатпен 
қаржыландыру қажеттігі туындап отыр. 
Жалы баланы тәрбиелеудің маңыздылығын әйгілі педагог А.С.Макаренко 
былай пайымдаған: «Баланы тәрбиелеу – ол біздің өміріміздегі маңызды саласы 
болып  келеді.  Біздің  балаларымыз  -  бұл  еліміздің  азаматтары.  Олар  болашақ 
әкелер  мен  аналар,  олар  да  болашақта  өз  балаларын  тәрбиелейді.  Біздің 
балаларымыз  жақсы  әке  мен  ана,жақсы  азаматболып  өсулері  қажет.    Алайда 
сонымен  қатар:  балаларымыз    –    бұл  біздің  қарттығымыз.  Баланы  дұрыс 
тәрбиелеу – бақытты  қарттық болса, нашар тәрбиелеу бұл - болашақтағы біздің 
қайғымыз,  әрі  көз  жасымыз,  бұл  біздің  ел  алдындағы  және  басқа  адамдар 
алдындағы кінәмыз», -   деген болатын [10, 26 б.]. 
Кәмелетке  толмағандардыңтәрбиелеуі  мен  дамуының  жағдайының,  өмір 
тәжірибесінің 
жеткіліксіздігі, 
оларда 
көбінесебатылдық,достық 
туралы 
бұрмаланған, қате ойды қалыптастырады.  
Көптеген  кәмелетке  толмағандар  батылдықты  -  ештеңеден  қорықпау 
қабілеті,  қауіпті  істерге  бару  деп  түсінеді.  Ал  шешімділік,  олардың  пікірінше  
ойланбай,  пікірге  салмай  әрекет  ету.  Жалпы  тәуелсіз  болуды  олар  –    ешкімнен 
ақыл  сұрамай,  барлығын  өзі  шешу  деп  ойлайды.  Қарапайымдылықты  олар  – 
көнгіштік, ал тіл алғыштықты – бағыну деп ұғады. 
Кәмелетке  толмаған  қылмыстың  орташа  статистикалық  портреті 
келесідей:
 
- жасы 16-дан 17-ге дейінгі кәмелетке толмаған; 
- жұмыссыз, орта білімі бар 
- бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған,  
-  қызығушылықтарының,  еңбек  дағдыларының  жоқтығымен,  өзінің 
алдағы тағдырына айырмашылықтарынсыз сипатталатын балалар. 
 Олар  үшін  рухани  сезімдер  мен  эмоциялардың  дамымауы,  тәртіпсіздік, 
дөрекілік, агрессивтілік, жалқаулық және жалқаулық тән. Оларды тек мақсатты, 
жүйелі  ақыл-ой  немесе  физикалық  дамытуды  талап  етпейтін    жеңіл,  ойын-
сауық сипатында, өткір сезімді тудыратын іс-әрекеттер қызықтырады.  
Кәмелетке  толмағандар  жасындағы  маңызды  ерекшелігі  идеалға  ұмтылу 
болып табылады. Құқық бұзушы кәмелет жасқа толмаған адам идеалды мораль 
нормаларына сәйкес келмейді.  
Олардың  кейіпкерлері  көбінесе  қарақшылық  пен  бандитизмге  қабілетті 
күш-жігерді  теңестіретіндер  болады.  Құқыққа  қарсы  мінез-құлыққа  бейім 
кәмелетке  толмағандарда  жеке  тұлғаның  еркі  саласының  әлсіз  дамуы 
байқалады.  Олар  өзін  ұтауды  білмейді,өз  көңіл-күйінді  басқара  алмайды, 
қажеттілігін  реттей  алмайды.  Осыған  байланысты  қоғамға  қарсы  мінез-құлық 


 
 
18
 
 
 
 
 
формаларын қолдану олар үшін өмір сүрудің жеңіл және ыңғайлы тәсілі болып 
табылады. 
Құқық  қорғау  органдары,  ЖОО-ры,  ғылыми-зерттеу  мекемелерінің 
қызметкерлері  арасында  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығының 
болжамды  себептері,  оның  алдын  алудың  жолдарын  анықтау  мақсатында 
сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 80 адам қатысты.  
Сауалнамаға  қатысқан  адамдардың  жартысынан  көбінің  (56%)  жас  мөлшері 
31-40 жас, олардың 60%-ы – жұмыс өтілі 10 жылдан асқандар, сұралғандардың 
10%-нан  астамы  –  кәмелетке  толмаған  қылмыскерлермен  жиі  жұмыс 
жүргізгендер. 
Сауалнамаға  қатысқан  респонденттер  жасөспірімдер  қылмысының 
негізгі себептері ретінде: кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылмауы  – 
50%, ересектер тарапынан бақылаусыздық – 38%, жазасыздық – 5%, учаскелік 
инспекторлардың нашар жұмысы, құқық бұзушылықтың алдын алудың нашар 
болуы  -  4%,  сондай-ақ  ұсыныс  ретінде  түрлі  үйірмелерге  қатыстыруға 
қаражаттың  жеткіліксіздігі  –  1,5%,  жағдайы  төмен  отбасындағы  балаладың 
қараусыз қалуы – 1,5 % деп атады. 
Балаларға  не  жетіспейді  деген  сұраққа  38%-ы  -  бос  уақытты  дұрыс 
ұйымдастырмау,  34%  -  ата-аналардың  назарының  жоқтығы,  16%-ы  –  тәрбие, 
11-ы - ата-аналар ұсынатын материалдық игіліктердің жетіспеушілігі, сондай-
ақ ұсыныс ретінде 1% - ата-ананың материалдық табысы деп атады. 
Балалардың  қатыгез  болу  себептерінің  ішінде  37%–ы  ата-аналар 
тарапынан  назарды  жеткіліксіздігі,  30%-ы  -  тәрбиенің  жоқтығы,  17%-ы  – 
мемлекет  тарапынан  әлеуметтік  қолдаудың  жоқтығы  және  16%-ы  -  кәсіби 
психологиялық-педагогикалық қолдаудың жоқтығын көрсеткен.  
Бас  бостандығын  айыру  орындарынан  босатылғаннан  кейін  кәмелетке 
толмағандарды  қылмысты қайталап жасауға әсер ететін фактор ретінде 53%-ы 
біздің  қоғамда  бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  шыққан  адамдарды 
қолдаудың  тиісті  жүйесінің  болмауын,  23%  –  ы  –  қайтадан  криминалдық 
ортаның әсеріне  түсетінін,    12%-ы  –  ата-ананың назарының  жоқтығын,  12%  - 
ауыр материалдық жағдай деп көрсетті. 
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге ықпал 
ететін тиімді шаралар ретінде мыналар аталды: кәмелетке толмағандардың бос 
уақытын  ұйымдастыру  жөніндегі  орталықтарының  жұмысын  күшейту  -  42%, 
құқық  қорғау  органдарының  ведосмтвоаралық  өзара  іс-қимылын  күшейту  - 
23%,  балалардың  бос  уақытын  ұйымдастыру  жөніндегі  мектеп  жұмысын 
күшейту –23%, БАҚ, теледидар, интернет-ресурстарға  қатты цензура енгізу – 
14% деп атаған. 
Сондай-ақ,    кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығын  алдын  алу 
шараларының  жүйесін  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар:  ұрпақ  сабақтастығын 


 
 
19
 
 
 
 
 
сақтау,  жастардың  құқықтық  санасын  жаңғырту,    балалардың  ата-анасымен 
жұмыс  жүргізу,  кәмелетке  толмағандарды  бос  уақыттарын  тиімді 
ұйымдастыру, жанұя институтын қолдау сияқты бірқатар ұсынылды. 
Қорыта  келгенде,  кәмелетке  толмағандар  қылмыстылығының  негізгі 
белгілері мен қылмыс жолына түсуіне әсер ететін факторлар мыналар: 
-
 
жасөспірімдердің 
құқықтық 
санасының 
және 
құқықтық 
мәдениетінің төмен болуы, дамымай қалғандығы;  
-
 
кәмелетке толмағандардың күнделікті әлеуметтік ортасы және жеке 
девиациялар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет