Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы



Pdf көрінісі
бет26/54
Дата24.12.2021
өлшемі0,73 Mb.
#128491
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Байланысты:
Ксеубаева Л.А. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН...
7 Б тізім жұмыспен, Балауса МАД адистемелик Баян, Лингвоконцептология диплом, 7 сынып 4 токсан бжб, test elektrotehnika
-
 
өзінше  заңдық  негіз  –  балалардың  өмір  сүруі  мен  тәрбиеленуінің 
оңтайлы  жағдайының  болуын,  балалардың  құқықтары  мен  мүдделерінің 
қорғалуын,  теріс  ықпалдардың  алдын  алуды  реттейтейтін  халықаралық, 
республикалық,конституциялық, және басқадай құжаттар бар; 
Көрсетілген  шаралар  жүйесі  материалдық-техникалық  жағынан  бюджет 
қаржысынан  қамтамасыз  етіледі  және  қажетті  ақпараттық-талдау  базасына 
сүйенеді. 
Кәмелетке  толмағандар  құқық  бұзушылықтарының  алдын  алудың 
маңызды  құралы  –  оларды  құқықтық  тұрғыдан  ағарту  және  тәрбиелеу.  Бұл 
жұмысты  кәсібилігін  арттыру,  алдын  алу  жұмысын  жүргізу  үшін  білікті 
ұстаздарды  даярлау,  алдын  алу  жұмысына  заңгер,  ғалымдарды,  құқық  қорғау 
органдарының қызметкерлерін тарту  –  қазіргі таңдағы өзекті міндеттердің бірі 
болып табылады.  
Кәмелетке  толмағандарға  құқықтық  ақпаратты  жеткізу  барынша  ерте 
басталып, балалар және жасөспірімдер психологиясы ерекшеліктерін есепке ала 
отырып  жетімді  түрде,  эмоционалды  тұрғыдан  тартымды  түрде  жүзеге 
асырылуы керек. 
Балалар мен кәмелетке толмағандардың бос уақытын өткізу орталықтары 
ның  жұмысын  жандандыру  керек,  себебі  олардың  әлеуметтік  пайдалы, 
балалардың  денесіне,  психикасына,  ізгілік  дамуына  оң  ықпал  ететіндігі 
дәлелденген.  
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алуымен айналысатын 
органдар  мен  мекемелер  жүйесінде  Кәмелетке  толмағандар  істері  жөніндегі 
комиссиялардың  орны  ерекше,  яғни  қазіргі  таңда  кәмелетке  толмағандардың 
құқық  бұзушылықтарымен  күресетін  криминологиялық  профилактиканың 
әртүрлі субъектілері ішінде ішкі істер органының алатын орны ерекше. 


 
 
69
 
 
 
 
 
Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығын  қылмыстық-құқықтық 
шаралар арқылы  қылмыс жасаған тұлғаларға тиімді ескерту, өскелең ұрпақтың 
өнегелілік денсаулығын қорғаудың, құндылық бағытта рын, жеке өмірге түсетін 
қоғам  мүшелерінің  тәртібін  қалыптастырудағы  теріс  ықпалмен  күресудің  
маңызды шарты болып табылады. Барлық қылмыстағы кәмелетке толмағанның 
қылмыстылығын, әсіресе, аса ауыр қылмыстардың кейбір түрін немесе кеңінен 
тараған  қылмыстарды  есепке  ала  отырып,  бұл  бағыт  қоғам  мүшелерінің 
қауіпсіздігін,  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің    қорғалуын  тікелей 
қамтамасыз ету үшін маңызды орын алады. 
Заңдылық  базасының  жетілмегендігі,  құқық  бұзудың  алдын  алу  мен 
ескертудің  әрекет  ететін  шараларының  жоқтығы,  бос  уақытты  ұйымдасты 
рудың дамымағандығы мен жасөспірімнің қоғамдық-пайдалы еңбекпен, оқумен 
қамтылмауы, әлеуметтік тұрмысының нашарлығы, ата-аналары, педогогикалық 
ұжым  мен  мектеп  тарапынан  бақылаудың  жоқтығы  кәмелетке  толмағандар 
қылмыстылығының өсуіне себеп болып отыр [48].
 
Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасындағы 
кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың  алдын  алу 
Кешенді  бағдарламасын  орындау  үшін  бірқатар  ұйымдастырушылық  және 
тәжірибелік шаралар қабылдау қажет. 
Білім  беру  жүйесіндегі  оқу  орындарының  бірін  оқудан,  жұмыстан  әдейі 
қашқақтайтын, отбасыдан, балалар тәрбиелеу мекемелерінен жиі кетіп қалатын, 
қаңғыбастықпен,  қайыр  сұраумен,  ұсақ  ұрлықпен  және  өзге  де  қоғамға  қарсы 
әрекеттермен айналысатын кәмелетке толмағандар үшін жабық түрдегі арнайы 
мектепке айналдыру. 
Балаларды  оқуды  міндеттеу  бойынша,  Қазақстан  Республикасының 
«Білім туралы» Заңының сөзсіз орындалуы бойынша білім беру органдарының 
жауапкершілігін  арттыру,  аз  қамтылған,  көп  балалы  және  тұрмыстары  нашар 
отбасылардан шыққан балаларға ерекше көңіл аудару [49]. 
Жоғарыда  аталған    шаралар  ата-анасының  қарауынсыз  қалған  кәмелетке 
толмағандардың  қылмыстылық  әрекеттерінің  жолын  кесуге  және  ондай 
әрекеттердің  қайталану  мүмкіндігінің  алдын  алуға  ғана  емес,  кәмелетке 
толмағандардың тұрмысын түзетуге бағытталған, оларға  қолайлы, барынша үй 
жағдайларына  ұқсас  жағдайларды  жасауға  дабағытталған.  Бұл  мәселеге 
қатысты тарихи деректерге көз жүгіртсек.  
Отбас

ында  оқымай қалған, жұмысқа тұра алмаған балалардың  жағдайы 
жақсы  болм

ады.  Оның  үстіне  елде  маскүнемдік,  есірткі  қолдану,  жезөкшелік, 
құмар ойын етек алды. Айналысатын нәрсенің болмауы, ұзақ уақыт жұмыссыз 
жүрудің,  салдарынан  олардың  біразы  қайыршылыққа  ұшырады,  қылмысқа 
барды. Сондықтан да кәмелетке толмағандар құқық бұзушылықтарымен күресу 


 
 
70
 
 
 
 
 
үшін,  бірінші  кезекте,  аштық  және  балалардың  панасыздығын  жою  керек 
болды. 
Осыдан,  мемлекеттік  саясат  келешек  ұрпақтың  тұрмыстық  жағдайын 
жақсартуға, 
оларға 
теріс 
ықпал 
етуі 
мүмкін 
адамдардыөнегелік-
психологиялықжәне  моральдық  оқшаулайтын  әлеуметтік  шаралар  жүргізу 
қажеттігін  көздейді.  Оны  бұл  мәселемен  айналысып  жүрген  мамандарда,қоғам 
да жақсы түсінеді. 
Жалпы  алдын  алу  шараларын  жүзеге  асыру  балалардың  оң  мүдделерін, 
сабақтан  тыс  уақытта  олардың  пайдалы  қызметін  дамытуға,  жасөспірімдердің 
теріс  мүдделерін  қайта  бағдарлауға  жәрдемдесуге  тиіс.  Девиантты 
жасөспірімдер  үшін  олардың  әлеуметтік  тәжірибе  алуы,  әлеуметтік 
құзыреттілік шеңберін кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет.  
Сондықтан  балалар  мен  жасөспірімдердің  жаңа  бұқаралық  ұйымдарын 
құруға және дамытуға барынша жәрдемдесу қажет. Кәмелетке толмағандардың 
қылмыстылығын ескертудің жалпы әлеуметтік деңгейі тұрғысынан бүгінгі күні 
балалар, 
жасөспірімдер 
және 
жастар 
ұйымдарының 
тармақталған 
құрылымының  болуы  өте  маңызды.  Олар  жасөспірімдердің  бос  уақытын 
ұйымдастырмай,  өздерінің  бейімділігін көрсетуге  және  қабілеттерін  дамытуға, 
өзін-өзі  іске  асыру  қажеттілігін  қанағаттандыруға,  өз  мүдделерін  жүзеге 
асыруға мүмкіндік берер еді.  
Әрине,  мұндай  құрылым  құру  белгілі  бір  материалдық  шығындарды, 
нормативтік  құжаттар  кешенін  әзірлеуді,  ұйымдастыру  мәселелерін  шешуді 
талап  етеді.  Алайда,  бұл  қажет.  Біздің  ойымызша,  қиын  жасөспірімдерді, 
сондай-ақ  кәмелетке  толмаған  құқық  бұзушыларды  бос  уақытты  өткізудің 
стандартты түрлеріне тарту оң әсер етер еді. 
Осы  проблемалардың  барлығы  кәмелетке  толмағандардың  құқық 
бұзушылықтарының  алдын  алудың  кешенді-мақсатты  бағдарламаларына 
енгізілуі  тиіс.  Бүгін  әлеуметтік  жұмыс,  мамандардың  кәсіпқойлығы 
саласындағы  мемлекеттік  стандарттардың  тиімді  ғылыми  негізделген 
тұжырымдамасын  әзірлеу,  әлеуметтік  қызметкерлердің  кәсіби  қызметін 
аттестаттау тәртібін пысықтау алда тұр. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет