Қазақстан республикасы білім және ғылым минисрлігі



Дата14.05.2022
өлшемі16,57 Kb.
#143261
Байланысты:
нұрғиса фил


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
«Аграрлық» факультеті
«Су-ресурстары,жерді пайдалану және агротехника» кафедрасы


ЭССЕ


ТАҚЫРЫБЫ: К.Армстронгтың “Иудаизм,христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс:Құдайтану баяны”

Қабылдаған: Балтабаев Н.


Орындаған:Берік Нұрғиса ГРГШЩШШШШШШШШШШШШШШШШШШШШТобы:Ап-20-5к

Шымкент 2022ж.




ЭССЕ
Жалпы, Карен Армстронгтың «Құдайтану баяны» кітабы туралы айта кетсек, бұл еңбек әлемнің 50-ден астам тіліне аударылған дарынды шығармалардың бірі. Кітап мазмұны әлемнің кең тараған Христиан, Ислам, Иудаизм діндері жайлы толық мәлімет бере отырып жазылған. Яғни, бұл монотеистік діндердің қалыптасып, тараған уақытын, қасиетті кітаптарымен пайғамбарларына, сонымен қатар олардың бір-біріне деген ықпалы туралы және қазіргі кездегі рөлі туралы талдау жасалынған.
Эссені кітаптан алынған үзіндімен бастамақшымын: «Бірақ әр нәрсе туралы ең ғажап ишара, әрине, Құранның өзі болды. Яғни Құранның сөйлемдері аят деп аталады. Батыс Құранды түсінуде қиындыққа тап болады. Бұл, негізінен, аударма мәселесінен туындайды. Араб тілі тәржімаға қиын тіл, қарапайым әдебиет пен саясатшылардың күнделікті сөздері де, мәселен, ағылшын тіліне аударылғанда, барынша көркем әрі жат көрінеді. Ал Құранға келгенде бұл жағдай екі есе қиындай түседі. Өйткені, Құран барынша терең және ишаралы, қысқа да нұсқа, аз сөзбен көп мағына береді. Әсіресе алғашқы сүрелер – бір тылсым лебіз, адам тілін бұзып, бөлшектеп тастаған сияқты әсер қалдырады. Мұсылмандар Құранның тәржімасын оқыған кезде басқа бір кітап оқып отырғандай күй кешетінін, себебі араб тілінің әдеттегі мәнінен жұрнақ та қалмайтынын сөз қылады. Атының өзі айтып тұрғандай, Құран ашық әуезбен оқу үшін түсірілген, бұл – дауыс мәнері адамға әсер ету үшін өте маңызды. Мұсылмандар мешітте Құран оқытылып жатқанын естігенде, Хира тауында Жәбірейіл періштенің Мұхаммедті құшақтағаны сияқты немесе қайда көз салса да, оны көргені сияқты, әуездің иләһи күшінің баурап алатынын сезінгенін айтады. Құран тек қана білім алу үшін оқылатын кітап емес. Оны адамдар иләһи сезімнің дәмін тату үшін оқиды» (152-153 б.б). Үзіндіні талдап өтсек Ислам дінің ұстанушыларға құдіретті ықпалы жайында, оның қасиетті мәтіндерінің адам жанына деген психологиялық туындайтын әсері туралы баяндалған. Қандай діннің ұстанушысы болсаңызда ,сіздің діңініз қандай болмасын сізге бір жанаша затты жүрегіңізге ұялатады
Бұл кітаптың мазмұны, бізге беретін қайнар көз білімі өте мол. Карен Аремстронгтың «Құдайтану баяны» кітабының маңыздылығы өте жоғары. Әсіресе қазіргі таңдағы діни ахуалға, қазақстандық жоғарғы оқу орындарының дінтану мамандығына түсіп жатқан талапкерлердің санының артып келе жатқанына байланысты, дұрыс әдебиеттерді оқып , сапалы білім алу келешектің жарқын болуына әсер етеді. Жалпы, дін тақырыбына,шығу тарихына, мазмұнына қызыққан оқырмандарға діни құбылысты әр түрлі әдіснамалық тұрғыдан түсінуге көмектеседі. Эссемді дінтанудың негізін салушы Макс Мюллердің «Бір ғана дінді білу, мүлде дін білмеу.» деген сөзімен аяқтасам. Яғни, тек қана дінтанушы ғана емес, сонымен қатар әр адам жалпы өз ұстанатын дінінің ғана емес, өзгеде дінді танып білуі діни көзқарасының жетілуіне, дінтанулық білімімен, сауаттылығының артуына үлкен септігін тигізеді. Ал, бұл мәселеде көмек беретін бұл Карен Армстронгтың тамаша жазылған еңбегі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет