Қорытынды
Каким вы представляете себе Алматы будущего? Біз Алматының болашағын қалай елестетеміз? Жасыл желекке толы, заманауи, қауіпсіз және әрбір тұрғынға ыңғайлы болуын қалаймыз.Мы хотим, чтобы это будущее наступило уже сегодня!
Мы – алматинцы, и видим, что нашему общему дому нужны перемены. Біз Алматы тұрғындарымыз және біздің ортақ үйімізге өзгерістер қажет екенін көріп отырмыз. Мы – взрослые, и сделать Алматы городом счастливых здоровых детей – наша главная задача. Біз де Алматыны бақытты, дені сау балалардың мекеніне айналдыруға атсалысуымыз керек. Бәріміз бірігіп қоршаған ортаны қорғауға, ауаның ластануына жол бермеуге, көшедегі тәртіпті және тазалықты сақтауға тырысуымыз керек. Сондықтан бәріміз бірігіп, қала тұрғындарын экологиялық таза көлік түрін пайдалануға шақырамыз.
Еуропа елдері, Қытай мен Жапонияда велосипед басты көлік құралдарының біріне айналған. Біздің елімізде де велоспорт жақсы дамып, күнделікті жұмыс пен сабаққа велосипедпен барып келетіндердің қатары көбейіп жатыр. Егер сіз бұрын-соңды велосипед теуіп көрмесеңіз, елден қалмай, бұл денсаулыққа пайдасы мол, көңілді сергітетін спорт түрімен айналысып көріңіз.
Велосипед тебудің мынадай жағымды жақтарына тоқтала кетейік:
Велосипед тебу денсаулыққа пайдалы;
Қала көшелерінде велосипедпен жүру тез әрі ыңғайлы, жол тығындары кезінде велосипедтің көліктер алдындағы артықшылығы қатты байқалады.
Көлікпен салыстырғанда велосипедтің тағы да бірнеше артықшылығы бар: парковка, бензин, айыппұл төлеуге артық ақшаңыз кетпейді.
Велосипедті өзіңіздің басты көлігіңіз ретінде таңдауыңыз экологияның жақсаруына қосқан үлесіңіз болып саналады. Велосипед қоршаған ортаға мүлдем қауіпті емес.
Зерттеулер көрсеткендей, велосипедпен әуестенетіндердің орта жасы басқалармен салыстырғанда 5 жасқа ұзақ екен. 20 жылға жалғасқан бұл зерттеуге велосипед тебетін 5 мың адам қатысты. Олардың әрқайсысы велосипедті күнделікті қолданатын жандар. Зерттеу нәтижесінде велосипедті жоғары жылдамдықта тебетіндердің өмір жасы ұзағырақ болатыны дәлелденді.
Сіз білесіз бе, 22 қыркүйек – халықаралық көліксіз күн. «Көліксіз күн» 1974 жылдан бастап әлемнің көптеген қалаларында атап өтілуде. Бұл күнде өткізілетін шаралардың барлығы көліктердің қоршаған ортаны ластауы туралы еске салу мақсатында және адамдарды көліктің балама түрлерін пайдалануға, велосипедпен немесе жаяу жүруге шақырады.
Қорыта келгенде, мен осы тақырыпты жазу барысында көптеген мәліметтермен таныса отырып, өзіме біршама тұжырымдар жасадым. Жалпы велосипед тебудің денсаулыққа пайдасы туралы, экологиялық маңыздылығы туралы түсінік қалыптасты. Мен де болашақта қала басшылығының ұйымдастырылуымен жүргізіліп жатқан шараларға өз үлесімді қосуға тырыстым деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Балалар энциклопедиясы. 3- том
«Денсаулық» // №8 – 2011 жыл
«Дүниетану сабақтарын экологиялық бағыттау» Семей, 2009 жыл
Интернет-ресурстар
Достарыңызбен бөлісу: |