Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Қазіргі танда Алматы еліміздің экономика, қаржы, мәдени және білім беру орталығы екені бәрімізге мәлім. Мегаполистің дамуы мен әлеуметтiк-экономикалық тұрғыда тұрақты iлгерi жылжуы, республикалық бюджеттiң төрттен бiр бөлiгiн қамтамасыз етуi осының айқын белгісі.
Сондай-ақ өндірістің өсуі, экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы қоршаған орта мен экологияға кері әсерін тигізуде. Ауаны ластаушы стационарлы, қозғалмалы көздердің жылдан-жылға артуына байланысты қала атмосферасының ластану деңгейі халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отырғаны аса маңызды экологиялық проблемаға айналып отыр.
Осы жағдайды ұшықтыруға қомақты үлес қосып жатқан қаламыздағы арлы-бері ағылған көлік екені де барлығымызға белгілі. Күн санап саны өсіп келе жатқан көліктердің қала қозғалысына едәуір кедергі келтіріп жатқаны жасырын емес. Көліктердің шығарған улы газдарынан ауаны қорғаудағы ерекше белсенділікті ескерсек, онда бірінші кезектегі мәселе – экологиялық «таза» көлік түрлерін пайдалану. Егер біз жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын көбірек салып, автокөліктерге шектеу қоятын болсақ, Алматыны қарапайым халықтың жүріп-тұруына әлдеқайда жайлы әрі ыңғайлы қала ретінде көруімізге әбден болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жасөспірімдердің назарын қаламыздың экологиялық проблемаларына, салауатты өмір салтына және велоспортқа аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |