мәнді қосу ұзақтығы импульстің ені деп аталады. Әртүрлі аналогтық шаманы
алу үшін импульстің ені ӛзгереді. Қосу-сӛндіру кездерін жылдам ауыстыру
23
Ескерту.
Макетті платадағы байланысқа кӛңіл аударыңыз. Егер сіздің макетті
платаңызда қызыл және кӛк сызықтардың үзілісі болса, онда ол жерде
байланыс та үзіледі дегенді білдіреді.
Жарық диодының қысқа аяғы – «катод», яғни оны жерге қосамыз (GND).
Кедергілерді шатастырып алмаңыз, әйтпесе жарық диоды істен шығады.
Arduinoда 3 GND пині бар, оның кез-келгенін қолдануға болады.
Скетч.
int ledPin = 13; // LED 13 шығарғышқа жалғанған
void setup()
{
pinMode(ledPin, OUTPUT); // 13 шығарғышты шығыс ретінде орнатамыз
}
void loop()
{
digitalWrite(ledPin, HIGH); // LED қосамыз
delay(1000); // 1 секунд кідіріс (1000 мс)
digitalWrite(ledPin, LOW); // LED сӛндіреміз
delay(1000); // 1 секунд кідіріс (1000 мс)
}
delay(n) қызметі бағдарламаның ӛңделуін n миллисекундқа тоқтатады.
Мұның барлығы loop() шексіз орындалу циклында жүзеге асады.
Ескерту. OUTPUT, HIGH, LOW тұрақты шамалы міндетті түрде бас
әріптерімен жазылады. Әйтпесе, компилятор оларды анықтай алмай қалып,
қате шығарады.
Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар:
1. Жоғарыдағы жұмысты маяк жарығы жарты секунд жанып, кейін бір
секундқа үзіліс жасап, кері жанатындай етіп ӛзгертіңіздер.
2.
Скетч кодын жүктелгеннен кейін 3 секундқа қосылып, кейін
стандартты режимде жыпылықтауы (жанып-сӛнуі) жүретіндей етіп ӛзгертіңіз.
Тәжірибелік сабақ №4. Батырманы қосу.
Бұл
мысалда
Arduino
контроллеріне
батырманың
қосылуын
қарастырамыз. Батырманы басқан кезде, орнатылған жарықдиод жағылатын
болады.
Қажетті құрылымдар: Arduino контроллері, тактілі батырма, 1 жарық
диоды, 220 Ом кедергі, жанаспалы макетті плата, жалғағыш сымдар.
Қосылу сызбасы