Library. #include-тың бір немесе бірнеше директивасы кітапханаларды кезекті
болады. Жүктелген кітапханаларды орнату үшін қойын дәптердегі «libraries»
17
Цифрлы шығыстар
Arduino платформасының шығарушылары кіріс және шығыс ретінде
жұмыс жасай алады. Arduino (Atmega)-ның кӛптеген аналогтық кірістері
конфигурацияланады және сандық кіріс/шығыс порттары болып қызмет атқара
алады.
Енгізу
порты
ретінде
конфигурацияланған
кіріс/шығыс
(pin)
порттарының ерекшеліктері
Arduino (Atmega) шығарғыштары кіріс порттары ретінде стандартты
бапталған, сондықтан pinMode() функциясында нақты декларацияны қажет
етпейді. Кіру порты қосылып тұрған сызбаға аз жүктеме береді. Ішкі кедергі
эквивалентін микросызбаның шығысына қосылған 100 МОм резисторы береді.
Осылайша, кіру портын бір жағдайдан келесісіне ауыстыру үшін аздаған тоқ
мӛлшері қажет болады. Бұл микросызба шығыстарына сыйымды жанасу
тетіктерін, фотодиодтарды, RC-тізбегіне ұқсас аналогтық тетіктерін қосуға
болады.
Басқа жағынан алып қарасақ, егер осы шығарғыштарға ештеңе
қосылмаса, онда ондағы мәндер электр кедергілерінен туындаған немесе кӛрші
шығарғыштармен сыйымды байланысынан болған кездейсоқ шамаларды
қабылдайды.
Тартушы (жүктемелі) кедергілер
Егер енгізу портына дабыл түспейтін болса, онда осы жағдайда портқа
белгілі жағдай орнату қажет. Бұл +5 В-қа немесе жерге тартылған 10 кОм
тартушы кедергілерді қосу арқылы жүзеге асады.
Atmega микроконтроллерлерінде бағдарламаланатын, кірістірілген,
қуаттануға тартылған 20 кОм резисторлары бар. Осы кедергілерді
бағдарламалау тӛмендегідей жүзеге асады:
pinMode(pin, INPUT); // шығыс портына енгізу портын тағайындау
digitalWrite(pin, HIGH); // тартушы кедергіні қосу
Енгізу порты ретінде жұмыс істеп тұрған шығару портына қосылған
жарық диоды аздап жанып тұруы үшін тартушы кедергі жеткілікті тоқ ӛткізеді.
Сонымен қатар, жарық диодтарының аздап жанып тұруы бағдарламалау кезінде
pinMode() функциясы шығару порты ретінде бапталмағандығын білдіреді.
Тартушы кедергілер шығару жағдайымен басқарылатын кедергілермен
басқарылады: HIGH немесе LOW. Егер шығару HIGH мәнімен енгізу порты
сияқты жұмыс істейтін болса, бұл қуаттануға тартушы кедергінің
қосылғандығын білдіреді, онда шығыс портының pinMode() функциясының
конфигурациясы осы микросызбаның шығысында HIGH мәнін береді. Осы
үдеріс кері бағытта да жұмыс істейді, яғни, егер шығыс портының мәні HIGH
болса, микросызба шығысының конфигурациясы pinMode() функциясы арқылы
енгізу порты ретінде қуаттануға тартатын кедергілер қосылады.
18
Ескерту: Енгізу порты ретінде, оған қосылып тұрған жарық диоды мен
кедергінің кесірінен, микросызбаның 13 шығысын қолдану қиынырақ. Қуатқа
20 кОм тартушы кедергісін кіріске қосқан кезде 5 В орнына 1.7 В береді, себебі,
жарық диодына және тізбектеп қосылған кедергіде кернеу тӛмендейді.
Микросызбаның 13 шығысын сандық порты ретінде қолдану қажет болған
жағдайда шығыс пен жердің арасына тартушы кедергіні қосу қажет болады.
Аналогтық
кірістер
Arduino платформасының аналогтық кірістер ретінде жұмыс істейтін
порттарының сипаттамасы (Atmega8, Atmega168, Atmega328, немесе
Atmega1280).
Достарыңызбен бөлісу: