11
Arduino ортасында жазылған бағдарлама скетч деп аталады. Скетч кесу
(қою, іздеу), мәтінді ауыстыру құралдары бар мәтіндік редакторында
жазылады. Сақтау және экспорт кезінде хабарламалар аймағында
түсініктемелер пайда болуы мүмкін, сонымен қатар пайда болған қателіктер де
кӛрінеді. Мәтінді шығару терезесі (консоль) қателіктер туралы толық есептен
және басқа да ақпараттан тұратын Arduino хабарламаларын кӛрсетеді. Құралдар
тақтасының батырмалары бағдарламаны тексеруге және жазуға, құруға, скетчті
ашуға және сақтауға, тізбекті шиналар мониторингын ашуға мүмкіндік береді:
Verify/Compile
-
бағдарламалық кодтың қателерін тексеру,
компиляция.
Stop - тізбекті шиналар мониторингын тоқтату (Serial monitor) немесе
басқа түймелерді күңгірттеу.
New - жаңа скетчті құру.
Open - қойын дәптерде барлық скетчтерге қолжетімділік мәзірін ашу.
Ағымдағы терезені басу арқылы ашылады.
Ескертпе: Java да қателіктердің болуына байланысты осы мәзір айнала
алмайды, осы тізімнен скетч ашу қажеттілігі туындаса File - Sketchbook мәзірін
орындаңыз.
Save - скетчті сақтау.
Upload to I/O Board - бағдарламалық кодты құрастырады және Arduino
құрылғысына жүктейді. Жүктеу сипаттамасы тӛменде берілген.
Serial Monitor - тізбекті шиналар мониторингін ашу (Serial монитор).
Қосымша командалар бес мәзірге топтастырылған: File, Edit, Sketch,
Tools, Help. Мәзірдің қол жетімділігі осы сәтте орындалып жатқан жұмыспен
анықталады.
Қойын дәптер (Sketchbook)
Arduino ортасы қойын дәптер қағидасын қолданады: скетчтерді сақтауға
арналған стандартты орын. Қойын дәптерде скетчтер File - Sketchbook мәзірі
арқылы немесе басқару тақтасындағы Open түймесі арқылы ашылады. Arduino
бағдарламасын алғаш ашқан кезде автоматты түрде қойын дәптерге арналған
директория ашылады. Қойын дәптердің орналасуы Preferences диалогтік
терезесі арқылы ӛзгереді.
Бетбелгілер, Файлдар және Компиляция
Скетчтердің бірнеше файлдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді
(әрбіреуі жеке қосымша бетте ашылады). Кодтың файлдары стандартты
Arduino болуы мүмкін (кеңейтілусіз), (кеңейтілуі *.с) С файлдары, (*.срр) С++
файлдары немесе (.h) бас файлдары болуы мүмкін.
Arduino-ға скетчті жүктеу
Скетчті жүктемес бұрын мәзірде қажетті параметрлерді орнату қажет
Tools - Board және Tools - Serial Port. Платформалар әрі қарай мәтін бойынша
сипатталады. Mac ОЖ-де тізбекті порт dev/tty.usbserial-1B1 (USB тақтасы үшін)
түрінде белгіленуі мүмкін немесе Keyspan USB-to-Serial адаптері арқылы
/dev/tty.USA19QW1b1P1.1 (тізбекті шиналар тақтасы үшін) белгіленуі мүмкін.
12
Windows ОЖ порттар COM1 немесе COM2 түрінде белгіленеді (тізбекті
шиналар тақтасы үшін) немесе COM4, COM5, COM7 және жоғары (USB
тақтасы үшін). USB портын анықтау Windows құрылғылар диспетчерінің USB
тізбекті шиналар ӛрісінде ӛндіріледі. Linux ОЖ-де порттар /dev/ttyUSB0,
/dev/ttyUSB1 түрінде белгіленеді.
Порт және платформаны таңдағаннан кейін басқару тақтасындағы жүктеу
түймесін басу керек немесе File мәзірінде - Upload to I/O Board пунктын таңдау
қажет. Заманауи Arduino платформалары жүктеу алдында автоматты түрде
қайта жүктеледі, ал ескі платформаларды қайта жүктеу қажет болады. Кӛптеген
тақталарда үдеріс кезінде RX және TX жарық диодтары жыпылықтап тұрады.
Содан соң Arduino әзірлеу ортасы жүктеудің аяқталғаны туралы немесе қателер
туралы хабарламаны шығарады.
Скетчті жүктеу кезінде Arduino Bootloader жүктеушісін қолданады,
Bootloader дегеніміз тақтадағы микроконтроллерге жүктелетін кішігірім
бағдарлама. Ол қосымша аппаратты құралдарды қолданбай-ақ бағдарламалық
кодты жүктеуге мүмкіндік береді. Жүктеуші (Bootloader) платформаны қайта
жүктеу кезінде бірнеше секундқа және микроконтроллерге кез келген
скетчтердің жүктелуі кезінде белсенді болып тұрады. Жүктеуші (Bootloader)
жұмысы жарық диодының 13 пин жыпылықтауы кезінде анықталады (мысалы:
тақтаның қайта жүктелуі кезінде).
Достарыңызбен бөлісу: