Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата05.09.2020
өлшемі1,57 Mb.
#77431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Робот техникасы негіздері

Сур.1. Arduino микроконтроллерлері 

 

Arduino,  ӛз  кезегінде,  микроконтроллердің  жұмыс  үрдісін  жеңілдетеді, 



дегенмен  ұстаздар,  студенттер  және  әуесқойлар  үшін  бір  қатар 

артықшылықтарға ие:  

Бағасы тӛмен  - Arduino тақталар басқа платформалармен салыстырғанда 

біршама  арзан.  Arduino  модулінің  ең  арзан  нұсқасын  қолдан  жинап  алуға  да 

болады, ал кейбір дайын модульдері 50 доллардан тӛмен тұрады. 

Кросс-платформалы  –  Arduino  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  Windows, 

Macintosh OSX және Linux операциялық жүйелерінде жұмыс істейді. Кӛптеген 

микроконтроллер Windows-пен шектеледі. 

Бағдарламалаудың  қарапайым  және  түсінікті  ортасы  –  Arduino  ортасы 

үйренушілерге де, сондай-ақ, тәжірибелі қолданушылар үшін де жүмыс жасауға 

ӛте  ыңғайлы.  Arduino  Processing  бағдарламалау  ортасына  негізделген,  бұл 



 

 



 

ұстаздар  үшін  ӛте  қолайлы,  себебі  осы  ортада  жұмыс  істейтін  оқушылар 

Arduino-мен таныс болады. 

Ашық  алғашқы  мәтіні  мен  кеңею  мүмкіндіктері  бар  Arduino-ның 

бағдарламалық 

қамтамасыз 

етілуін 

тәжірибелі 

қолданушылармен  

толықтырулар  енгізу  мүмкіндіктері  бар  құрал  ретінде  де  қарастырады. 

Бағдарламалық  тіл  С++  кітапханалары  арқылы  толықтырылады.  Техникалық 

ерекшеліктерін  түсінгісі  келетін  қолданушылардың,  С++  бағдарламалау  тіліне 

негізделген  AVR-C  тіліне  кӛшу  мүмкіндігі  бар.  Осыған  сәйкес,  Arduino 

бағдарламасына AVR-C ортасынан да кодтар қосу мүмкіндігі бар. 

Ашық қағидалы сұлбалары мен кеңею мүмкіндіктері бар ATMEGA8 және 

ATMEGA168  микроконтроллерлері  –  Arduino  негізі  болып  табылады. 

Модульдер  сызбасы  Creative  Commons  лицензиясымен  шығарылады,  ал  бұл 

дегеніміз,  тәжірибелі  инженерлер  модульдердің  жеке  нұсқасын  кеңейтіп  және 

толықтырып  шығара  алады  деген.  Тіпті  қарапайым  қолданушылар  да 

қаражатты үнемдеу және жұмысты түсіну үшін тәжірибелі нұсқаларды әзірлей 

алады. 

 

Сур.2. Arduino микроконтроллерінің құрамы 

 

Микроконтроллер 



қарапайым 

ДК 

(дербес 


компьютер) 

микропроцессорының аналогы; 

Лақтыру  батырмасы  -  микроконтроллерді  және  бағдарламаны  қайта 

қосады; 


Порт USB (Universal Serial Bus) - ДК-мен байланысты және құрылғының 

қуатын қамтамасыз етеді; 

№13 жарық диоды - №13 сандық шығыспен байланысқан жарық диоды; 

Қуат  кӛзі  +9В  -  сыртқы  кӛздерден  қосымша  қуаттану  (батарея,  қуаттау 

блогы); 

Arduino UNO-ны ДК қосу 

Arduino  UNO-мен  жұмыс  істеу  үшін  бос  USB-порты  бар  кез  келген  ДК 

қажет. Arduino-ны ДК қосқан кезде, құрылғыға сыртқы қуат кӛзі қажет емес. 

Arduino UNO-ның сыртқы кӛздерге қосылуы. 

Микроконтроллерды қосу үшін, оған ДК-ден USB кабелі арқылы немесе 

сыртқы  қуат  кӛзінен  арнайы  жалғағыш  арқылы  тікелей  қуат  берілсе  болғаны. 




 

 



 

Мұндайда,  сыртқы  қуаттандырудың  кернеуі  +7В-ден  +12В  дейін  ӛзгеріп 

тұрады. 

Жалпы мәліметтер 

Arduino 


UNO-да 

ATmega328 

микроконтроллері 

орнатылған. 

Платформаның  14  цифрлы  кіріс/шығысы  бар  (олардың  6-ын  ЕИМ  шығуы 

ретінде  пайдалануға  болады),  6  аналогтық  кіру,  кварцтық  генератор  16  МГц, 

USB  жалғағыш,  күштік  жалғағыш,  ICSP  жалғағыш  және  қайта  жүктеу 

батырмасы.  Жұмыс  істеу  үшін  платформаны  USB  жалғағышы  арқылы 

компьютерге  қосу,  не  AC/DC  адаптердің  (alternating  current/direct  current 

adapter) немесе батареяның кӛмегімен қуат беру керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет