Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі



бет4/4
Дата23.04.2022
өлшемі46,62 Kb.
#140613
1   2   3   4
Байланысты:
Керамикалық кірпіш

Қорытынды

Ғимараттар мен имараттарды тұрғызуға қолданылатын материалдардың ең бір көп тараған түрі керамикалық кірпіш болып табылады. Кірпішті қолданудың мыңжылдық тәжірибесі бұл материалды уақытқа төзімді материалдардың қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кірпішті қалау технологиясы дизайнерлер мен сәулетшілерге творчестволық ойларын іске асыруда шексіз мүмкіндіктер береді. Керамикалық кірпіш жоғары отқа төзімділігі мен салыстырмалы төмен жылуөткізгіштігі арқылы сыртқы факторлардың әсерінен сенімді қоршау беріп, тұрғын үй және өнеркәсіп ғимараттарының жоғары қауіпсіздік пен жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді.


Керамикалық кірпіш құрылыста дефицит металл, цемент және басқа да материалдарды үнемдеуді мүмкін етеді. Қабырға материалының өнідрілуі мен қолдануының ортақ балансында керамикалық кірпіштің алатын орны 30%. Күн энергиясын өзіне жинаған кірпіш жылуды баяу және бірқалыпты береді, бұл қасиеті жаздыкүні шамадан тыс қыздырудан, ал қысқы мезгілде жылудың сақталуын қамтамасыз етеді. Кірпіш қабырғасы өзінің денесі булануды өткізіп, «демалады». Нәтижесінде ғимарат ішінде дымқылдық деңгейі тепе-теңдікте сақталады.
Қазіргі уақытта құрылыс керамикалық кірпіштің өндірісінде технологияны жетілдіруге, шығарылатын бұйымның сапасы мен ассортиментін кеңейтуге көп көңіл бөлінуде. Жаңа кәсіпорындар құрылысында қазіргі отандық және сырт елдің технологиялық линия базасында автоматтандырылған және жоғары механизацияланған қондырғыларды орнату орын алуда. Шикізатты үнемдеп қана қоймай, сыртқы қабырғаның қалыңдығын (жылуөткізгіштігін жоғарлатпай) төмендету және де құрылысты индустриазацияландыру үшін жеңілдетілген конструкция панельдерін шығаруға арналған тиімді қуыс денелі бұйымды шығару көзделіп отыр. Керамикалардың арасынан керамикалық материалдар тобына балшықты кірпіш, ірі және майда блоктар т.б. материалдар жатады. Соның ішіндегі балшықта кірпіш өндірісі, Маңғыстаудан басқа, Қазақстанның барлық облыстарында ұйымдастырылған.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Сатекев Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1,2 том


2. Бутт Ю.М. Технология цемента и других вяжущих материалов Учебник для инж. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Стройиздат., 1976. – 407 стр..: ил.
3. Б. Қаныбеков «Керамикалық материалдар». - АлматыД999 жыл.- 253 бет.
4. Лабораторный практикум по курск «Минеральные вяжущие вещества» Буров Ю.С. идр. М.; Стройиздат, 1974г.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет