Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі



бет1/4
Дата23.04.2022
өлшемі46,62 Kb.
#140613
  1   2   3   4
Байланысты:
Керамикалық кірпіш
Керамикалық қабырғалық бұйымдар, 1.Характеристика продукции (номенклатура), 10. Экономическая часть, тест тапсырмалары, 14 апта тапсырмалар, Day 3. Template for Language Analysis sheet



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті


СРС




Тақырыбы: Керамикалық кірпіш


Курс: IІ


Группа: ЗСМ-20-8кс


Орындаған: Темірбайұлы Н.
Тексерген : Құдабаев Р.Б.
Шымкент 2021 ж.
Мазмұны

Кіріспе
1.Керамикалық материалдар мен бұйымдарды өндіруге арналған шикізат


2.Керамикалық кірпіштер
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Керамика (грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. Керамиканың негізгі технологиялық түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.


Ғимараттар мен үймереттерді тұрғызуға қолданылатын материалдардың ең бір көп тараған түрі керамикалық кірпіш болып табылады.
Кірпіш саздың күйдірілуі мен қалыптасуы нәтижесінде жасалынған, өз бойымен бұйымдар болып табылады. Кез келген қызыл кірпіштің құрамы саздан тұрады. Ежелгі адамның өзі кірпішті пайдалануды үйренген, күйдіріліп жасалған саз бұйымдары адамның даму этапының барлық кезеңінде кездеседі. Қазіргі уақытта қызыл кірпііштер барлық құрылыста қолданылады. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары жартылай кристалды, құрамдары қыш өнерінің ертедегі шеберлері негіздеген материалға жатады.
Керамикалық өндірістің Қазақстанда пайда болуынан бастап өндіріс технологиясы өзгеріссіз қалды. Жұмыс қолының арзан болуы механикалық құрылғыларды керек етпеді. Осылайша кірпіш өндіру процесі ұзақ уақыт бойы былай болды: сазды қазу қолмен жүргізілді; сазды аяқпен араластырған немесе жылқының көмегімен; қалыптауды ағаш қалыптарға қолмен салу арқылы жасаған, ал кептіру ашық аудандарға қою арқылы, күйдіруді қарапайым пештерде жүргізген.
Құрылыстық керамикалық кірпіш дефицитті металдардың, цементтің, сонымен қатар тасымалдаудың да шығынын азайтатын жергілікті кең тараған қабырға материалдарының бірі. Өндіріс және қабырға материалдарын қолданудың жалпы балансы бойынша керамикалық кірпішке 30℅-дай тиесілі. Өзіне күннің энергиясын сіңіре отырып, жылуды қалыпты және жай береді, бұл жаз мезгілінде тез ысып кетуден, ал қыста салқындап кетуден сақтайды. Кірпіштен тұрғызылған қабырға «демалып тұрады», нәтижесінде бөлмеде ылғалдылық тепе-теңдік дәрежеде болады.
1. Керамикалық материалдар мен бұйымдарды өндіруге арналған шикізат

Керамикалық бұйымдар жасайтын шикізат массасы әдетте пластикалық (саз, каолин) және пластикалы емес материалдардан (азайып немесе күйіп кететін үстемелер, балқитындар) құрайды. Саздар мен каолиндерді сазды материалдар деген бір атпен біріктіреді. Бір қатар қолтума күйдірме материалдарды өндіруге диатомиттерді, трепелдерді, сондай-ақ таза немесе саз қосылған сланцыларды, енін өзгертуші және т.б. үстемелерді пайдаланады.


Сазды материалдар және олардың керамикалық қасиеттері. Саздар жұқа жерлік құрылымдағы шөгінді тау жынысы болып табылады. Олар сумен араласқанда, өздерінің минералогиялық және химиялық құрамына тәуелсіз, иілмелі созылмалы қамыр түзе алады, күйдірген соң суға төзімді және беріктік тас түріндегі денеге айналады. Негізінен дала шпаты жыныстарын желдетудің нәтижесінде түзілген саздар қатпарлы кристалды құрылымдағы сулы алюмосиликаттар түріндегі түрлі сазды минералдардың тығыз қоспасынан тұрады. Олардың ішінде кең таралғандарды каолиниттілер (каолинит және галлуазит ), монтмориллониттілер (монтмориллонит- ), бейделлит - (және гидрослюдалылар негізінен слюданың түрлі дәрежедегі гидратациялану өнімі) болып табылады.
Саз түзуші материалдарымен қатар саздарда кварц, дала шпаты, күкіртті колчедан, темір тотығының гидраттары, кальций мен магний карбонаттары, титанның, ванадий құрамалары, сондай-ақ органикалық қоспалар кездеседі. Аталмыш қоспалар керамикалық бұйымдардың технологиясына да, қасиетттеріне де әсер етеді. Мәселен, ұнтақтап таратылған көмір қышқыл кальций мен темір тотықтары саздың отқа төзімділігін төмендетеді. Егер сазда көмір қышқылды кальцийдің ірі түйірлері болса, күйдіру кезінде олардан ауада аумағының ұлғаюымен («үрнемелер») гидраттанатын әк қоспасы пайда болады да, ол бұйымда жарықшақ пайда болуына немесе оның бұзылуына әкеліп соғады.7
Негізінен каолиниттен тұратын барынша таза саздарды каолиндер деп атайды.
Саздың құрамына көлемі әр түрлі түйірлер енеді, бірақ сазға тән жоғары майысқақтық пен байланыстырғыш қабілет оның құрамында көлемі 0,005 мм-ден аспайтын пластинка тәріздес өте майда бөлшектердің болуына байланысты. Бұл бөлшектер сазды заттар деп аталады. Бөлшектердің көлемінің шағындығы, сондықтан да жиынтық бетінің үлкендігі, әрі пластинка тәріздес түрлі бөлшектердің байланысуын қамтамасыз етеді, олардың бір-біріне қатысты байланысты жоғалтпастан жылжуына мүмкіндік береді. Саз құрамындағы сазды заттар қаншалықты көп болса, олардың иілгіштігі да соншалықты жоғары болады. Көптеген сазда иілгіштік қасиеті жоқ барынша ірі бөлшектерде де бар. Түйіршіктердің көлемі 0,005-тен 0,05мм-ге дейін болса – тозаң, 0,005-ден 2 мм-ге дейін – құм, ал 2 мм-ден жоғары болса – қоспалар деп аталады.
Саздардың керамикалық қасиеттері, иілгіштігі мен байланысқандығымен және байланыстырғыш қабілетімен, кептіру мен жоғары температура әсеріне қатынасымен сипатталады.
Саздың иілгіштігі деп саз қамырының сыртқы механикалық күштерінің әсерінен тұтастығын бұзбай (үзілмей және жарықшақсыз) деформациялануға және бұл күштердің әсері тоқтаған соң, түскен қалпын сақтауға қабілеттілігін айтады. Саз бұйымдарын қалыптау мүмкіндігі міне осы қасиетіне негізделген.
Иілгіштікті түрлі тәсілдермен айқындайды. Иілгіштікті ыңғайлы қалыптасатын масса алуға қажетті су мөлшері және сазды қамырдың кебініп азаюы мәні бойынша анықтау тәсілі кеңінен таралған. Саздың иілгіштігі жоғары болған сайын ол ыңғайлы қалыптасатын масса алуға қажетті суды соғұрлым көп қажет етеді және ауада кебініп тұлғасының азаюы соғұрлым жоғары болады. Жоғары иілгіштікті саздардың су қажеттілігі 28%- тен жоғары, ауа шөгінуі – 10-15%. Орташа иілгіштікті саздар 20-28% су қажеттілігімен және 7-10% ауада шөгілуімен сипатталады. Иілгіштігі төмен саздардың су жұту қажеттігі 20%- тен аз, ал ауада шөгілуі 5-7%- ке тең.
Өте иілгіш саздан жасалған бұйымдар кепкен кезде аумағы жағынан көп кішірейеді де жарылады. Бұл өндірісте жол беруге болмайтын нәрсе. Иілгіштігі төмен саздар және одан жасалған қамыр қиындықпен қалыптасатындықтан жұмысқа қолайсыз, сондықтан саздың иілгіштігін жиі реттеуге тура келеді. Саздың шамадан тыс иілгіштігін оған азайтатын қоспа енігізумен немесе иілгіштігі төмен саз қосумен жоюға болады. Ал иілгіштік жеткіліксіз болғанда сазды құмнан арылтып елейді, ашық аспан астында ұстайды, арнайы машинамен майдалайды, бумен өңдейді, ауасыздық жағдайда ұстайды, сондай- ақ иілгіш саз қосады. Осы процестердің нәтижесінде саздың дисперстілігі артады, ісінуі жақсарады және иілгіштігі мен қалыптасу қабілеті артады.
Байланыстылық және байланыстыру қабілеті. Саз бөлшектерін ажыратуға қажетті күш оның байланыстылығын сипаттайды. Жоғарыда атап көрсетілгендей саздың байланыстылығы сазды зат бөлшектерінің шағын көлемі мен пластинкалы түріне негізделген. Құрамында сазды фракция аса көп саздардың байланыстылығы жоғары болады.
Саздың байланыстыру қабілеті оның иілгіш емес материалдарының бөлшектерін /құм, шамот. т.б./ байланыстырып, кепкенде барынша берік бұйым / күймеген қыш/ түзуімен бейнеленеді.
Иілгіш емес материалдар. Сазға да, одан жасалған бұйымдарға да қажетті қасиеттер беру үшін сазға түрлі қоспалар енгізеді.Жүдеулеткіш материалдарды иілгіш саздарға кептіру және күйдіру кезіндегі шөгінуді азайтып, бұйымда жарықшақтар мен деформацияларды болдырмау үшін қосады. Бұл мақсатта сусыздалған сазды, шамот, шлактарды, күлді, сондай- ақ бірқатар табиғи материалдарды пайдаланады /кварцты құм, тозан тектес кварц/. Сусызданған сазды кәдімгі сазды шамамен 500 -700°С- ге дейін /бұл температурада ол иілгіштігін жоғалтады/. Қыздыру арқылы алады. Шамотты негізінен отқа төзімді немесе баяу балқитын саздарды 1000- 1400°С- де күйдіріп, уату арқылы алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет