Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі



бет3/11
Дата07.02.2020
өлшемі89,73 Kb.
#57370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
18 Оқу бағдарламасы Көркем еңбек


      2) "Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау" бөлімі:

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

2.1 Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі

5.2.1.1 ұлдар/ қыздар
өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану


6.2.1.1 ұлдар/ қыздар
өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану


7.2.1.1 ұлдар/ қыздар
күрделі шығармашылық идеяларды білдіру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтерін және өнердің көркем құралдарын негіздеп анықтау, таңдау және қолдану


8.2.1.1 ұлдар/ қыздар
күрделі шығармашылық идеяларды білдіру үшін өнердің көркем құралдарын өз бетінше анықтау, таңдау және қолдану


9.2.1.1 ұлдар/ қыздар
мазмұнды және ерекше туындылар орындау үшін өнердің көркем құралдарын өз бетінше қолдану


2.2 Құралдар мен жабдықтар

5.2.2.1 ұлдар
құрастырымды, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану;
5.2.2.2 ұлдар
ағаш және темір өңдеу білдегінің тағайындалуы мен құрылысын түсіндіру


6.2.2.1 ұлдар
құрастырымды, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін пайдаланатын қол электрлік құралдарының қозғалысты беру механизмдері мен құрылысын анықтау және сипаттау


7.2.2.1 ұлдар
заманауи технологиялық машиналардың құрылысын және жұмыс істеу принципін сипаттау және олармен құрастырымды, табиғи, жасанды заттарды өңдеу бойынша жұмыстар орындау


8.2.2.1 ұлдар
заманауи технологиялық машиналарда құрастырымды материалдарды өңдеу бойынша күрделі операцияларды орындау


9.2.2.1 ұлдар
материалдарды өңдеу үшін құралдарды және заманауи технология-лық машиналарды анықтау, таңдау және қолдану;
9.2.2.2 ұлдар/ қыздар
өнеркәсіптегі технологиялық және өндірістік процестер туралы білімі мен түсінігін көрсету


5.2.2.1 қыздар
тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді сипаттау және білу, машина тігістерін орындау;
5.2.2.2
қыздар
тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеуге арналған жабдықтарды білу, сипаттау және қолдану


6.2.2.1 қыздар
тігін машинасын қалыпты күйге келтіруді білу және орындау;
6.2.2.2 қыздар
тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу режимдерін білу, сипаттау және оларды тәжірибеде қолдану


7.2.2.1 қыздар
тігін машинасы жұмысындағы ақауларды анықтау және жөндеу;
7.2.2.2 қыздар
тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық өңдеу барысында қолданылатын құралдарды анықтау, таңдау, қолдану


8.2.2.1 қыздар
тігін машинасына қажетті құрылғыларды (түймелікті өңдеу, сыдырманы қондырып тігу) таңдау және қолдану


9.2.2.1 қыздар 
заманауи тігін құрал-жабдықтарын білу және торлау тігін машинасын қолдану;
9.2.2.3 қыздар 
тігін машиналарында күрделі операцияларды (аппликация, кестелеу) орындау және зерделеу


2.3 Жасау технологиясы

5.2.3.1 ұлдар
өлшем мен белгілеу негізінде орындалған бұйым дайындау үшін материалдарды қол құралдары-мен өңдеу;
5.2.3.2 ұлдар
түрлі материал-дардан қара-пайым бұйым дайындау


6.2.3.1 ұлдар
орындалған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу;
6.2.3.2 ұлдар
ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау


7.2.3.1 ұлдар
бұйымдардың функционалдық және эстетикалық сапасын арттыру үшін материалдарды механикалық өңдеу және бұйымды безендіру;
7.2.3.2 ұлдар
технологиялық құжаттар бойынша реттілікті және дәлдікті сақтай отырып, күрделі бұйымдар жасау


8.2.3.1 ұлдар
түрлі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, материалдарды өңдеу мен безендіру әдістерін анықтау, пайдалану;
8.2.3.2 ұлдар
өз бетінше дайындаған технологиялық құжатпен күрделі бұйым жасау


9.2.3.1 ұлдар
бұйым дайындау барысында материалдарды өңдеу мен безендірудің ұтымды тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану;
9.2.3.2 ұлдар
әртүрлі техника-ларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып күрделі бұйым жасау





5.2.3.1 қыздар
тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін қолдану арқылы қол еңбегі құралдары мен тігін машинасында өңдеу;
5.2.3.2 қыздар
түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау


6.2.3.1қыздар
тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу;
6.2.3.2 қыздар
әр түрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, бір өнім орындау


7.2.3.1 қыздар
әртүрлі конструкциялық, заманауи тоқыма және сәндеу материалдарын қолдана отырып, тігін машинасында технологиялық талапқа сәйкес бұйым жасау


8.2.3.1 қыздар
қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану;
8.2.3.2 қыздар
өз бетінше құрастырған технологиялық құжат бойынша бұйымдар дайындау


9.2.3.1 қыздар
бұйым дайындау барысында материалдарды өңдеу тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану;
9.2.3.2 қыздар
сенімділік пен дербестігін көрсету арқылы, әртүрлі техниканы, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып ерекше бұйым жасау





5.2.3.3 ұлдар/ қыздар
шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану


6.2.3.3 ұлдар/ қыздар
шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану


7.2.3.4 ұлдар/ қыздар
шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану


8.2.3.3 ұлдар/ қыздар
шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану


9.2.3.3 ұлдар/ қыздар
шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану


2.4 Тамақтану мәдениеті

5.2.4.1 ұлдар/ қыздар
дұрыс және тиімді тамақтану ережелерін зерделеу және сипаттау;
5.2.4.2 ұлдар/ қыздар
дұрыс және тиімді тамақтану мәзірін құрастыру;
5.2.4.3 қыздар
тағам әзірлеуге арналған құралдар мен жабдықтарды зерделеу және олардың мүмкіншілігін анықтау;
5.2.4.4 қыздар
салқын тағамдар мен сусындарды әзірлеу технологиясын білу және қолдану


6.2.4.1 ұлдар/ қыздар
қоғамдық тамақтану орындарында, қазақ халқы мен әлем халықтарының мәдениетіндегі дастарқан басында өзін-өзі ұстау ережелерін салыстыру және сипаттау;
6.2.4.2 ұлдар/ қыздар
әртүрлі іс- шараға арналған дастарқанды безендірудегі білімдері мен тәжірбиелік дағдыларын көрсету;
6.2.4.3 қыздар
жылдам орындалатын тағамдар мен десерт дайындау технологияларын білу және қолдану;
6.2.4.4 қыздар
әртүрлі тағамдарды дайындау үшін азық-түліктер, құрал-саймандар мен керек-жарақтарын анықтау және таңдау


7.2.4.1 қыздар
әлем халықтарының тағамдары мен әлемге әйгілі аспазшылардың тағамдарындағы ерекшеліктерді сипаттап, салыстыру;
7.2.4.2 қыздар
әлем халықтарының және ұлттық тағамдардың жасалу технологияла-рын зерделеу және қолдану;
7.2.4.3 қыздар
әртүрлі тағамдар дайындауда қолданатын қажетті құрал-жабдықтарды, өнімдерді таңдауда өз бетінше нақты шешім қабылдай алу








2.5 Үй мәдениеті

5.2.5.1 ұлдар/ қыздар
өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау;
5.2.5.2 ұлдар/ қыздар
өсімдік шаруашы-лығында көктемгі жұмыстар жүргізу


6.2.5.1 ұлдар/ қыздар
сәндік гүл түрлерін өсіру технологиясын зерттеу және сипаттау;
6.2.5.2 ұлдар/ қыздар
сәндік бақша мен гүл өсіру шаруашылығында көктемгі жұмыстар орындау


7.2.5.1 ұлдар
ауыл шаруашылығындағы жабдықтарды және заманауи техникаларды сипаттау, жіктеу және бағалау;
7.2.5.1 қыздар
интерьер безендіру үшін әртүрлі өсімдіктердің эстетикалық қасиеттерін сипаттау, қолдану және бағалау


8.2.5.1 ұлдар/ қыздар
ауыл шаруашылық өндірісінің дамуындағы әдіс-тәсілдерді талқылау және бағалау;
8.2.5.2 қыздар
медицинадағы, фитотерапия мен косметикадағы өсімдіктердің рөлін зерделеу, талқылау және бағалау


9.2.5.1 ұлдар/ қыздар
ландшафты дизайнның элементтерін, заманауи бағыттары мен стильдерін анықтау және сипаттау


5.2.5.3 ұлдар
электр энергиясы көздері туралы айтып беру;
5.2.5.4 ұлдар
қарапайым электротехникалық арматура мен электромонтажды құралдарды атау мен олардың тағайындалуын түсіндіру


6.2.5.3 ұлдар
электросызба элементтерінің графикалық шартты белгілерін зерделеу, анықтау және орындау;
6.2.5.4 ұлдар
қарапайым электр тізбектерінің есебін жүргізу және ажырата білу


7.2.5.2 ұлдар
электротехникалық арматуралар мен тұрмыстық құралдардың қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізу


8.2.5.2 ұлдар
тұрмыстық техника мен электр жабдықтарының эстетикалық, эргономикалық және эксплуатациялық сапаларын салыстру және бағалау


9.2.5.2 ұлдар
жарықтандырудың типтік және әртүрлі түрін анықтау және сипаттау





5.2.5.5 ұлдар
тұрақты тоқ көздерін пайдалану арқылы қарапайым бұйым құрастыру


6.2.5.5 ұлдар
қарапайым сызба бойынша электр тізбектерін орындау және жинау


7.2.5.3 ұлдар
электр тізбектеріндегі ақауларды табу;
7.2.5.4 ұлдар
есептеулер орындау үшін арнайы бақылау-өлшегіш аспаптарын таңдау және қолдану





9.2.5.3 ұлдар
функционалдық, эргономикалық және эстетикалық талаптарды ескере отырып, интерьердегі жарықтандыруды ұйымдастыру бойынша шығармашылық шешімдер дайындау





5.2.5.6 ұлдар
қол құралдарын пайдаланып, ақауларды жою бойынша интерьерді ұйымдастырудың тәжірибелік жұмыстары мен қарапайым жөндеу операцияларын орындау


6.2.5.6 ұлдар
электрлік құрал-саймандарды пайдаланып, ақауларды жою бойынша жөндеу операциялары мен интерьерді ұйымдастырудың тәжірибелік жұмыстарын орындау


7.2.5.5 ұлдар
интерьерді ұйымдастыру бойынша тәжірибелік жұмыстар орындау барысында жарықтандыруға, желдеткіш және жылу жүйесіне қойылатын нормаларды сақтау және қарастыру


8.2.5.3 ұлдар
тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында ақауларды жоюдың тиімді тәсілдерін табу;
8.2.5.4 ұлдар
тұрмыста жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында заманауи материалдар мен құрал-жабдықтарды зерделеу, таңдау және қолдану


9.2.5.4 ұлдар /Қыздар
интерьерді безендіру, жоспарлау және ұйымдастыру бойынша тәжірибелік жұмысты орындау үшін түрлі салалардағы білімдерін жалпылау





5.2.5.3 қыздар
жеке бас гигиенасы ережелерін зерделеу және сипаттау, әртүрлі шаш пен тері түрін анықтау;
5.2.5.4 қыздар
өз бетінше өз-өзіне қарау әрекеттері мен тәсілдерін таңдау және қолдану


6.2.5.3 қыздар
тазалау құралдарын, тұрғын үйге қойылатын гигениалық талаптарды зерделеу және сипаттау;
6.2.5.4 қыздар
тазалау құралдары мен жабдықтарын таңдау және қолдану;
6.2.5.5 қыздар
мезгілдік киім мен аяқ-киімдерді күту мен сақтау ережелерін білу және ұстану


7.2.5.2 қыздар
эксплуатациялық, эстетикалық және экологиялық сапаларын бағалай отырып, тұрмыстық техниканың мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай жіктеу;
7.2.5.3 Қыздар
тұрмыстық техниканы қолдану мен күту ережелерін зерделеу және сипаттау


8.2.5.3 қыздар
өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау





2.6 Техника қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының ережелерін сақтау

5.2.6.1 ұлдар/ қыздар
техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану;
5.2.6.2 ұлдар/ қыздар
қол еңбегі құралдары-мен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу


6.2.6.1 ұлдар/ қыздар
техника қауіпсіздігін қадағалап және көрсете отырып, материалдар мен құралдарды қолдану;
6.2.6.2 ұлдар/ қыздар
қол электрлі құралдары және жабдықтарымен қауіпсіз жұмыс жасау тәсілдерін, еңбек гигиенасы ережелерін білу және түсіндіру


7.2.6.1 ұлдар/ қыздар
техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану;
7.2.6.2 ұлдар/ қыздар
заманауи технологиялық машиналармен қауіпсіз жұмыс жасау жолдарын білу және түсіндіру


8.2.6.1 ұлдар/ қыздар
техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану;
8.2.6.2 ұлдар / қыздар
құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу туралы ескертпе парағын құру


9.2.6.1 ұлдар/ қыздар
техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану;
9.2.6.2 ұлдар/ қыздар
белгілі бір бұйым мен жұмыс түріне арналған техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық құру





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет