Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі



бет8/11
Дата07.02.2020
өлшемі89,73 Kb.
#57370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
18 Оқу бағдарламасы Көркем еңбек


      1) 5-сынып (қыздар):

Оқу жоспарындағы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны

Оқу мақсаттары.
Білім алушылар білуге тиісті


1-тоқсан

Визуалды өнер

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары. Классикалық өнердің үздік туындылары. Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

5.1.2.1 әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

5.1.3.1 шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу. (ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)

5.3.2.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау

5.3.3.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау

Натюрморт өнері. Ұлттық сәндік натюрморт

5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

5.1.6.4 таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

5.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

Пейзаж. Табиғатпен үйлесім. Әуе перспективасы

5.1.1.1 қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Индустриалды пейзаж. Қала пейзажы. Сызықтық перспектива

5.1.1.1 қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

Пластикалық пішіндер өнері. Мүсін өнері

5.1.1.1 қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

5.3.3.1 пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) сипаттау

Шығармашылық жұмыс. Көрме ұйымдастыру

5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

5.1.6.4 таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

5.3.1.1 бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме)

2-тоқсан

Сәндік-қолданбалы өнер

Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері. Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері)

5.1.2.1 әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай орындау

5.1.2.1 әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу;
5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау


Көркемдік кестемен бұйымды безендіру

5.2.1.1 өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану

5.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

5.2.6.1 материалдар мен құралдарды техника қауіпсіздігін сақтап, қолданудың маңыздылығын сезіне отырып демонстрациялау

Өру өнері. Өру түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу

5.1.6.2 бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерің анықтау

5.1.5.2 шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

5.1.4.1 шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау

Бұйым өру

5.2.3.2 түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау

5.2.3.4 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

5.2.6.1 қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Жұмыстардың көрмесі

5.3.1.1 бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме )

3-тоқсан

Дизайн және технология

Тоқыма материалдарының классификациясы мен сипаттамалары. Материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу

5.1.6.3 тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін сипаттау және білу

Тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар

5.2.2.1 тігін машинасының құрылысын, жіп өткізуді сипаттау және білу, машина тігістерін орындау;
5.2.2.2 тігін бұйымдарын ылғалды-жылулық (үтік) өңдеуге арналған жабдықтарын білу, сипаттай алу және қолдану;
5.2.6.2 қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу)


Тігін бұйымдарының классификациясы. Идеядан өнімге (тігін бұйымдары)

5.1.6.3 тоқыма материалдары мен бұйымдарының классификациясын, құрамы мен қарапайым тоқылу әдісін сипаттау және білу

Дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар). Костюм құру (мини-манекенде немесе қуыршақта)

5.1.5.1 өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйеніп және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау;
5.2.3.1 тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін қолдану арқылы қол еңбегі құралдарымен, тігін машинасында өңдеу;
5.2.3.2 түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау;
5.2.6.1 қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану


Тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт) Идеяларды құру. Нобай. Материалды таңдау және дайындау. Жұмыстың орындалу бірізділігі

5.1.5.1 өзінің және өзгенің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) тәжірибесіне сүйене отырып және композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау;
5.1.4.1 шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау


Бұйым дайындау. Бұйымды безендіру

5.2.3.1 тоқыма бұйымдарын пішу және сыру тігісін қолдану арқылы қол еңбегі құралдарымен, тігін машинасында өңдеу;
5.2.3.2 түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым бұйым орындау;
5.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;
5.2.6.1 қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану


Жұмысты қорғау

5.3.1.1 бүкіл сыныпқа дайын жұмысты таныстыру (көрме);
5.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру


4-тоқсан

Тамақтану мәдениеті

Дұрыс тамақтанудың негіздері. Ас мәзірін әзірлеу

5.2.4.1 дұрыс және тиімді тамақтанудың ережелерін сипаттау және зерделеу;
5.2.4.2 дұрыс және тиімді тамақтанудың мәзірін құрастыру;
5.1.3.1 шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)


Асхананың жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған құралдар-жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар. Тағам дайындауға арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу

5.2.4.3 тағам әзірлеуге арналған құралдар мен жабдықтарды зерделеу және олардың мүмкіншілігін анықтау;
5.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану;
5.2.6.2 қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек гигиенасының ережелерін білу (жұмыс орнын, құралдарды ұйымдастыру және тазалау, арнайы киімде жұмыс істеу)


Бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы

5.1.3.1 шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып);
5.2.4.4 суық тағамдар мен сусындар дайындау технологиясын білу және қолдану;
5.1.3.1 шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)


Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы

5.2.4.4 салқын тағамдар мен сусындарды әзірлеу технологиясын білу және қолдану;
5.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру;
5.1.3.1 шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)


Үй мәдениеті

Жеке бастың гигиенасы. Өз-өзіне күтім жасау

5.2.5.3 жеке басының гигиенасы ережелерін зерделеу және сипаттау, әртүрлі шаш пен тері түрін анықтау;
5.2.5.4 өз бетінше өз-өзіне қарау әрекеттері мен тәсілдерін таңдау және қолдану


Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар

5.2.5.1 өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс түрлерінің негізгі бағыттарын зерделеу және сипаттау;
5.2.5.2 өсімдік шаруашылығында көктемгі жұмыстар жүргізу (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу);
5.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет