Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі



бет2/11
Дата07.02.2020
өлшемі89,73 Kb.
#57370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
18 Оқу бағдарламасы Көркем еңбек


      2) "Дизайн және технология" бөлімі: Заманауи сән әлеміндегі сарындық (стильді) бағыттар (өздігінен ізденіс зерттеулері), "Сән және жеке тұлға үйлесімділігі" эксперименті, жеке даралық имиджін жасау, идеяларды жүзеге асыру, аксессуарлар, шаш үлгісі, визаж құралдары негізінде жеке даралық образды жасау, киім топтамасын жасау эксперименті/жеке даралық имидж үшін аксессуарлар, жұмысты қорғау;

      3) "Дизайн және технология" бөлімі: Сәнді киім дизайны "Fast cloth" қарапайым геометриялық формалар (пончо, кейп, туника) (сән журналдары), киім және аксессуарлардың заманауи өндірісі, нобай, идеяны жүзеге асыру, материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау, бұйымды жасау, бөлшектерді пішу, жеке бөлшектерді өңдеу, бөлшектерді жинау мен бұйымды сәндеу, жұмысты талдау мен бағалау, жұмысты қорғау;

      4) "Үй мәдениеті" бөлімі: Ландшафт элементтері интерьерде /экстерьерде, шығармашылық идеяны визуалдау (нобай), шығармашылық идеяны іске асыру, интерьерді мерекеге орай безендіру, шығармашылық идеяны визуалдау (нобай), шығармашылық идеяны іске асыру.

      24. "Көркем еңбек" оқу пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұны оқыту мақсаттары жүйесінің шығармашылық әрекет үдерісі барысында тәжірибелік және негізгі білім қалыптастыруға бағытталған үш бөлім бойынша ұйымдастырылған.

      25. "Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) қоршаған орта туралы білім мен түсінік;

      2) тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік;

      3) ақпарат көздерімен жұмыс істеу;

      4) шығармашылық іс-әрекет үдерісін жоспарлау;

      5) дизайн дайындау бойынша тапсырмалармен жұмыс жасау;

      6) материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары.

      26. "Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) шығармашылық идеялардың көркем көрінісі;

      2) құралдар мен жабдықтар;

      3) жасау технологиясы;

      4) тамақтану мәдениеті;

      5) үй мәдениеті;

      6) техника қауіпсіздігі және еңбек гигиенасы ережелерін сақтау.

      27. "Таныстырылым, талдау және шығармашылық жұмыстарды бағалау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

      1) шығармашылық жұмыстардың таныстырылымы;

      2) идеяларды талдау және бағалау;

      3) әдіс-тәсілдерді талдау және бағалау;

      4) жұмысты жетілдіру және бейімдеу.

3-тарау. Оқыту мақсаттарының жүйесі



      28. Оқыту мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа бөлінген.

      29. Бағдарламада оқыту мақсаттарын қолдануға және мониторинг жасауға тиімді болу үшін кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 5.2.1.4. кодында "5" - сынып, "2.1" - бөлім мен бөлімше, "4" - оқыту мақсатының реттік саны.

      30. Оқыту мақсаттарының жүйесі:

      1) "Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу" бөлімі:

Білім алушылар білуі тиіс:

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.1 Қоршаған орта туралы білім мен түсінік

5.1.1.1 ұлдар/ қыздар
қоршаған орта
ның ассоциатив
ті мағынасы мен визуалды сипат
тамасын зерде
леу және анық
тау


6.1.1.1 ұлдар/ қыздар
қоршаған ор
та нысанда
рының визу
алды сипатта
маларын түсі
ну және білі
мін көрсету


7.1.1.1 ұлдар/ қыздар
қоршаған ор
та элемент
терінің визу
алды сипатта
масын өзін
ше түсіндіру








1.2 Тарих, мәдениет және дәстүр туралы білім мен түсінік

5.1.2.1 ұлдар/ қыздар
қазақ халқының ұлттық және әлем мәдениеті
ндегі өнер, қол
өнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу


6.1.2.1 ұлдар/ қыздар
қазақ халқының ұлттық және әлем мәдени
етіндегі өнер, қол
өнер мен ди
зайн туынды
ларының ер
екшеліктері туралы білі
мі мен түсі
нігін көрсету


7.1.2.1 ұлдар/ қыздар
тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туын
дыларының ерекшеліктерін өз бетін
ше зерделеу және сипаттау


8.1.2.1 ұлдар/ қыздар
тарихи және мәдени шығу тегі әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету


9.1.2.1 ұлдар/ қыздар
тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер және дизайн туындыларының түрлі материалдарын, бағытын, салыстыру, талдау


1.3 Ақпарат көздері

5.1.3.1 ұлдар/ қыздар
шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу


6.1.3.1 ұлдар/ қыздар
шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану


7.1.3.1 ұлдар/ қыздар
шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдау және қолдану


8.1.3.1 ұлдар/ қыздар
шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану


9.1.3.1 ұлдар/ қыздар
шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда ақпарат көздерін толыққанды және нәтижелі қолдану


1.4 Шығармашылық іс-әрекет үдерісін жоспарлау

5.1.4.1 ұлдар/ қыздар
шығамашылық жұмысты орындау кезеңдерін анықтай отырып, жоспар дайындау


6.1.4.1 ұлдар/ қыздар
уақыт және басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау;
6.1.4.2 ұлдар/ қыздар
материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер)


7.1.4.1 ұлдар/ қыздар
алған білім
дері мен тәжірибелерін қолдана болашақ іс-әрекеттерін анықтау жә
не шығарма
шылық қызметін жоспарлау;
7.1.4.2 ұлдар/ қыздар
бұйымның өзіндік құны мен материалдық шығындарын анықтау


8.1.4.1 ұлдар/ қыздар
алған білімі мен тәжіри
белерін қол
данып, бола
шақ іс-әре
кетін толық сипаттап, шығармашылық қызме
тін жоспар
лау;
8.1.4.2 ұлдар/ қыздар
зерттеу нәти
желері негі
зінде тұтыну
шылардың өнімнің түрлеріне қажеттілігін анықтау


9.1.4.1 ұлдар/ қыздар
жұмысты орындаудың тиімді әдістері мен реттілігін анықтай отырып, шығармашы-лық қызметін жоспарлау;
9.1.4.2 ұлдар/ қыздар
пайданы анықтау мақсатында түрлі тауарларды өткізу нарығын талдау


1.5 Дизайн (эскиз) дайындау бойынша тапсырмалармен жұмыс істеу

5.1.5.1 ұлдар/ қыздар
композицияның негізгі заңдылықта-рын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау


6.1.5.1 ұлдар/ қыздар
композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әртүрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау


7.1.5.1 ұлдар/ қыздар
функционалды және эстетикалық талаптарға сай, нысанның дизайн дайындау бойынша тапсырмаларды орындау


8.1.5.1 ұлдар/ қыздар
функционалды талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау


9.1.5.1 ұлдар/ қыздар
күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін білімді қорытындылау


5.1.5.2 ұлдар/ қыздар
шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау


6.1.5.2 ұлдар/ қыздар
шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау


7.1.5.2 ұлдар/ қыздар
түрлі графикалық құралдардың көмегімен бұйым дайындау үшін эскиздер орындау және графикалық пен технологиялық құжаттар әзірлеу


8.1.5.2 ұлдар/ қыздар
бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау


9.1.5.2 ұлдар/ қыздар
графиканың әртүрлі тәсілдерін қолдану арқылы өз бетінше графикалық және технологиялық құжат құру


1.6 Материалдар, олардың қасиеттері мен жұмыс істеу техникалары

5.1.6.1 ұлдар
материалдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы, жалпы қасиеттері мен құрылысын зерделеу


6.1.6.1 ұлдар
материалдардың физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттерін, олардың қолданылу аясын анықтау және сипаттау


7.1.6.1 ұлдар
жобаланатын нысанды дайындау барысында материалдардың физикалық, технологиялық және механикалық қасиеттерін анықтау және салыстыру


8.1.6.1 ұлдар
жобаланатын нысанның тағайындалуы мен қасиеттерін ескеріп, материалдарды өңдеумен безендіру тәсілдерін анықтау және таңдау


9.1.6.1 ұлдар
техникалық, эксплатуациялық және экологиялық ескере отырып, материалдарды өңдеудің өзіндік тәсілдерін негіздеп анықтау және таңдау


5.1.6.2 ұлдар/ қыздар
заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтау


6.1.6.2 ұлдар/ қыздар
заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын


7.1.6.2 ұлдар/ қыздар
бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу, пайдалану және үйлестірудің тиімді жолдарын


8.1.6.2 ұлдар/ қыздар
бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау


9.1.6.2 ұлдар/ қыздар
бұйымды дайындау мен безендіру барысында заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың өзіндік шешімдері мен жолдарын ұсыну


5.1.6.3 қыздар
тоқыма материалдармен бұйымдардың жіктелуін білу және сипаттау


6.1.6.3 қыздар
тоқыма материалдар мен бұйымдардың қасиеттері мен фактурасын зерделеу және анықтау


7.1.6.3 қыздар
өңдеу тігін материалдары мен сәндік әшекей бұйымдарының жіктелуін анықтау, сипаттау және салыстыру


8.1.6.3 қыздар
табиғи және жасанды тері мен былғарының түрлері мен қасиеттерін анықтау, сипаттау және салыстыру


9.1.6.3 қыздар
трикотаж, тоқусыз матаны өз бетінше зерделеу, анықтау және бағалау


5.1.6.4 ұлдар/ қыздар
таңдаған құралдардың қасиеттерін ескере отырып, көркем өнер материалдарын, орындау техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу


6.1.6.4 ұлдар/ қыздар
материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау


7.1.6.4 ұлдар/ қыздар
шығармашылық жұмыстар барысында орындау техникасы мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру


8.1.6.4 ұлдар/ қыздар
шығармашылық жұмыстар барысында орындау техникасы мен өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру


9.1.6.4 ұлдар/ қыздар
шығармашылық жұмыс жасау үшін әр түрлі орындау техникасын және өнер материалдарын қолдану бойынша өзіндік шешімдер ұсыну



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет