Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Балалар ұжымының негізгі сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет164/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Балалар ұжымының негізгі сипаттамасы 
«Ұжым» ұғымы бізге әртүрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, 
топ, бірлестік және т.б.
Қазіргі педагогика ғылымында «ұжымды» екі түрде түсіндіреді: 
1) қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы (мысалы, өндірістегі еңбек 
ететін адамдар тобы); 
2) тек жоғары деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік. 
Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып – сынып ұжымы 
есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. 
Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-
қатынастың алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның аумағында 
мектеп ұжымының іргесі қаланады. 


150
Топ – бір немесе бірнеше белгілер негізінде біріккен адамдар бірлестігі. 
Топтың түрлері: ресми, белгілі бір құжат негізінде біріккен топтар. 
Референттік топтар – маңызды белгілі бір қызығушылықпен бірігеді. 
Диффузиялық топтар – тұрақсыз, жылдам ыдырап кететін топтар. 
Топ белгілері: 

өмір сүру уақыты; 

қарым-қатынасы; 

басқару және бағыну қарым-қатынасы; 

ұйымдастырушылық жұмыс; 

бағалылық, тәртіп нормалары; 

жеке тұлғалық қарым-қатынасы. 
Мектеп ұжымында жас ерекшеліктеріне қарай біріккен әртүрлі топтар 
болады. Осындай шағын топтардан ұжым қалыптасады. 
Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі – қоғамдық пікір, өзара 
сенім мен жоғары талаптың болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет