Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет166/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 
Ұжым аймағы 
Оқушылармен қарым-қатынас жасаудағы ең бір нәзік және бағалы сәт – ол 
әр оқушының өзімен жеке байланыс орнату. Бұл жеке қарым-қатынас оның 
көңіліне сенім ұялатады (46-сурет). 
Жеке қарым-қатынасты
қалыптастыру әдісі 
Жағымды 
қарым-қатынас 

қарау 

күлімсіреу 

қимыл 

жылы сөз 

әдепті сұрақ 

жағымды іс-әрекет 

өтініш 

еске алу
 

сипау 

қол қысу 

достық қауышу 
 
Сурет-46. Жеке қарым-қатынасты қалыптастыру әдістері 
Басқа оқушылармен (тәрбиеленушілермен), яғни топпен қарым-қатынасқа 
түсу жеңіл болады. Ал жеке қарым-қатынасқа түспей, топпен тек жалпы қарым-
қатынас жасау одан әрі тығыз қарым-қатынас жасауға апармайды. Өйткені, 
оқушы мұғалімнің мәліметін қабылдап қана қояды, кері қайтармайды, өзінің 
қабілетін ашпай, томаға-тұйық болып, тәрбиеші екеуінің арасында қамал пайда 
болады. Бұл жерде мұғалім К.С.Станиславскийдің педагогикалық ұстанымын 
басшылыққа алғаны жөн. Тәжірибесіз әрі өзіне әлі сенімсіз жас тәрбиеші үшін 


152
К.С.Станиславскийдің «ілтипат аймағы» жүргізген зерттеулерінің нәтижелері 
құнды. 
«Ілтипат аймағы»
– жас тәрбиешінің тәрбиеленушілермен жақын
қарым-қатынасқа түспей, өз ісін немесе пәнін жақсы меңгергенін, біліктілігін 
дәлелдейтін уақыт аралығы. Алғашқы сәттерде тәрбиеші «бірінші ілтипат 
аймағында» жұмыс істейді, яғни ойша өзін айналдыра сызып немесе сабақтың 
тақырыбын ашумен, тек өз жұмысымен айналысып, сыныпты елемегендей 
болады. Бұл «ілтипат аймағында» тәрбиеші өзін еркін, бос ұстайды. Сондықтан 
да өзінің «Менін» қалыптастыру қиынға соқпайды. Міне, бұл сәттер 
тәрбиеленушілерге қызықты, олар тәрбиешіге жақындай түседі. Осы кезден 
бастап тәрбиеші «ілтипат аймағын» кеңейте түсіп, оған тәрбиеленушілерді 
көптеп тартуына болады.
Әрине, тәрбиеленушілермен жұмыс істегенде алғашқы минуттардан бастап 
«ілтипат аймағын» кеңейткені дұрыс болады. Бірақ, тәрбиешіні асықтырмаған 
жөн, яғни тәрбиешінің асықпағаны абзал. Алғашқы тіл қату, алғашқы ой 
жұмысты ұйымдастыру барысында туындайды. Топпен алғашқы тіл табысу 
басталғанын сезінген тәрбиеші тар шеңберден шығу керек, біреуіне 
күлімсіресе, екіншісіне басын изейді, үшіншісіне сұрақ қояды, төртіншісін 
бағалайды («Мен сіздің түсінетініңізге сенімдімін»), бесіншісінен өтінеді 
(«Маған көмекші-ассистент керек еді...») және т.б. Ал жас тәрбиешінің мұндай 
жылдам ауысуға қабілеті жете бермейді, сондықтан оның әлі «бірінші ілтипат 
аймағында» қала тұрғаны дұрыс. Бірақ бұл көпке созылмау керек, өйткені ол 
кейін жеке қарым-қатынасты қалыптастыруға кері әсерін тигізеді. Қарым-
қатынаста тәрбиеші өзінің бет-әлпетіне және қимылына да көңіл аударғаны 
дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет