Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет169/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Президент
Парламент
Сенат
Төменгі 
палата 
мәжілісі
Үкімет
Білім
Мәдениет
Спорт
Тазалық
Құқық 
тәртібі


154
Оқушылардың оқу-тәрбие процесіндегі іс-әрекеттерін дамытуда сынып 
жетекшісі 
белсенділер 
тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды 
топтастырудағы атқаратын іс-әрекетінің маңызды кезеңі. 
Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, 
олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін 
оларды ұстамдылыққа, сенімділікке тәрбиелеу керек. 
Бұл тұрғыда, сыныпта 
қоғамдық пікірді
орнықтырудың маңызы зор. 
Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ 
көзқараста, оқу әрекеттері мен қоғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, 
әділ сын мен өзара сын орын алғанда, жекелеген оқушының жағымсыз 
қылықтарын сынып талқысына салып отырған жағдайда ғана қалыптасады. 
Ұжым өмірін қызықты етіп ұйымдастыруда жақсы дәстүрлердің тәрбиелік 
мәні ерекше. 
Дәстүр

оқушылар ұжымының өмірін, белсенділігін нығайтады 
және дамытады.
Дәстүр – жақсы әдет-ғұрып, ұжым өмірінде орныққан істің жағымды 
тәжірибесі. 
Сондай-ақ, оқушылардың санасы мен белсенділіктерін дамытуда, оларды 
қоғамдық пайдалы
жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және 
тәрбиелік мәні зор. 
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің
өзін-өзі тәрбиелеуі 
маңызды. Өзін-өзі тәрбиелеу – оқушының белгілі бір нақты 
мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі. Ол үшін оқушыда міндетті түрде 
қоғамдық-әлеуметтік түрткі болуы керек. 
Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейтуде, құштарлығын және білім 
сапасын арттыруда, олардың бос уақыттарында әдеби көркем шығармаларын 
оқуының пайдасы зор. Ол үшін оларды жүйелі түрде кітап оқуға дағдыландыру 
қажет. Сынып жетекшісі мектеп кітапханашысымен ақылдаса отырып, қай 
оқушыға қандай кітаптарды оқу қажеттігі туралы кеңес беріп, оны таңдауға, 
оқу дағдысын игеруіне көмектеседі. Жақсы көркем шығармаларын сынып 
болып талқылауын ұйымдастырады.
Өскелең ұрпаққа «білімнің, адамдықтың кілті осы» деп қасиетін таныту 
тек қана ата-ана, ұстаздар ғана емес, қоғамның кез келген мүшелеріне міндет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет