Ұжымның даму кезеңдері Алғаш рет ұжымды қалыптастыру сатыларын ғылыми түрде анықтап,
оқушылар ұжымы дамуының мақсаты, іс-әрекетінің мазмұны, тәртібі,
оқушылардың ара-қатынасы тәуелділігіне байланысты, ұжымның даму
кезеңдерін ажыратып берген ұлы педагог А.С.Макаренко болды. Ол оқушылар
ұжымын үш кезеңде қарастырды (48-сурет).
Белгілі педагог А.С.Макаренко ұжымды ұйымдастыру және тәрбиелеудің
ең тиімді жолдарының бірі паралельді ықпал ету принципін ұсынды.
Тәрбиешінің жеке тәрбиеленушіге ықпал етуі өзі емес, ұжым арқылы, топ
белсенділері арқылы жүргізіледі. Тәрбиеші белсенділерге сүйене отырып,