147
ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгеріп, дамып
отырады және кемелденеді. Сол үшін
педагогикалық жетекшілер
қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті;
сынып жетекшісі ұжымды тәрбиелеуде сынып ұжымына сүйеніп,
отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді көздеуі;
көзбояушылық – тәрбиенің қас жауы;
жетекшіліктің жақсы көрсеткіші – сынып өміріндегі маңызды
мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;
ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде
тәрбиені дамыту;
тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көпдеңгейлігін
ескере жүргізу:
1)
жекеше қарым-қатынас жасау;
2)
бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;
3)
әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатынас жасау;
ұжым мүшелерінің атқарып жүрген
қызметтері мен олардың шын
мәніндегі мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;
уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге
жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;
ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық
іс-әрекет түрлерімен, олардың қалпын өзгертуді әр кез естен шығармау.
Достарыңызбен бөлісу: