1. Сынып жағдайында өзін-өзі басқару: оқу, еңбек, спорт секторларының
жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.
2. Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың
өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің
өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады.
Бүгіндері мұндай дәстүрлі тәжірибе алдыңғы қатарлы мектеп тәжірибесінде өз
жұмысын жалғастыруда.
3. Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады.
Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесінің
мүшелері, кеңесші тәрбиешілер, ата-аналар кіреді. Мұның қызметі негізінен,
мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау
мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді.