Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет182/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Тәрбие тағылымы 
 
 
Мағжан Жұмабаев
(1893-1938)
Ұлыдан ұлағат 
 

Қазақтың тағдыры, келешегі
ел болуы да мектептің қандай негізде 
болуына барып тіреледі 

Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір 
ғылым иесі болуды тілейтін өнер 
 
 
 
Йоганн Вольфганг фон Гёте
(1749-1832)  
Білгенге маржан 
 

Мінез-құлық – әркім өзінің 
кейпін көрсететін айна 

Уақыттың босқа кеткеніне оны 
бағалайтын адам ғана қиналып, 
қынжылады 
 
8-тақырып. Сынып жетекшісінің қиын балалармен 
жұмыстарының жүйесі 
 
«Қиын балалар», «девиантты балалар», «проблемалы балалар», 
«қауіпті балалар тобы» ұғымдарының мәні 
Мінез-құлықтағы қиындық және «ауытқушы мінез-құлық» ұғымы
ХХ ғасырдың 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы да ғылым 
саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді.
ХХ ғасырда 
қиын балалардың
жеке ерекшеліктерін, қоғамдық, әлеуметтік 
өмір 
жағдайымен, 
тәрбиелік 
факторлардың 
өзара 
әрекеттестігімен 
біртұтастықта алғашқы болып кешенді зерттеген П.П.Блонский болды. 
Кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балаларды 
зерттеудің негізгі мақсаты – қиын балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін 


165
ашып көрсете отырып, қиын балалардың сәтсіз өмірінің себептерін анықтау. 
П.П.Блонский: «Қиын бала – бұл, ең алдымен кәдімгі бала. Оған табиғи 
қарапайым тұқымқуалаушылық тән. Айырмашылығы – оның педагогикалық 
қараусыз қалғандығы. Сондықтан, оны дені сау, бірақ қараусыз қалған бала 
ретінде тәрбиелеу керек» – деп тұжырымды ой қорытады.
Ал, В.В.Трифонов өз зерттеулерінде: «Қиын бала – бұл күнделікті 
педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп 
қарауды, ұстаздың ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін 
қажетсінетін бала» – деп атап көрсетеді. 
Г.М.Минковский, Л.М.Зюбин, Д.В.Колесов, В.Н.Кудрявцевтің зерттеулері 
бойынша қиын балалардың басым көпшілігі – мектептегі оқуда қиындықтарға 
кезігіп, оқу бағдарламасын дұрыс меңгере алмай, ұжымнан тысқары қалып 
қалған балалар.
Сондай-ақ, ағылшын психологтары Хевитта және Дженкинс қиын 
балаларды екі үлкен категорияға бөледі:
1. Әлеуметтік формадағы қоғамға жат мінез-құлыққа тән балалар.
2. Әлеуметтік емес қоғамға жат агрессивті мінез-құлықты балалар.
Бұл балалар отбасымен, достарымен қарым-қатынасы нашар, эмоцияға 
бейім, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар. 
«Қиын бала» ұғымын барлығымыз естіп жүрміз, бірақ бұл ұғымның 
астарында не жатыр? Қоғамдық тәртіп сақшылары үшін – ол тәртіп бұзушы
ұстаз үшін – ол басқа балаларға жағымсыз әсер ететін «шартсыз көшбасшы», 
тәрбиеші үшін – ол бағынбайтын сотқар бала. 
Қиын балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез 
ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық 
формалар кездесетін, кейде ашулары «қайнағанда» дәрі-дәрмек беру арқылы 
қозу күйін тежейтін балалар жатады. 
Қиын балалардың мінез-құлықтары: сенімсіздік, көңіл-күйі бір қалыпты 
емес, ашуланшақ болып келеді. Өзіне назар аудару үшін өзінің «батырлығын» 
көрсетіп, басқалардың көңілін өздеріне аударады. Жоғарғы сыныптағы 
жасөспірімдердің мінез-құлқы – өз бетінше өмір сүруге, өзі шешім қабылдауға, 
өмірге көзқарасы, қызығушылығы өзгереді. Олар өзінен үлкен адамдардың 
ақыл-кеңесін тыңдаудан бас тартады. 
Кейбір балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктер және 
қалыпты нормадан ауытқу, заң бұзушылық арқылы көңіл аударту, алынған 
міндеттерді орындамау, қоғам мен мектеп, сол сияқты мектептегі талаптарды 
тыңдамау салдарынан туындайтын іс-әрекеттерді «девиант» деп атайды. 
Жалпы баланың қиын тәрбиеленуі, қоғамда қалыптасқан нормалар мен 
ережелерді сақтамауын ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, 
ауытқу деген мағынаны береді) деп атайды. Соған орай көптеген әдебиеттерде 
«қиын бала» түсінігінің орнына «девианттық» ұғымының қолданылуы жиі 
кездеседі. Жалпы «қиын мінез-құлық», «девианттық мінез-құлық», «ауытқыған 
мінез-құлық» түсініктері синонимдер болып табылады.


166
Белгілі ғалым И.А.Невский: «Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық 
дегеніміз – қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік 
мінез-құлық» – деп қарастырады.
Девианттық мінез-құлықты балаларға
тәртіпсіздік, әлеуметтік тәрбиеге 
қарсы, заңға қарама-қайшы, теріс іс-әрекеттерді бойына сіңірген балаларды 
жатқызуға болады. Олар өмірдің ащысын көп көрген, отбасы жылуы 
болмауынан ұшырасады. Бұл балалардың дамуында кідіріс болады, тіпті 
физикалық және психикалық аурулар симптомының пайда болуына әкеліп 
соқтырады. Соның салдары денсаулықтың төмендеуіне себеп болады, 
сондықтан да оларды тек ұстаздар емес, дәрігерлер де бақылауы керек. 
Сонымен қатар, қиын да девианттық мінез-құлықты балаларды сөз етсек, 
олардың ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: 

заңды күші жоқ жағдайларға байланысты ата-анасыз қалған балалар; 

бейәлеуметтік жағдайы нашар отбасыларда тәрбиеленген балалар; 

әлеуметтік-психологиялық көмек пен қолдауды қажет ететін балалар.
Девианттық мінез-құлық ерекшеліктеріне қарай, ондай бала бір жағынан 
өмірлік қиын жағдайды немесе әлеуметтік қауіпті жағдайды өзгертуге, екінші 
жағынан оның әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық мәселелері мен 
қиындықтарын шешуге бағытталған көмекті қажет етеді (52-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет