Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Балаларда қиыншылықтар тудыратын көріністердің психологиялық-



Pdf көрінісі
бет185/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Балаларда қиыншылықтар тудыратын көріністердің психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктері 
Балаларда қиыншылықтар тудыратын көріністерді шешудің негізгі жолы – 
отбасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату. 
В.Г.Баженов, К.А.Жүкенова, А.М.Карабаева, И.Ф.Назаров, В.А.Парфенов, 
В.А.Трифонов, В.П.Шевченко, Л.В.Лысенко, Л.К.Керимов секілді бірқатар 
педагог-зерттеушілер өз еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты 
жағымсыз 
қасиеттерінің 
қалыптасуына, 
әлеуметтік-педагогикалық 
факторлардың әсер ететіндігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, бастауыш 
сыныптағы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлықтарын, спорттық, өзіндік 
және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, 
отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы іс-әрекеттерге балаларды
қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті. 
Ғалым Л.Керімов өзінің қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған 
еңбектерінде 
қиын 
баланы 
зерттеуді, 
ең 
алдымен, 
отбасындағы
тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Ол баланың жетіліп 
қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, балаға «қиын» 
атануға алып келетін ата-аналардың және мұғалімнің балалармен
қарым-қатынасындағы кемшіліктер екенін айқындады. 
Қиын балалардың пайда болуына әсер ететін факторлар: 
1.
Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы
ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін 
ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы және т.б. жағдайлар себеп болады.
2.
Қоғамдық ұйымдар және жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың, 
әсіресе, балалар тұратын мөлтек аудандарда күрт төмендеуі. Қиын балалардың 
пайда болуына бірден-бір себеп болатын және жағымсыз жағдай туғызатындар: 
баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап 
ішу; дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу.


168
3.
Жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан 
дүниесіне көңіл аудармау. Мысалы, жүргізілген зерттеулердің қорытындысы 
көрсеткендей, тәртібі нашарлаған балалардың көбінесе ата-аналары моральға 
жат қылықтар мен теріс әсерлер жасаған.
Баланы дұрыс қалыптастырып, тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз 
байланыста болуы керек.
Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін төмендегідей 5 топқа 
бөледі:

ұрпақ жалғастырушылық; 

экономикалық; 

тәрбиелік; 

қарым-қатынастық;

бос уақытта балалар демалысын ұйымдастыру. 
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді біріге отырып, жақсы 
ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психологиялық
әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
 
Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары: 
1)
Әрбір 
қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының
бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиеттерін 
іріктеп алу. 
2)
Әрбір баланың адамгершілік сапаларын, айналасындағы өмірге 
көзқарасты, 
ұжымдық 
қарым-қатынас 
дағдыларын 
қалыптастыруды 
ұйымдастыру. 
3)
Әрбір 
баланың 
ерекшеліктері 
мен 
мүмкіндіктеріне 
және 
шығармашылық талап-тілектеріне орай қабілеті мен икемділіктерін дамыту, 
қоғамдық жұмыстарға қатыстыру. 
4)
Кейбір қиын балалардың оқу-тәрбие процесінде, ұжымдық өмір
қарым-қатынастарында ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, 
одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. 
Мектепте жүйке жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын 
жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір баланың өзіндік 
ерекшеліктерімен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешеліктері бар.
Қиын балаларды тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері 53-суретте берілді.
Кейбір жағдайларда ата-аналардың баланы тәрбиелеудегі төмен білім 
деңгейіне балаларда қиыншылықтар тудыратын көріністердің белең алуы, 
баланың қараусыз қалуы, отбасы ішіндегі дау-дамай, маскүнемдік сияқты 
жағымсыз әлеуметтік факторлар жатады. Мұндай отбасындағы балаларда 
мінез-құлықтың қарапайым дағдылары, танымдық мотивтері қалыптаспаған 
және өз жұмысын дербес ұйымдастыру дағдысы болмайды.
Кезінде К.Д.Ушинский: «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны
жан-жақты зерттеу қажет» – деп атап көрсеткендей, психологияны білудің 
маңызы нақты көрінуде. 
Психологияның қажеттілігі педагогикадағы тәрбие мәселесіне келгенде 
ерекше байқалады. Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты даму жолындағы 


169
қоғам талаптарына сай жеке тұлғаны қалыптастыру екендігін айрықша 
айқындайды. Ал, бұл мақсатқа жету үшін жеке тұлғаның қалыптасу 
заңдылықтарын, бағыт-бағдарын, қабілетін, қажеттілігін, эмоционалдық ерік-
жігерін, дүниетанымын зерттеу қажет. Ол үшін психологтар психологиялық 
зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Психологиялық зерттеу барысында бала 
дамуының әлеуметтік жағдайын, тәрбиелеу жағдайлары мен түрін, отбасы 
ішіндегі қатынастардың сипатын толық айқындауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет