170
Сурет-54. Жеткіншектер тәртібінің төмендеуіне әсер ететін факторлар
Отбасындағы
жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік,
келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әртүрлі жолдарға итермелейді.
Ендеше осы үштік элемент отбасы-мектеп-достары барлық жеткіншектердің
нағыз табиғи ортасы болады. Демек, баланың
мінез-құлқының қалыптасуына
отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы,
жан-жақты
болуы отбасына байланысты.
И.А.Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі
жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндіреді.
Яғни,
ата-ана тарапынан, ұстаздан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген
бала өмірде өзінің ешкімге
қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті,
қатыгез болып өседі. Қиын баланың пайда
болу себептерін анықтасақ,
біріншіден,
отбасындағы тәрбиеге ал
екіншіден,
мектептегі оқу-тәрбие
мәселесіне жіті көңіл бөлу қажет. Өйткені, көптеген
психолог ғалымдардың
зерттеулеріне жүгінетін болсақ, балалардың мінез-құлқындағы қиындықтардың
пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің төмендегідей
салдарынан болатындығын анықтады:
отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы;
ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы;
қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық.
Достарыңызбен бөлісу: